"Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі Ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына, "Мәслихаттың үлгі регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 704 Жарлығымен бекітілген Мәслихаттың үлгі регламентінің 65 тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қоса берілген "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихаты сессиясының төрағасы |
А. Қошанов |
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының хатшысы |
Р. Нұрмұқанова |
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 49/4 шешімімен бекітілген |
"Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесі
1. Жалпы ережелер
1. "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының, оның органдары мен депутаттарының қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік орган болып табылады.2. "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінде ведомстволар жоқ.
3. "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі, ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі және мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланктері, сондай – ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
5. "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Мамлют ауданының мәслихат хатшысының өкімдерімен рәсімделген шешімдер қабылдайды.
8. "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 150900, Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Мамлют ауданы, Мамлютка қаласы, А. Құнанбаев көшесі, № 5.
10. Мемлекеттік органның толық атауы: "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.
13. "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының, оның органдары мен депутаттарының қызметiн қамтамасыз ету.15. Міндеттері:
мәслихат пен оның органдарының ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етеді, депутаттарға өздерiнiң өкiлеттiгiн жүзеге асыруға көмек көрсетедi.
16. Функциялары:
1) мәслихаттың мемлекеттік органдармен, лауазымды тұлғалармен және өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен қарым-қатынасты ұйымдастыру;
2) мәслихаттың жұмыс жоспары негізінде жұмысты ұйымдастыру;
3) мәслихатпен өткізілетін сессия отырыстарына, тұрақты комиссия отырыстарына және өзге де іс-шараларына дайындық;
4) мәслихат және тұрақты комиссиялар қызметін ұйымдастыру-құжаттамалық қамтамасыз ету;
5) мәслихат депутаттарының азаматтарды қабылдауларын ұйымдастыру; азаматтардың үндеулерін тіркеу және есепке алу, дер кезінде қарастырылуына бақылау жасау;
6) депутаттардың жазбаша сұрауларын дайындау, депутаттық сұраулардың уақытында қарастырылуын есепке алу және бақылау;
7) мәслихаттың қарауына енгізілетін шешім және нормативтік құқықтық актілер мен шешім жобаларының Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкестігіне бақылау жасау;
8) шешім жобаларын келісу мен рәсімдеу;
9) мәслихат хатшысы мен сессия төрағасына сессияның хаттамаларын, тұрақты және уақытша комиссиясы отырыстарын және өзге де ақпараттық-анықтамалық материалдарды дайындау;
10) бұқаралық ақпарат құралдарында мәслихат қызметі туралы басылымдардың, аудандық мәслихат қабылдаған нормативтік құқықтық актілердің жариялануын ұйымдастыру;
11) Қазақстан Республикасымен қарастырылған өзге де қызметтерін жүзеге асыру.
17. Құқықтары мен міндеттері:
1) депутаттарға өз өкілеттігін жүзеге асыруда консультативтік-әдістемелік, ақпараттық көмек көрсету;
2) ақпараттық ресурстарды пайдалану;
3) аудандық мәслихаттың жұмысын жүргізуге жататын сұрақтар бойынша қызметтік хат алмасулар жүргізу;
4) өз құзіреті шегінде лауазымдық міндеттерін атқаруға қажетті мәліметтер мен құжаттамаларды сұрау және алу;
5) лауазымдық міндеттерді атқару үшін мемлекеттік органдар мен мекемелерге бару;
6) тұрақты және уақытша комиссиялардың жұмысына қатысу;
7) аудандық мәслихат құзыретіне жататын мәселелерді қарастыруға мемлекеттік органдардың және өзге де мекемелердің қызметкерлерін қатыстыру,сәйкесінше сұрақтарды шешу үшін уақытша жұмыс топтарын құру;
8) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдылықтарын сақтау;
9) iшкi және сыртқы саясаттың негiзгi бағыттарына сәйкес келмейтiн шешiмдердiң қабылдануына жол бермеу;
10) ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасының мүдделерiн сақтау;
11) қызметтiң қоғамдық маңызы бар салаларында белгiленген жалпы мемлекеттiк стандарттарды ұстану;
12) азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi;
13) заңмен белгіленген тәртіпте нормативтік құқықтық актілерді әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге ұсыну;
14) белгіленген тәртіпте бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға нормативтік құқықтық актілерді жолдау;
15) мүдделі тұлғаларға аудандық мәслихат қабылдаған нормативтік құқықтық актілерімен танысуға рұқсат беру;
16) мәслихат шешімдерін атқарушы органдарға таратуды жүзеге асырады;
17) материалдық құндылықтар мен мүлікті, құжаттамалардың сақталуын қамтамасыз етеді.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
18. "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесіне басшылықты Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының мәслихат хатшысы жүзеге асырады, ол "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.19. Мәслихат хатшысы мәслихат сессиясында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалады және босатылады.
20. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының мәслихат хатшысының орынбасарлары болмайды.
Мәслихаттың хатшысы болмаған кезде оның өкiлеттiгiн мәслихат сессиясы төрағасының шешiмi бойынша мәслихаттың тұрақты комиссияларының бiрiнiң төрағасы немесе мәслихат депутаты уақытша жүзеге асырады.
21. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихат хатшысының өкілеттігі:
1) мәслихат сессиясын және оның қарауына енгiзiлетiн мәселелердi әзiрлеудi ұйымдастырады, хаттама жасалуын қамтамасыз етедi және сессия төрағасымен бiрге мәслихат сессиясында қабылданған немесе бекiтiлген шешiмдерге, өзге де құжаттарға қол қояды;
2) мәслихат депутаттарының өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыруына жәрдемдеседi, оларды қажеттi ақпаратпен қамтамасыз етедi, депутаттарды мәслихат сессияларына, оның тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының жұмысына және сайлау округтерiндегi жұмысқа қатысуы үшiн қызметтiк мiндеттерiн орындаудан босатуға байланысты мәселелердi қарайды;
3) депутаттар сауалдарының және депутаттық өтiнiштердiң қаралуын бақылайды;
4) мәслихат аппаратының қызметiне басшылық жасайды, оның қызметшiлерiн қызметке тағайындайды және қызметтерінен босатады;
5) сайлаушылар өтiнiштерi туралы және олар бойынша қабылданған шаралар туралы мәслихатқа ұдайы ақпарат берiп отырады;
6) мәслихаттың өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара қарым-қатынасын ұйымдастырады;
7) әкімге сенімсіздік білдіру туралы мәселеге бастамашылық еткен мәслихат депуттарының жиналған қолдарының түпнұсқалығын тексеруді ұйымдастырады;
8) өз құзыретiндегi мәселелер бойынша өкiмдер шығарады;
9) мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының және депутаттық топтардың қызметiн үйлестiредi;
10) мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен және қоғамдық бiрлестiктермен қарым-қатынастарда мәслихат атынан өкiл болады;
11) мәслихат шешiмдерiнiң жариялануын қамтамасыз етедi, олардың орындалуына бақылау жасау жөнiндегi iс-шараларды белгiлейдi;
12) "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдарға бағытталған шаралар қабылдайды;
13) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де мiндеттердi орындайды.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
22. "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.23. "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
25. "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.26. Аудандық мәслихаттың өкiлеттiк мерзiмi аяқталғанда, мәслихат өкiлеттiгi мерзiмiнен бұрын тоқтатылған және оның депутаттарының жаңа құрамы сайланған жағдайларда, Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі мемлекеттiк қызметшiлерiнiң қызметi тоқтатылмайды.