Қазақстан Республикасының ер азаматтарын 2016 жылғы қаңтардан бастап наурызға дейін Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының аумағында тіркеу және медициналық куәландыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
ЖаңаСолтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық әкімінің 2015 жылғы 20 қарашадағы № 34 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 22 желтоқсанда N 3507 болып тіркелді
1. Тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын Қазақстан Республикасының ер азаматтарын 2016 жылғы қаңтардан бастап наурызға дейін "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің (келісім бойынша) әскерге шақыру учаскесіне тіркеу және медициналық куәландыру ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Л.Қ. Ілебаевқа жүктелсін.
3. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз