Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының Ақсуат ауылдық округі әкіміне кандидаттардың таңдаушылармен кездесулер өткізу үшін үй-жайды ұсыну және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар анықтау туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 9 шілдедегі № 157 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 27 шілдеде N 3327 болып тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 27 тамыздағы N 182 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің 27.08.2015 N 182 қаулысымен.
       "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 27-бабы 3-тармағына, 28-бабы 4, 6-тармақтарына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Тимирязев аудандық сайлау комиссиясымен бірлесіп (келісім бойынша) Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының Ақсуат ауылдық округі әкіміне барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын ретінде: Солтүстік Қазақстан облысы, Тимирязев ауданы, Тимирязев ауылы, Жеңіс көшесі, № 11-үй мекен-жайы бойынша "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің аудандық мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ғимаратының алдындағы алаңда орналасқан стенд анықталсын.
      2. Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының Ақсуат ауылдық округі әкіміне барлық кандидаттар таңдаушылармен кездесулер өткізу үшін келісім-шарт негізінде Солтүстік Қазақстан облысы, Тимирязев ауданы, Тимирязев ауылы, Жеңіс көшесі, № 11-үй мекен-жайы бойынша орналасқан "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Орталықтандырылған кітапхана жүйесі" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны оқу залының үй-жайы ұсынылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімінің аппарат басшысы А.С. Жүсіповке жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2015 жылғы 30 шілдеден пайда болған қатынастарға таралады.
      Тимирязев ауданының әкімі Е. Базарханов
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Солтүстік Қазақстан облысы
Тимирязев аудандық сайлау
комиссиясының төрағасы
2015 жылғы 09 шілде
Ж. Мәкенова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады