"Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 145 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 23 сәуірде N 3226 болып тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 10 сәуірдегі № 103 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 10.04.2017 № 103 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 124 бабына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы қоса берілген ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі С. Салтықов

  Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 145 қаулысымен бекітілген

"Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі аудан аумағында экономикалық саясатты, аудандық бюджетті жоспарлау және атқару, мемлекеттік аудандық коммуналдық меншікті басқару саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру аясында мемлекттік басқару функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомствосы жоқ.
      3. "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртабандары, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген үлгідегі бланкілері, қазынашылық органдарында шоттары бар.
      5. "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз атынан азаматтық-құқықтық қатынас жасайды.
      6. "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекеменің егер заңнамаға сәйкес осыған өкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың бір тарабы ретінде болуға құқығы бар.
      7. "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңмен белгіленген тәртіпте "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекеме басшысының бұйрығымен және Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекеменің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 151000, Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша ауданы, Тайынша қаласы, Пролетар көшесі, 210.
      10. Мемлекеттік органның мемлекеттік тілдегі толық атауы – "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
      орыс тілінде: государственное учреждение "Отдел экономики и финансов Тайыншинского района Северо-Казахстанской области".
      11. Осы Ереже "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшы құжаты болып табылады.
      12. "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекеменің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерінен жүзеге асырылады.
      13. "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемеге кәсіпкерлік субъектілерімен "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекеменің функциялары болып табылатын міндеттерді орындауға қатысты шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары және міндеттері

      14. "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: аудандық бюджетті жоспарлау және орындау, аудандық коммуналдық меншікті басқару қызметін жүзеге асыру.
      15. Міндеттері:
      1) Аудандық бюджетті уақытылы және сапалы жоспарлау және орындау;
      2) Аудан аумағында әлеуметтік-экономикалық саясатты жүзеге асыру;
      3) Бюджеттік қаражаттарды тиімді пайдалануды қамтамасыз ету;
      4) Нақты қаржылық есеп құрастыру;
      5) Ауданның коммуналдық меншігін тиімді басқару;
      16. Функциялары:
      1) Аудан аумағында мемлекеттің экономикалық және бюджеттік қызметін жүргізу және жүзеге асыру;
      2) Аудандық бюджетті жоспарлау және атқару барысында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және коммуналдық меншікті басқару;
      3) Аудандық бюджетті жоспарлау және атқару, бюджеттік есептің аумағында салалық үйлестіру және әдістемелік басқару;
      4) Ауданды дамыту жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларды әзірлеу, ауданның әлеуметтік-экономикалық даму мониторингін жүргізу;
      5) Жергілікті атқарушы органдардың стратегиялық және орта мерзімді жоспарларды іске асыруына мониторингті жүзеге асыру;
      6) Ауданның стратегилық инвестициялық басымдықтарын анықтау;
      7) Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының жоспарларын әзірлеуді әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
      8) Бюджеттік қаражаттар есебінен жүзеге асатын аудан аумағындағы инвестициялық саясатты реттеу;
      9) Мемлекеттік бюджетке түсетін кіріс саласында мемлекеттік саясатының мақсаттары мен басымдылықтарын айқындауға, бюджет кірісін болжамдауға қатысу;
      10) Өз құзыретінің шегінде аудан әкімі мен әкімдігінің нормативтік және нормативтік-құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеу және дайындау (қабылдау);
      11) Өзінің құзыретінің шегінде мемлекеттік салалық (секторлық) бағдарламалардың іске асыруын қамтамасыз ету;
      12) Мемлекеттк қызмет туралы заңнамалар қағидаларына сәйкес кадрлардың іріктеуін және орналастыруын іске асыру;
      13) Аудан бюджетінің орындалуын іске асыру;
      14) Аудан бюджетінің жиынтық қаржыландыру жоспарына өзгертулер мен толықтырулар енгізу, қаржыландырудың жиынтық жоспарын Қазынашылық органдарына ұсыну;
      15) Бюджеттік жоспарлау жөніндегі аудандық уәкілетті органға ұсыну үшін аудандық бюджетті нақтылау бойынша ұсыныстарды бағалау;
      16) Аудандық бюджеттің атқарылуы барысында жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалау;
      17) Аудандық бюджеттің атқарылуы туралы есепті ұсыну;
      18) Бюджеттік есеп жүргізуді қамтамасыз ету;
      19) Бюджеттік жүйеде бюджеттік және бухгалтерлік есеп жүргізу және есеп беруді дамыту;
      20) Аудандық бюджетті қаржыландыру және кірістің жиынтық жоспарларына өзгертулер енгізу және бекіту жұмыстарын ұйымдастыру;
      21) Жылдық сомалардың айларға бөлінуін, қаржы жоспарларын, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржыландыру жоспарына енгізетін өзгертулердің негіздемесін талдау және бағалау, қаржылық жоспарлардың орындалмауының себептерін айқындау, бюджеттік бағдарламалардың орындалуы туралы есептер құрастыру арқылы бюджеттік қаражатты игеру мониторингін іске асыру;
      22) Бюджеттік қаржының игерілуі туралы мониторингті іске асыру;
      23) Мемлекеттік мекемелердің тіркелмеген, іске асырылмаған және төленбеген міндеттемелерін сараптау;
      24) Мемлекеттік мекемелердің міндеттемелерін уақытылы орындауы бойынша шешімдер қабылдау және ұсыныстар енгізу;
      25) Жергілікті бюджет бойынша қолма-қол қаражатқа сараптау және болжамдау;
      26) Мемлекеттік сатып алу үрдісін үйлестіру;
      27) Заңнама актілеріне сәйкес коммуналдық меншікті басқару оны қорғау бойынша шаралар қолдану, мемлекеттік мүлікті нәтижелі және тиімді пайдалану бойынша жұмыстар жүргізу;
      28) Мемлекеттік ұйымдардың акивтерін теңгерімнен теңгерімге беру, теңгерімнен негізгі қаржыны шығынға жазу жұмысын жүргізу, мемлекеттік мүлік объектілеріне меншік құқығын растау;
      29) Объектілерді сатуға дайындау, сату жұмыстарын жүргізу, жеке және заңды тұлғалармен келісім-шарттар жасау, жеке және заңды тұлғалармен келісім-шарттарды ресімдеу, коммуналдық меншікті жалдау және мүліктік жалға беру шарттарын ресімдеу, жалдау құнын есептеу;
      30) Мемлекеттік үлесі бар мемлекеттік мекемелердің, мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдардың және серіктестік шаруашылығының тізілімін жүргізу және осы ұйымдардың мүлкіне түгендеу жүргізу;
      31) Қазақстан Республиасының Азаматтық кодексіне, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының аумағындағы аудандық коммуналдық меншікті иемдену, пайдалану және иелік ету бойынша өкілеттікті жүзеге асыру, оны қорғау бойынша шараларды жүзеге асыру;
      32) Мемлекеттік аудандық коммуналдық мүліктің нысаналы және тиімді пайдалануын және сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
      33) Аудандық коммуналдық мүлікті есепке алуды ұйымдастыру, оның тиімді пайдалануын қамтамасыз ету;
      34) Аудандық коммуналдық меншікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне, жеке меншіктен ауданның коммуналдық меншігіне қабылдау-тапсыруды ресімдеу кезінде бөлімге ауданның коммуналдық меншік құқығының (жедел басқару және жерді тұрақты пайдалану құқығы) туындауын, тоқтатылуын, ауысуын мемлекеттік тіркеу бойынша жұмысты ұйымдастыру;
      35) Мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне қабылдау-тапсыру бойынша жұмысты ұйымдастыру;
      36) Мүлікті жеке меншіктен ауданның коммуналдық меншігіне қабылдау бойынша жұмысты ұйымдастыру;
      37) Облыстық коммуналдық меншікті ауданның, аудандық маңызы бар қаланың коммуналдық меншік деңгейіне беру бойынша жұмысты ұйымдастыру;
      38) Ауданның, аудандық маңызы бар қаланың коммуналдық мүлкін аудандық коммуналдық мүлік деңгейіне бекіту бойынша жұмысты ұйымдастыру;
      39) Аудандық коммуналдық заңды тұлғаларға аудандық коммуналдық меншікті бекіту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
      40) Коммуналдық мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітілген негізгі құралдарды шығынға жазуын келісу;
      41) Аудандық коммуналдық мүліктің құрамындағы ғимараттар, үймереттер және басқа да жылжымайтын мүліктер туралы "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Респбликасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңында көзделген жағдайларда және тәртіпте құжаттар дайындау;
      42) Мүлікті қабылдау-тапсыру актілерін бекіту;
      43) Акциялар пакеті (қатысу үлесі) мемлекетке тиесілі мемлекеттік мекемелердің, мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдар және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің тізілімін жүргізу;
      44) Аудандық коммуналдық меншікке жататын коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің қаржы-шаруашылық қызметіне тоқсан сайынғы мониторингті жүзеге асыру;
      45) Акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакетін, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің мемлекеттік үлесін басқару, аудан әкімдігінің мүддесін олардың басқару органдарында ұсыну;
      46) Аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіруді жүзеге асыру, аудандық комуналдық мүлікті сатушы қызметін жүзеге асыру, аудандық коммуналдық меншіктің жекешелендіруге жататын объектілер тізбесін дайындау, жекешелендіруге жататын аудандық коммуналдық мүлікті бағалауды ұйымдастыру, жекешелендіру объектілерін жеке саудалар бойынша бөлу, сауданың өткізілетін мерзімдерін белгілеу, әр жекешелендіру объектісі бойынша сауда шарттарын, нысандарын және түрлерін анықтау, жекешелендіру объектілерінің бастапқы, бастама және ең төменгі бағасын анықтау және бекіту, кепілдік жарна енгізудің мөлшері мен тәртібін анықтау, кепілдік жарнаны қабылдау және қайтару, сатып алушының талабы бойынша жекешелендіру объектілерінің ауыртпалықтары, кредиторлық және дебиторлық берешегі туралы, егер жекешелендіру объектісі мүліктік кешен ретіндегі кәсіпорын болған жағдайда жекешелендірілетін кәсіпорынның жасалған келісімшарттар мен шарттары туралы ақпаратты дайындау және ұсыну, ақпараттық хабарландыруларды жариялау және басқа да жарнамалық қызметті жүзеге асыру, саудаға қатысушылардың тіркеуін жүзеге асыру;
      47) "Мемлекеттік сатып алулар туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңына сәйкес аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіру бойынша сауда жүргізу туралы, аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалға (жалдауға) беру туралы, шағын кәсіпкерлік субъектілер меншігіне кейін өтеусіз беру құқығымен сенімгерлікпен басқаруға беру туралы, облыстық коммуналдық мүлікті мүліктік жалға (жалдауға), кейін сатып алу құқығымен және құқығынсыз сенімгерлікпен басқаруға беру туралы, аудандық коммуналдық мүлікті концессияға беру жөнінде конкурс өткізу туралы хабарландыруларды жариялау үшін мерзімді баспа басылымдарын анықтау жөнінде конкурс ұйымдастыру және өткізу;
      48) "Мемлекеттік сатып алулар туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңына сәйкес "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңымен белгіленген жағдайларда аудандық коммуналдық мүлікті бағалау жөніндегі конкурсты ұйымдастыру және өткізу;
      49) "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңымен белгіленген жағдайларда аудандық коммуналдық мүліктің бағалауын жүргізу жөніндегі конкурс жеңімпаздарымен шарт жасау;
      50) Аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалға немесе тендер жағдайларында сенімгерлікпен басқаруға ведомствоаралық комиссияны құру;
      51) Аудандық коммуналдық мүлікті сауда өткізу (аукцион, тендер, бағалы қағаздарды сату), тура атаулы сату жолымен сатуды ұйымдастыру;
      52) Аудандық коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқаруға, мүліктік жалға (жалдауға), өтеусіз пайдалануға (несиеге) беру;
      53) Аудандық коммуналдық мүлікті кейін шағын кәсіпкерлік субъектілер меншігіне өтеусіз беру құқығымен сенімгерлікпен басқаруға немесе мүліктік жалға (жалдауға) беру;
      54) Аудандық коммуналдық мүлікті тендер жағдайларында кейін сатып алу құқығымен сенімгерлікпен басқаруға немесе мүліктік жалға (жалдауға) беру;
      55) Аудандық коммуналдық мүлікті сатып алу-сату шартын, аудандық коммуналдық мүлікті кейін шағын кәсіпкерлік субъектілер меншігіне өтеусіз беру құқығымен сенімгерлікпен басқаруға немесе мүліктік жалға (жалдауға) беру шартын, аудандық коммуналдық мүлікті кейін сатып алу құқығымен сенімгерлікпен басқаруға немесе мүліктік жалға (жалдауға) беру шартын, аудандық коммуналдық мүлікті кейін меншігіне беру немесе сатып алу құқығынсыз сенімгерлікпен басқаруға немесе мүліктік жалға (жалдауға) беру шартын жасау, аудандық коммуналдық мүлікті өтеусіз пайдалану (несие) шартын, аудандық коммуналдық мүлікке жататын концессия объектілері бойынша концессия шартын жасау;
      56) Аудандық коммуналдық мүлікті сатып алу-сату, мүліктік жалға (жалдауға) беру, сенімгерлікпен басқаруға беру, өтеусіз пайдалану (несие), концессия шарттары жағдайларының орындалуын жүзеге асыру;
      57) Аудандық коммуналдық мүлікті сатудан, аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалға (жалдауға), сенімгерлікпен басқаруға беруден түскен ақшалай қаражаттың аудан бюджетінің кірісіне толықтай және уақытылы түсуін жүзеге асыру, берешекті өтеп алу бойынша шаралар қабылдау;
      58) Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау бойынша мемлекеттік қызмет көрсету.
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1) Экономика және қаржы мәселелері бойынша шешімдер қабылдау, бұйрықтар шығару;
      2) Экономика және қаржы саласындағы нормаларды, ережелер мен әдістемелік құжаттар мәселелері бойынша түсініктеме беру;
      3) Өз функцияларын орындау үшін заңмен белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдардан, мекемелерден, ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан экономикалық және әлеуметтік дамудың негізгі көрсеткіштерін және басқа ақпараттарды сұрау және алу;
      4) Мүліктік және мүліктік емес құқықтар мен міндеттерге ие болу және жүзеге асыру, сотта талапкер және жауапкер болу;
      5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес заңды және жеке тұлғалармен басқа да заңды актілер жасау;
      6) Заңнамалық актілер және аудан әкімдігі қаулысымен белгіленген коммуналдық меншіктегі мемлекеттік үлесі бар акционерлік қоғамдардың басқа да мүлкін пайдалану;
      7) Мекеменің қарауындағы мемлекеттік коммуналдық органдардың басқаруын іске асыру;
      8) Бюджеттік заңнамамен қарастырылған жағдайларға сәйкес бюджеттік қаржыны қайтарып алу және қаржыландыруды тоқтату;
      9) Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкес аудан бюджетінің атқарылуы туралы талаптарын бұзудың себебіне және бекітілген жергілікті бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) экономикалық нәтижелігіне баға беру.

