Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының аумағында шығып қалған ауылдық округтері және Тайынша қаласы әкімдерінің орнына үміткерлерге таңдаушылармен кездесу өткізу үшін үй-жайды ұсыну және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 2 қарашадағы № 460 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 9 қарашада N 3447 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 4 тамыздағы № 277 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 04.08.2017 № 277 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 28 бабы 4, 6-тармақтарына, "Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерінің сайлауын өткізудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 555 Жарлығымен Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерін қызметке сайлау, өкілеттігін тоқтату және қызметтен босату Қағидаларының 29 тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 1 қосымшаға сәйкес, Тайынша аудандық сайлау комиссиясымен бірлесіп (келісім бойынша) Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының аумағында шығып қалған ауылдық округтері және Тайынша қаласы әкімдерінің орнына барлық үміткерлер үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін.
      2. 2 қосымшасының тізбесіне сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының аумағында шығып қалған ауылдық округтері және Тайынша қаласы әкімдерінің орнына барлық үміткерлерге таңдаушылармен кездесу өткізу үшін шарттық негізінде үй-жай ұсынылсын.
      3. "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының аумағында шығып қалған ауылдық округтері әкімдерінің орнына үміткерлерге таңдаушылармен кездесу өткізу үшін үй-жайды ұсыну және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы" Тайынша ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 64 қаулысының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің 2015 жылғы 11 наурыздағы № 3152 Мемлекеттік тізілімінде тіркелген, 2015 жылғы 13 наурыздағы "Тайынша таңы" және 2015 жылғы 13 наурыздағы "Тайыншинские вести" газеттерінде жарияланған).
      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2015 жылдың 1 қарашасынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.

      Солтүстік Қазақстан облысы
      Тайынша ауданының әкімі Е. Иманслям
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасы
      Солтүстік Қазақстан облысы
      Тайынша аудандық сайлау
      комиссиясының төрайымы Ю. Солунина
      2015 жылы 2 қараша

  Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 2 қарашадағы № 460 қаулысына 1 қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының аумағында шығып қалған ауылдық округтері және Тайынша қаласы әкімдерінің орнына барлық үміткерлер үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар


р/с

Елді мекен атауы

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындары

1.

Тайынша қаласы
 

"Достық" орталық аландағы ақпараттық стенд, Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы "Аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының алдындағы ақпараттық стенд


  Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 2 қарашадағы № 460 қаулысына 2 қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының аумағында шығып қалған ауылдық округтері және Тайынша қаласы әкімдерінің орнына барлық үміткерлерге таңдаушылармен кездесу өткізу үшін шарттық негізінде берілетін үй-жай


р/с

Елді мекен атауы

Таңдаушылармен кездесуі үшін үй-жай
 

1.

Тайынша қаласы
 

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы "Аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының мәдениет үйі


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады