Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының аумағында шығып қалған ауылдық округтері әкімдерінің орнына үміткерлерге таңдаушылармен кездесу өткізу үшін үй-жайды ұсыну және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 64 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 11 наурызда N 3152 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 2 қарашадағы N 460 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық әкімдігінің 2.11.2015 N 460 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 28 бабы 4, 6 тармақтарына, "Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерінің сайлауын өткізудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 555 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерін қызметке сайлау, өкілеттігін тоқтату және қызметтен босату Қағидаларының 29 тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 1 қосымшаға сәйкес, Тайынша аудандық сайлау комиссиясымен бірлесіп (келісім бойынша) Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының аумағында шығып қалған ауылдық округтері әкімдерінің орнына барлық үміткерлер үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін.
      2. 2 қосымшасының тізбесіне сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының аумағында шығып қалған ауылдық округтері әкімдерінің орнына барлық үміткерлерге таңдаушылармен кездесу өткізу үшін шарттық негізінде үй-жай ұсынылсын.
      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Солтүстік Қазақстан облысы
Тайынша ауданы әкімінің
міндет атқарушы
А. Құсайынов
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Солтүстік Қазақстан облысы
Тайынша аудандық сайлау
комиссиясының төрайымы
2015 жылы 27 ақпан
Ю. Солунина

  Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 64 қаулысына 1 қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының аумағында шығып қалған ауылдық округтері әкімдерінің орнына барлық үміткерлер үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар


р/с
Елді мекен атауы
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындары
1.
Тайынша қаласы
"Достық" орталық аландағы ақпараттық стенд, Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы "Аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының алдындағы ақпараттық стенд

  Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 64 қаулысына 2 қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының аумағында шығып қалған ауылдық округтері әкімдерінің орнына барлық үміткерлерге таңдаушылармен кездесу өткізу үшін шарттық негізінде берілетін үй-жай


р/с
Елді мекен атауы
Таңдаушылармен кездесуі үшін үй-жай
1.
Тайынша қаласы
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы "Аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының мәдениет үйі

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады