"Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 03 ақпандағы № 18 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 20 сәуірдегі № 87 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 14 мамырда N 3247 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 25 мамырдағы № 92 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің 25.05.2018 № 92 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 03 ақпандағы № 18 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3113 болып тіркелген, аудандық "Көтерілген тың" газетінде 2015 жылғы 28 ақпанда, аудандық "Нива" газетінде 2015 жылғы 28 ақпанда жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереженің 16-тармағы келесі редакцияда баяндалсын:
      "16. "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары:
      асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілерден асыл тұқымды мал туралы деректер жинауды жүзеге асырады;
      аудан аумағында асыл тұқымды малдың мемлекеттік тіркелімін жүргізу үшін деректер жинауды жүзеге асырады;
      асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілерден, асыл тұқымды малы бар жеке және заңды тұлғалардан бекітілген нысандар бойынша есептер қабылдайды;
      тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік бойынша бағалау туралы деректерді қабылдап, қорытады және оның нәтижелері туралы мүдделі адамдарды хабардар етеді;
      асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің асыл тұқымдық өнімді (материалды) жыл сайынғы өткізу көлемдеріне өтінімдер қабылдауды жүзеге асырады;
      асыл тұқымды мал зауыты, асыл тұқымды мал шаруашылығы, асыл тұқымды мал орталығы, дистрибьютерлік орталық, асыл тұқымды репродуктор және ірі қара мал тұқымдары бойынша республикалық палата беретін асыл тұқымдық куәліктерді есепке алуды жүргізеді;
      агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік техникалық инспекциясын жүзеге асыру;
      елді мекендерде ауыл шаруашылық жануарларын ұстау және бағу ережелерін әзірлеу және оларды облыс мәслихатына бекітуге енгізу;
      агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жедел ақпаратты жинауды жүргізу;
      "Агроөнеркәсіп кешеніндегі үздік кәсіп иесі" конкурсын өткізу;
      облыстық бюджеттен өсімдік шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау, гербицидтерді, минералды тыңайтқыштарды, тұқым шаруашылығын және мал шаруашылығын дамытуды субсидиялауға барлық бағдарламаларды іске асыру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру.".
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімінің орынбасары А.Т. Ысқақовқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Тимирязев ауданының әкімі Е. Базарханов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады