"Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2014 жылғы 17 қаңтардағы № 158 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық мәслихатының 2015 жылғы 14 тамыздағы N 310 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 17 қыркүйекте N 3382 болып тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2017 жылғы 04 сәуірдегі № 70 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 04.04.2017 № 70 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2014 жылғы 17 қаңтардағы № 158 шешіміне (2014 жылғы 21 ақпанда "Тайынша таңы" аудандық газетінде, 2014 жылғы 21 ақпанда "Тайыншинские вести" аудандық газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2551 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:
      көрсетілген Қағидалардың 19-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "19. Әлеуметтік көмек көрсетуге адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш жасаған айдың алдындағы үш айда алынған жиынтық табысты отбасы мүшелерінің санына бөлу арқылы және үш айға есептеп шығарылады.".
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Солтүстік Қазақстан облысы
Тайынша ауданы
мәслихатының кезекті
XLI-ші сессиясының төрағасы
Е. Алпысов
      Солтүстік Қазақстан облысы
Тайынша ауданы
мәслихатының хатшысы
Қ. Шәріпов
      "КЕЛІСІЛДІ"
Солтүстік Қазақстан облысының
әкімі
2015 жылғы 14 тамыз
Е. Сұлтанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады