Қазақстан Республикасы 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18-бабы 1-тармағы 2) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабы 5-6) тармақшасына сәйкес, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінен босатылған адамдар және интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған түлектерін әлеуметік қорғау және жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында, Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Тимирязев ауданы бойынша жұмыс орындарына квота:
пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінен босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының жалпы санының бір пайызы мөлшерінде;
интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған түлектері үшін жұмыс орындарының жалпы санының бір пайызы мөлшерінде белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімінің орынбасары Ж.Е. Мәкеноваға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Е. Базарханов |