3. "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

      18. "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшылығын "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын, бірінші басшы жүзеге асырады.
      19. "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекеменің бірінші басшысының орынбасары жоқ.
      21. "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттілігі:
      1) "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекеменің жұмысын ұйымдастырып, басшылық етеді және "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемеге жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуына дербес жауапты болады;
      2) ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы заңнамасының сақталуын қамтамасыз етеді;
      3) "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекеме қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының сақталуына дербес жауапты болады;
      4) "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекеменің атынан сенімхатсыз қызмет атқарады, "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекеменің атынан аппараттың басқа қызметкерлеріне "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекеменің мүддесінде қандайда бір іс-әрекет жасауға өкілеттік береді;
      5) "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемедегі ішкі еңбек тәртібін белгілейді;
      6) нормативтік құқықтық актілердің жобаларын және басқа құжаттарды келіседі, аудан әкімдігіне және әкіміне ұсынады;       
      7) қолданыстағы заңнамаға сәйкес "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекеме қызметкерлерін мадақтайды және оларға тәртіптік жаза белгілейді;
      8) "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекеменің шығындар жоспарын бекітеді, бюджетпен қарастырылған қаражатын басқарады;
      9) аудан әкіміне "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекеменің жұмысын келешекке жоспарлау және ағымдағы ұйымдастыру бойынша ұсыныстар енгізеді;
      10) өз құзыретінің шегінде бұйрықтарды шығарады, олардың орындалуына бақылауды ұйымдастырады;
      11) мемлекеттік қызыметшілердің оқуын, даярлығын, қайта даярлығын және біліктілігін арттыруын қамтамасыз етеді.
      12) "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекеменің мүддесін басқа мемлекеттік органдарда, басқа ұйымдарда ұсынады;
      13) оған аудан әкімімен жүктелген басқа да функцияларды іске асырады.
      "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы болмаған кезінде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      22. "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы басқарады.

4. "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      23. "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекеменің заңнамада қарастырылған жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасы заңнамасында тыйым салынбаған көздер есебінен қалыптастырылады.
      24. "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемеге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      25. Егер заңнамада басқалар қарастырылмаса, "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған басқа тәсілмен билік етуге құқылы емес.

5. Заңды тұлға және уәкілетті органның арасындағы қарым қатынасы

      26. "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы және басқару жөніндегі уәкілетті органы Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әкімдігі болып табылады.
      27. Құрылтайшының орналасу орны: индексі 151000, Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша ауданы, Тайынша қаласы, Пролетар көшесі, 210 үй.
      28. Құрылтайшы Ережені бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді, "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешім қабылдайды.
      29. Мемлекеттік мүлік бойынша атқарушы органмен және заңды тұлға, заңды тұлға және сәйкес саланың атқарушы органы, заңды тұлғаның әкімшілігі және оның еңбек ұжымы арасындағы қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі.

6. "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі

      30. Мемлекеттік органның жұмыс тәртібі Бөлімнің жұмыс регламентімен белгіленеді және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының талаптарына қарсы болмауы тиіс.

7. "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қайта құру және тарату

      31. "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемені қайта құру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады