Тимирязев ауданының коммуналдық мүлігін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 12 наурыздағы № 51 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 20 наурызда N 3169 болып тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 3 шілдедегі N 154 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің 03.07.2015 N 154 қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағы 2) тармақшасына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 74-бабы 3-тармағына, "Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 88 қаулысымен бекiтiлген Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларының 50-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Тимирязев ауданының коммуналдық мүлігін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімінің орынбасары Ж.Е. Мәкеноваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы оны алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
      Аудан әкімі Е. Базарханов

  Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 12 наурыздағы № 51 қаулысымен бекітілген

Тимирязев ауданының коммуналдық мүлігін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу қағидалары

      1. Осы Тимирязев ауданының коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 88 қаулысымен бектіліген Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалға алуға (жалдауға) беру қағидаларының 50-тармағына сәйкес әзірленді, және Тимирязев ауданының коммуналдық мүлігін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу тәртібін айқындайды.
      2. Аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың балансында тұрған мемлекеттік тұргын емес қордың объектілерін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жылдық жалдау ақысын есептеу құрылыс үлгісі, тұрғын емес үй-жайдың түрі, қолайлылық дәрежесі, аумақтық орналасуы, жалдаушының қызмет түрі, жалдаушының ұйымдастыру-құқықтық нысаны ескерілетін коэффициенттердің қолданылатын базалық мөлшерлемесі мен мөлшерлері негізінде анықталады және мына формула бойынша жүзеге асырылады:
      Ап = Рбс х S х Кт х Кк х Кск х Кр х Квд х Копф,
      мұнда:
      Ап – жылына 1 шаршы метрге аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың балансында тұрған мемлекеттік тұрғын емес қордын объектілерін жалдау ақысының жылдық мөлшерлемесі;
      Рбс – жылына 1 шаршы метрге теңге жалдау ақысының базалық мөлшерлемесі, сәйкес жылға республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңымен бекітілген 1,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленеді;
      S – жалға алынатын алаң, шарты метр;
      Кт – құрылыс үлгісін ескеретін коэффициент;
      Кк – тұрғын емес үй-жайдың түрін ескеретін коэффициент;
      Кск – қолайлылық дәрежесін ескеретін коэффициент;
      Кр – аумақтық орналасуын ескеретін коэффициент;
      Квд – жалдаушының қызмет түрін ескеретін коэффициент;
      Копф – жалдаушының ұйымдастыру-құқықтық нысанын ескеретін коэффициент.
      Есептеу үшін коэффициенттер 1-қосымшада келтірілген.
      3. Аудандық коммуналдық меншігінің автокөлік құралдарын, жабдығын, мемлекеттік тұрғын емес қор объектілерін қоспағанда, мүліктік жалдау (жалға алу) үшін жылдық жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу мына формула бойынша жүзеге асырылады:
      Ар = С х К1 х К2,
      мұнда: Ар – жылына жалдау ақысының мөлшерлемесі;
      С – жылына жалдау ақысының базалық мөлшерлемесі, С=(Sбал.* N амор.) тең қолданылады,
      мұнда: S бал. – тапсырылатын объектінің бастапқы құны;
      N амор. – жылдық тозу нормасы, Қазақстан Республикасы 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Салық кодексіне сәйкес бекітілген активтер амортизациясының шекті нормалары негізінде анықталады.
      К1 – пайдалану мерзімін ескеретін коэффициент;
      К2 – пайдалану шарттарын ескеретін коэффициент.
      Есептеу үшін коэффициенттер 2-қосымшада келтірілген.
      4. Кестеде коэффициент болмаған жағдайда, 1-ге тең коэффициент қолданады.

  Тимирязев ауданының коммуналдық мүлігін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу қағидаларына 1 қосымша

Тимирязев ауданының коммуналдық мүлігін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде құрылыс үлгісі, тұрғын емес үй-жайдың түрі, қолайлылық дәрежесі, аумақтық орналасуы, жалдаушының қызмет түрі, жалдаушының ұйымдастыру-құқықтық нысаны ескерілетін коэффициенттердің қолданылатын мөлшерлері

№ р/б
Коэффициент түрі
Коэффициент мөлшері
1
Құрылыс үлгісін ескеретін коэффициент (Кт):
 
1.1 кеңселік
1
1.2 өндірістік
0,8
1.3 қойма, көлікжай, қазандық
0,6
1.4 спорттық ғимараттары (стадиондар, спорт залдары)
0,7
2
Тұрғын емес үй-жайдың түрін ескеретін коэффициент (Кк)
 
2.1 жеке тұрған құрылыс
1
2.2 жапсарлас-жанаса салынған бөлігі
0,9
2.3 астыңғы (жартылай жертөле) бөлігі
0,7
2.4 жертөле бөлігі
0,4
2.5 ғимараттағы үй-жай
1
3
Қолайлылық дәрежесін ескеретін коэффициент (Кск):
 
3.1 барлық инженерлік-техникалық кқұрылғылары бар үй-жайлар үшін (электр энергиясы, кәріз, сумен қамтамасыздандыру, жылу) коммуникациялардың қандай да бір түрлері жоқ болса, әрбір түрге 0,1-ге азаяды
1
4
Аумақтық орналасуын ескеретін коэффициент (Кр):
 
4.1 аудандық орталықтар үшін
1
4.2 ауылдық елді мекендер үшін
0,5
5
Жалдаушының қызмет түрін ескеретін коэффициент (Квд):
 
5.1 брокерлік қызметті жүзеге асыру және кеден қызметтерін көрсету, айырбастау пункттері және қызмет бағалы қағаздар нарығымен байланысты ұйымдар, сақтандыру, инвестициялық компаниялар, нотариялдық кеңселер, адвокаттық кеңселер үшін
3
5.2 коммуникациялық қызметтер, оның ішінде: байланыс қызметі, автоматтандырылған телефон станциялары, пошта, банктердің есептік-кассалық орталықтары үшін
0,7
5.3 тренажер залдары, фитнес-клуб, техникалық қызмет көрсету стансалары, шеберхана жұмыстарын ұйымдастыру үшін
2
5.4 қоғамдық тамақтануды ұйымдастыру үшін
1,5
5.5 оқу орындарында қоғамдық тамақтануды ұйымдастыру үшін
0,5
5.6 білім беру(оқушылар үшін мектептен тыс, үйірме қызметі, компьютерлік сыныптар), балалар мен жасөспірімдер үшін дене шынықтыру және спорт, денсаулық сақтау және мәдениет салаларында қызметтер көрсету үшін
1
5.7 өндірістік қызмет үшін
2
5.8 көлікжай, қойма, сақтау камераларына арналған үй-жай үшін
2
5.9 сауда және сауда-саттық қызметтері, дәріханалар және дәріханалық пункттер ұйымдастыру үшін
2,5
5.10 қонақ үй қызметтерін ұйымдастыру үшін
1,9
5.11 басқалар үшін
1,0
6
Жалдаушының ұйымдастыру-құқықтық нысанын ескеретін коэффициент (Копф):
 
6.1 сауда-сатып алу (делдалдық) қызметті қоспағанда, өнеркәсіп өндірісін ұйымдастыру және халыққа қызмет көрсету саласын дамыту үшін жеке кәсіпкерлер үшін
0,9
6.2 жеке меншік нысанындағы құрылымдар үшін (акционерлік қоғам, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер)
2
6.3 қоғамдық ұйымдар және бірлестіктер үшін
0,5
6.4 қалғандары үшін
1

  Тимирязев ауданының коммуналдық мүлігін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу қағидаларына 2 қосымша

Аудандық коммуналдық меншігінің автокөлік құралдарын, жабдығын, мемлекеттік тұрғын емес қор объектілерін қоспағанда, мүліктік жалдау (жалға алу) үшін жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу кезінде коэффициенттердің қолданылатын мөлшерлері

р/с №
Коэффициент түрі
Коэффициент мөлшері
1
Пайдалану мерзімін ескеретін коэффициент К1
 
 
Автокөлік құралдары:
1 жылдан 5 жылға дейін пайдаланылған кезде
5 жылдан артық пайдаланылған кезде
1,2
1
 
Жабдық:
1 жылдан 7 жылға дейін пайдаланылған кезде
7 жылдан артық пайдаланылған кезде
1,2
1
2
Пайдалану жағдайын ескеретін коэффициент К2
 
 
Автокөлік құралдары, жабдық:
аудан орталығының аумағында пайдаланылған кезде
ауданның басқа аумағында пайдаланылған кезде
1,4
1

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады