Тимирязев ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2015 жылы әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық мәслихатының 2015 жылғы 4 мамырдағы № 36/3 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 4 маусымда N 3267 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы мәслихатының 2015 жылғы 25 желтоқсандағы N 44/7 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы мәслихатының 25.12.2015 N 44/7 шешімімен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, "Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18-бабы 8-тармағына, "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысына, "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығымен бекітілген Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларының 4-тармағына сәйкес, Тимирязев аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Аудан әкімімен айтылған қажеттіліктерді есепке ала отырып, Тимирязев ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға берілсін:
      1) жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
      2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау – бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит.
      2. Осы шешімнің 1 тармағының 1), 2) тармақшаларының қолданылуы ветеринария саласында қызмет атқаратын ветеринарлық пункттердің ветеринар мамандарына қатысты.
      3. "Тимирязев ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына 2015 жылы әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы" аудандық мәслихат сессиясының 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 32/3 шешімінің күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 16 қаңтарда № 3067 болып тіркелген, 2015 жылы 24 қаңтарда "Көтерілген тың" аудандық газетінде жарияланған, 2015 жылғы 24 қаңтарда "Нива" аудандық газетінде жарияланған).
      4. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихаттың
ХХХVІ сессиясының төрағасы
И. Аллахяров
      Аудандық мәслихаттың
хатшысы
С. Мұстафин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады