2016 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарын анықтау және нысаналы топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 18 желтоқсандағы № 257 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 13 қаңтарда N 3543 болып тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 29 сәуірдегі N 120 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің 29.04.2016 N 120 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5-бабы 2-тармағына, 7-бабы 2) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының әкімдігі" ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2016 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтары анықталсын:
       1) табысы аз адамдар;
       2) жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
       3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма тоғыз жасқа дейінгі балалар;
       4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
       5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімдi, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған тұлғалары бар азаматтар;
       6) зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
       7) мүгедектер;
       8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
       9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
       10) оралмандар;
       11) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;
       12) жұмыс беруші-заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші-жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;
       13) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар;
       14) терроризм актісінен жәбірленуші адамдар және оның жолын кесуге қатысқан адамдар.
       2. Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының аумағында халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін:
      1) елу жастан асқан жұмыссыз тұлғалар;
      2) он екі ай және одан артық жұмыс істемеген тұлғалар.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімінің орынбасары Ж.Е. Мәкеноваға жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Тимирязев ауданының
әкімі
Е. Базарханов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады