"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27, 37-баптарына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Атырау облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары А.Т. Әжіғалиеваға жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Н. Ноғаев |
Атырау облысы әкімдігінің 2018 жылғы "31" шілдедегі № 175 қаулысына қосымша |
Атырау облысы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі
1. Атырау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 16 мамырдағы № 142 "Облыстық коммуналдық мүліктерді жекешелендіру туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2934 болып тіркелген, 2014 жылғы 28 маусымда "Атырау" газетінде жарияланған).
2. Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы № 19 "Атырау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 16 мамырдағы № 142 "Облыстық коммуналдық мүліктерді жекешелендіру туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3104 болып тіркелген, 2015 жылғы 26 ақпанда "Атырау" газетінде жарияланған).
3. Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 15 мамырдағы № 145 "Облыстық коммуналдық мүліктерді жекешелендіру туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3220 болып тіркелген, 2015 жылғы 9 маусымда "Атырау" газетінде жарияланған).
4. Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 7 тамыздағы № 246 "Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың мүлік құқықтарын Қазақстан Республикасының қабылдауы" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3291 болып тіркелген, 2015 жылғы 1 қазанда "Атырау" газетінде жарияланған).
5. Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 23 қазандағы № 327 "Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 15 мамырдағы № 145 "Облыстық коммуналдық мүліктерді жекешелендіру туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3355 болып тіркелген, 2015 жылғы 12 желтоқсанда "Атырау" газетінде жарияланған).
6. Атырау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 11 мамырдағы № 102 "Облыстық коммуналдық мүліктерді жекешелендіру туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3538 болып тіркелген, 2016 жылғы 2 шілдеде "Атырау" газетінде жарияланған).