Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының аумағында 2016 жылғы қаңтар-наурыз аралығында Қазақстан Республикасы ер азаматтарының тіркелуін және медициналық куәландыруын ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
ЖаңаСолтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімінің 2015 жылғы 20 қарашадағы N 29 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 4 желтоқсанда N 3492 болып тіркелді
1. 2016 жылғы қаңтар-наурыз аралығында Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министірлігінің "Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" Республикалық мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне (келісім бойынша) тіркелу жылына он жеті жасқа толатын Қазақстан Республикасы ер азаматтарының тіркелуі және медициналық куәландыруы ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
2. Осы шешімінің орындауына бақылау әлеуметтік мәселелері бойынша Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімінің орынбасары жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми түрде жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткенінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз