"Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 104 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 21 сәуірде N 3222 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 5 наурыздағы № 49 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің 05.03.2018 № 49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 2-тармағына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген "Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А.Төрегелдин

  Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының 2015 жылғы 31 наурыздағы № 104 қаулысымен бекітілді

"Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі аграрлық саясатты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінде ведомство жоқ.
      3. "Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасы Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.
      4. "Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
      5. "Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекеме басшының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. "Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңды мекен-жайы: 151200 Солтүстік Қазақстан облысы, Уәлиханов ауданы, Кішкенекөл ауылы, Жамбыл көшесі, 76.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы:
      мемлекеттік тілде: "Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
      орыс тілде: государственное учреждение "Отдел сельского хозяйства Уалихановского района Северо-Казахстанской области".
      11. Осы Ереже "Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерінен жүзеге асырылады.
      13. "Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. "Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары және міндеттері

      14. "Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы:
      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Уәлиханов ауданында жер шаруашылығы және мал шаруашылығында мемлекеттік аграрлық саясатты жүзеге асыру.
      15. Міндеттері:
      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ауыл шаруашылығы саласының бәсекеге қабілетті өнімді шығаруға, оның сапасын жоғарылатуға, өндіру шығынын төмендетуге жәрдемдесу;
      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ауыл шаруашылығы саласына қаржыны енгізуге және жаңа технологияларды пайдалануға жәрдемдесу;
      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өндіруді диверсификациялау мәселелерін шешуге болжамдайтын сау бәсекелестікті дамыту үшін қолайлы шарттарды жасау;
      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "ірі қара малы етінің экспортты әлеуетін дамыту" жобасын жүзеге асыру аясында жоспарлы тапсырмаларын орындауға жәрдемдесу;
      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ауыл шаруашылық өнімді қайта өңдеу бойынша бағдарламаларды әзірлеуді ұйымдастыру;
      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің тапсырмаларын, бағыттайтын мәселелер бойынша облыс және аудан әкімінің және әкімдігінің актілерін орындалуын қамтамасыз ету, оларды орындау бойынша жұмысты ұйымдастыру;
      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органның қызметін қаржылық-шаруашылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету;
      қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу процедураларын орындау;
      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органның балансында тұрған ғимараттарды және құрылыстарды, тұрғын үйді күтіп ұстау, күрделі және ағымдағы жөндеуді қамтамасыз ету;
      16. Функциялар:
      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес агроқұрылымдарға және кәсіпорындарға ауыл шаруашылық өнімді қайта өңдеуге, экономикалық бизнес-жоспарды және мемлекеттік несиелеу бағдарламалар арқылы несиелеуді ұйымдастыруға жәрдемдесу;
      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес аграрлық секторда, қайта өңдеу және ауыл шаруашылық өнімді жүзеге асыру саласында, сонымен қатар агросервисті енгізуге нарықтық құрылымның және бәсекелестікті құруға және дамытуға жәрдемдесу;
      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ауыл шаруашылық өндіріске және қайта өңдеуге жаңа техниканы және дамыған технологияларды енгізуге жәрдемдесу;
      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ауыл шаруашылық өндірісті техникалық қайта жабдықтаумен жәрдемдесу;
      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ауыл шаруашылығы саласында жергілікті және шетел жетістіктерін зерттеу және насихаттау;
      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ауданның агроөнеркәсіп кешенінде қаржылық саясатты жүргізу;
      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ауданның әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасын, ауылдың әлеуметтік саладағы қаржылық саясатты әзірлеуде қатысу;
      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес апаттылық және басқа төтенше жағдайлар салаларын жоюға жәрдемдесу;
      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ауданның барлық тауар өндірушілердің дамуы үшін ауыл шаруашылық нарығын және қажетті экономикалық жағдайларын және құқықтық қамтамасыздықты реттеу механизмін құруға жәрдемдесу;
      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес экономикалық және статистикалық мәліметті жинау және талдау, тұтынушылық сұранысты, нарықтардың өткізу (маркетингтік зерттеулер) жағдайын талдау, тұтынушылардың және ауыл шаруашылық өнім өндірушілердің байланыстарын орнатуға жәрдемдесу, экспорт бойынша дайындыққа қатысу;
      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес аудан аграрлық секторының өндірістік қызметін талдау;
      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әлеуметтік, инженерлік инфрақұрылымның дамуына жәрдемдесу;
      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қаржыларды тарту, ауылды елді-мекеннің кәсіпкерлік қызметтің белсенділігін арттыру, шығарылатын ауыл шаруашылық өнімнің ассортиментін кеңейту және сапасын жоғарылату бойынша іс-шаралар кешені;
      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ауыл шаруашылық өндірістің кадрлық қамтамасыздығын жақсарту бойынша шаралар кешені;
      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету;
      Қазақстан Республикасының соттарында "Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүддесін белгіленген тәртіпте ұсыну;
      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен ескерілген басқа өкілеттік;
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік және мемлекеттік емес органдармен және ұйымдармен қызметтік хат алмасуды жүргізу;
      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ауданның атқарушы органдарынан, ауылдық округ әкімдерінен қажетті құжаттарды, мәліметті сұрау және алу;
      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекеменің құзыретіне жататын мәселелер шешіміне ауданның атқарушы органдарының, ауылдық округ әкімі аппаратының қызметкерлерін қатыстыру;
      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес аудан әкімдігінің және мәслихаттың, аудандық алқа, аумақтық және басқа атқарушы органдарының мәжілісінде қатысу;
      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген тапсырмаларды және функцияларды орындау.

3. "Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

      18. "Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшылықты "Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
      19. "Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. "Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысының Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
      21. "Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттілігі:
      мемлекеттік органның жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді және мемлекеттік органдарға жүктелген міндеттері мен функцияларын орындауда дербес жауапкершілік атқарады;
      ерлер мен әйелдердің тең мүмкіндіктері мен тең құқықтарының мемлекеттік кепілдіктері туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету;
      мемлекеттік органның қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлық заңнамасын сақтауына дербес жауапкершілік атқарады;
      мемлекеттік органның мамандарының жұмысын бағыттайды және ұйымдастырады, олардың өзара әрекеттесуін үйлестіреді;
      штаттық лимит санын және құрылымын аудан әкімдігінің бекітуіне ұсынады, қосымша ақыны, еңбекақы қоры шегінде мемлекеттік қызметкерлерге материалдық көтермелеу ақысын (сыйақыны) белгілейді;
      мемлекеттік органның құзыреті шегінде қызметтік құжаттарға қол қояды;
      мемлекеттік органда ішкі еңбек тәртіпті орнатады;
      штаттық кестені аудан әкіміне бекітуге ұсынады;
      нормативтік құқықтық актілердің жобаларын және басқа да құжаттарды ауданның әкімдігіне және аудан әкіміне келісуге және қарауға ұсынады;
      қолданыстағы заңнамаларға сәйкес мемлекеттік органның қызметкерлерін мадақтайды және оларға тәртіптік жаза қолданады;
      бюджетпен көзделген, қаржы қаражаттарымен өкімдік етеді, мемлекеттік органның шығындарының жоспарын бекітеді;
      мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына біліктілік талаптар жинағын бекітеді;
      мемлекеттік органның ағымдағы жұмыстарын ұйымдастырады және болашақ жоспарлау бойынша аудан әкіміне ұсыныс енгізеді;
      жеке құрам бойынша бұйрықтар шығарады, мемлекеттік орган қызметкерлерін іссапарларға жібереді;
      мемлекеттік қызметкерлердің оқуларын, дайындығын, қайта дайындығын және кадрлардың біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді;
      мемлекеттік органды басқа мемлекеттік органдарға, басқа да ұйымдарға ұсынады;
      оған аудан әкімі жүктеген басқа да функцияларды жүзеге асырады.
      "Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде, оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      22. Басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4. "Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      23. "Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      "Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасы заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      24. "Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. "Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта құру және тарату

      26. "Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады