"Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2014 жылғы 17 қаңтардағы № 158 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық мәслихатының 2015 жылғы 21 мамырдағы N 278 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 29 мамырда N 3260 болып тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2017 жылғы 04 сәуірдегі № 70 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 04.04.2017 № 70 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2014 жылғы 17 қаңтардағы № 158 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 12 ақпандағы № 2551 болып тіркелген, 2014 жылғы 21 ақпан "Тайынша таңы" аудандық газетінде, 2014 жылғы 21 ақпан "Тайыншинские вести" аудандық газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:
      көрсетілген Қағидалардың 6-тармағының үшінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
      "Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген тиісті санат бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алушыларға жылына бір рет көрсетіледі".
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап пайда болған құқықтық қатынастарға таратылады.
      Солтүстік Қазақстан облысы
Тайынша ауданы
мәслихатының ХХХVІІІ-ші
сессиясының төрағасы
Ж. Ғабдуллин
      Солтүстік Қазақстан облысы
Тайынша ауданы
мәслихатының хатшысы
Қ. Шәріпов
      "КЕЛІСІЛГЕН"
Солтүстік Қазақстан облысының
әкімі
2015 жылғы 21 мамыр
Е. Сұлтанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады