"Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 3 ақпандағы № 18 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 24 ақпанда N 3113 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 25 мамырдағы № 92 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің 25.05.2018 № 92 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 2-тармағына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Е. Базарханов

  Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 03 ақпандағы № 18 қаулысымен бекітілген

"Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі аудан аумағында ауыл шаруашылығын реттеу саласында басқаруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
      3. "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланклері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының ауыл шаруашылығы" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының әкімдігі "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы және уәкілетті органы болып табылады.
      "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: 151100, Солтүстік Қазақстан облысы, Тимирязев ауданы, Ш. Уәлиханов көшесі, 1.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы:
      мемлекеттік тілде: "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
      орыс тілінде: государственное учреждение "Отдел сельского хозяйства Тимирязевского района Северо Казахстанской области".
      11. Осы Ереже "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекетік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы агроөнеркәсіптік кешен салаларының экономикалық өсуіне және бәсекеге қабілеттілігінің сапалы жаңа деңгейге жетуге жәрдемдесу мақсатында агроөнеркәсіптік кешен, аграрлық ғылымды дамыту саласында мемлекеттің аграрлық саясатын іске асырудан тұрады.
      15. Міндеттері:
      агроөнеркәсіптік кешен салаларын тұрақты дамытуды қамтамасыз ету, олардың бәсекеге қабілеттілігінің өсуі;
      өсімдік шаруашылығы өнімінің көлемін және сапасын арттыруды қамтамасыз ету;
      мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды қамтамасыз ету;
      қайта өңдеу өндірісінің тұрақты дамуын және қолдау көрсетуін қамтамасыз ету;
      агроөнеркәсіпт кешенінің жеделдетілген ғылыми және технологиялық дамуын қамтамасыз ету.
      16. "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары:
      асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілерден асыл тұқымды мал туралы деректер жинауды жүзеге асырады;
      аудан аумағында асыл тұқымды малдың мемлекеттік тіркелімін жүргізу үшін деректер жинауды жүзеге асырады;
      асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілерден, асыл тұқымды малы бар жеке және заңды тұлғалардан бекітілген нысандар бойынша есептер қабылдайды;
      тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік бойынша бағалау туралы деректерді қабылдап, қорытады және оның нәтижелері туралы мүдделі адамдарды хабардар етеді;
      асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің асыл тұқымдық өнімді (материалды) жыл сайынғы өткізу көлемдеріне өтінімдер қабылдауды жүзеге асырады;
      асыл тұқымды мал зауыты, асыл тұқымды мал шаруашылығы, асыл тұқымды мал орталығы, дистрибьютерлік орталық, асыл тұқымды репродуктор және ірі қара мал тұқымдары бойынша республикалық палата беретін асыл тұқымдық куәліктерді есепке алуды жүргізеді;
      агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік техникалық инспекциясын жүзеге асыру;
      елді мекендерде ауыл шаруашылық жануарларын ұстау және бағу ережелерін әзірлеу және оларды облыс мәслихатына бекітуге енгізу;
      агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жедел ақпаратты жинауды жүргізу;
      "Агроөнеркәсіп кешеніндегі үздік кәсіп иесі" конкурсын өткізу;
      облыстық бюджеттен өсімдік шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау, гербицидтерді, минералды тыңайтқыштарды, тұқым шаруашылығын және мал шаруашылығын дамытуды субсидиялауға барлық бағдарламаларды іске асыру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру.
      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің 20.04.2015 N 87 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      мемлекеттік органдардан, мекемелерден, ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан қажетті ақпаратты белгіленген тәртіппен сұрату және алу;
      агроөнеркәсіп субъектілеріне ауыл шаруашылығы саласындағы қолданыстағы заңнамаға, мемлекеттік, салалық (секторлық), өңірлік бағдарламаларға және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік қолдау көрсету жөнінде ұсыныс әзірлеу;
      агроөнеркәсіп кешенінің субъектілеріне мемлекеттік аграрлық азық-түлік саясатының негізгі бағыттары мен тетіктерін түсіндіру бойынша жұмысты үйлестіру;
      Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған басқа да құқықтарды жүзеге асыру.

3. "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

      18. "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
      19. "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысын аудан әкімі қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және қызметінен босатады.
      20. "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
      21. "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:
      "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастырады және басшылық етеді және жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуына жауапкершілік тартады;
      аудан әкіміне бөлімнің штат кестесін бекітуге ұсынады;
      құзыреті шегінде аудан әкімдігіне және аудан әкіміне нормативтік құқықтық құжаттардың жобаларын және басқа құжаттарды қарауға ұсынады;
      "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және жұмыстан босатады;
      "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің орынбасар, сектор меңгерушілері және басқа қызметкерлерінің лауазымдық міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;
      "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жаза қолданады;
      "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бұйрықтарын шығарады, сондай-ақ "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне міндетті түрде орындау үшін тапсырма береді;
      "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесін мемлекеттік органдарда, басқа да ұйымдарда ұсынады;
      "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын сақталуын қамтамасыз етеді;
      Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінде ер азаматтардың және әйелдердің тең құқықтары мен мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы заңнаманың сақталуын қамтамасыз етеді;
      "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуына дербес жауапты болады;
      қолданыстағы заңнамаға сәйкес басқа да өкілеттікті жүзеге асырады.
      22. Басшы өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4. "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      23. "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінде заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауландырылған мүлкі болуы мүмкін.
      "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірісті қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      24. "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      25. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

      26. "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

6. "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі

      27. "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің регламентімен белгіленеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады