"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабы 1 тармағының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік аумақтық құрылымы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 12 бабы 5-1) тармақшасына сәйкес Тайынша қаласы тұрғындарының пікірін есепке алып, Солтүстік Қазақстан облыстық ономастикалық комиссияның 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 4-3 қорытындысының негізінде Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Тайынша ауданы Тайынша қаласының келесі құрамдас бөліктері:
Ленина көшесі Қазақстан Конституциясы көшесіне;
50 лет ВЛКСМ көшесі Мағжан Жұмабаев көшесіне;
"Октябрьская" алаңы "Достық" алаңына қайта аталсын.
2. Қалалық саябаққа "Жеңіс" атауы берілсін.
3. Осы бірлескен қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Тайынша ауданының әкімі |
С. Салтықов |
Солтүстік Қазақстан облысы |
Қ. Шәріпов |
Солтүстік Қазақстан облысы |
Ж. Ғабдуллин |