Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының аумағында 2016 жылдың қаңтарынан наурызына дейін Қазақстан Республикасының ер азаматтарын тіркеуді және медициналық куәландыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
ЖаңаСолтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімінің 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 33 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 29 желтоқсанда N 3528 болып тіркелді
1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігінің "Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесінің (келісім бойынша) шақыру учаскесіне Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының аумағында 2016 жылдың қаңтарынан наурызына дейін тіркеу жылы он жеті жасқа толатын Қазақстан Республикасының ер азаматтарын тіркеуді, медициналық куәландыру ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімінің орынбасары Б. Хасенеевке жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жариялаған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз