Атырау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 16 мамырдағы № 142 "Облыстық коммуналдық мүліктерді жекешелендіру туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы № 19 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 19 ақпанда № 3104 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 31 шілдедегі № 175 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы әкімдігінің 31.07.2018 № 175 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27, 37-баптарына, "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабына және "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Атырау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 16 мамырдағы № 142 "Облыстық коммуналдық мүліктерді жекешелендіру туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2934 тіркелген, 2014 жылғы 28 маусымда "Атырау" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      қосымшасында:

      облыстық коммуналдық меншіктегі мүліктердің тізбесіндегі 52-тармақтағы "УАЗ" деген сөз "ВАЗ" деген сөзбен ауыстырылсын.

      2. "Атырау облысы Қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағынан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары А.Т. Әжіғалиеваға жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Б. Ізмұхамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады