2015 жылға арналған Тимирязев ауданы бойынша субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдерін анықтау туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 30 шілдедегі № 168 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 26 тамызда N 3358 болып тіркелді

      "Басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 бұйрығымен бекітілген Басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларының 10-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2015 жылға арналған Тимирязев ауданы бойынша субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдері қосымшаға сәйкес анықталсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімінің орынбасары А.Т. Ысқақовқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2015 жылғы 5 мамырдан туындайтын қатынастарға таралады.
      Аудан әкімі Е. Базарханов

  Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 30 шілдедегі № 168 қаулысына қосымша

2015 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы бойынша субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдері


р/б
Дақылдар атауы
Оңтайлы себу мерзімдері
1
Жаздық бидай (орташа кеш, орташа, орташа ерте пісетін сорттар және қатты)
14 мамырдан 08 маусымға дейін
2
Арпа, сұлы
25 мамырдан 12 маусымға дейін
3
Қарақұмық
20 мамырдан 03 маусымға дейін
4
Тары
25 мамырдан 03 маусымға дейін
5
Аңқа
12 мамырдан 18 мамырға дейін
6
Асбұршақ
20 мамырдан 03 маусымға дейін
7
Қытай бұршағы
22 мамырдан 30 мамырға дейін
8
Жасымық
22 мамырдан 03 маусымға дейін
9
Рапс (бұрын болған – сүрі жер, бір жылдық шөптер, дәнді дақылдар)
12 мамырдан 01 маусымға дейін
10
Зығыр, қыша
15 мамырдан 03 маусымға дейін
11
Күнбағыс май тұқымына
15 мамырдан 30 мамырға дейін
12
Арыш
20 мамырдан 01 маусымға дейін
13
Картоп
15 мамырдан 05 маусымға дейін
14
Астық технологиясы бойынша сүрлемге арналған жүгері
27 мамырдан 05 маусымға дейін
15
Сәбіз (тұқым)
10 мамырдан 20 мамырға дейін
16
Пияз (тұқым)
10 мамырдан 20 мамырға дейін
17
Қызылша
25 мамырдан 05 маусымға дейін
18
Қияр
16 мамырдан 05 маусымға дейін
19
Қырыққабат (көшеті)
25 мамырдан 15 маусымға дейін
20
Қызанақ (көшеті)
28 мамырдан 12 маусымға дейін
21
Сүрлемге арналған күнбағыс
27 мамырдан 05 маусымға дейін
22
Көк азыққа (сұлы + асбұршақ, асбұршақ+ сұлы + арпа), пішенге (судан шөбі, тары, итқонақ, сұлы + сиыржоңышқа) және пішендемеге (сұлы+арпа + асбұршақ, сұлы +асбұршақ, тары + асбұршақ) бір жылдық шөптер
05 маусымнан 15 маусымға дейін
Жасыл конвейер
(бір жылдық шөптер)
23
I мерзім (асбұршақ + сұлы)
08 мамырдан 10 мамырға дейін
24
II мерзім
(сұлы+арпа+асбұршақ+бидай, судан шөбі+асбұршақ,
тары+асбұршақ)
23 мамырдан 25 мамырға дейін
25
III мерзім (асбұршақ + сұлы + арпа, судан шөбі + асбұршақ, сұлы + асбұршақ)
08 маусымнан 10 маусымға дейін
26
IV мерзім (рапс, сұлы)
08 шілдеден 10 шілдеге дейін
Көп жылдық шөптер
27
I мерзім
жоңышқа
түйе жоңышқа
эспарцет
ешкішөп
мықын
еркекшөп
05 мамырдан 15 мамырға дейін
28
II мерзім
жоңышқа
түйе жоңышқа
эспарцет
ешкішөп
мықын
еркекшөп
05 шілдеден 20 шілдеге дейін
29
Күздік қара бидай (көк азыққа)
10 тамыздан 15 тамызға дейін

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады