Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы әкімдігінің 06.04.2021 № 84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 10-3 бабы 2-тармағының 4-6) тармақшасына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Атырау облысында коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсыну қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары С.Ж.Нақпаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Б. Ізмұхамбетов |
Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы "30" желтоқсандағы № 392 қаулысына қосымша | |
Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы "30" желтоқсандағы № 392 қаулысымен бекітілген |
Атырау облысында коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсыну қағидалары
1. Жалпы ереже
1. Атырау облысында коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынудың осы қағидалары (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы", 2004 жылғы 9 шілдедегі "Электр энергетикасы туралы", 2012 жылғы 9 қаңтардағы "Газ және газбен жабдықтау туралы" Заңдарына сәйкес әзірленді және коммуналдық көрсетілетін қызметті ұсыну тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда келесі түсініктер қолданылады:
1) коммуналдық қызметтер – тұрғын үйде (тұрғын ғимаратта) көрсетілетін және сумен жабдықтауды, кәрізді, газбен жабдықтауды, электрмен жабдықтауды, жылумен жабдықтауды, қоқысты әкету мен лифті қызметін көрсетуді қамтитын қызметтер;
2) кондоминиум объектісі – жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің дара (бөлек) меншігіндегі тұрғын және тұрғын емес үй-жайлардан және оларға ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі ортақ мүліктен тұратын біртұтас мүліктік кешен;
3) кондоминиум объектісін басқару органы – кондоминиум объектісін басқару жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
4) тұтынушы – табиғи монополия және реттелетін нарық субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын) пайдаланушы немесе пайдалануға ниеттенуші жеке немесе заңды тұлға;
5) табиғи монополия субъектісі – табиғи монополия жағдайында тауарлар өндірумен, жұмыстарды орындаумен және (немесе) тұтынушыларға қызметтер көрсетумен айналысатын дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;
6) энергия беруші ұйым – электр немесе жылу энергиясын беруді шарттар негізінде жүзеге асыратын ұйым;
7) энергиямен жабдықтаушы ұйым – сатып алынған электр және (немесе) жылу энергиясын тұтынушыларға сатуды жүзеге асыратын ұйым.
2. Коммуналдық қызметтерді ұсыну тәртiбi және шарттары
3. Коммуналдық қызметтерді көрсету табиғи монополия субъектісі және тұтынушы арасындағы жеке шарт (бұдан әрі – Шарт) негiзiнде жүзеге асырылады.
Тұтынушылар кондоминиум объектілерін басқару органына (бұдан әрі- басқару органы) немесе басқа жеке немесе заңды тұлғаға шарт жасасу жөнiндегі өз құқықтарын заңнамада белгiленген тәртiппен табыстауға жол беріледі.
Шарт белгісіз мерзімге жасалған деп есептеледі (егер тараптардың келісімімен өзге көзделмесе) және Қазақстан Республикасы заңнамасымен көзделген негіздер бойынша өзгертілуі немесе бұзылуы мүмкін.
4. Қызмет көрсетудi беру тұтынушылық сипаты мен режимi нормативтiк-техникалық құжаттармен белгіленген талаптарға:
1) жылумен жабдықтау бойынша - тұрғын бөлмелердегi жылыту маусымы бойы ауа температурасын айқындайтын санитарлық нормаларға;
2) электрмен жабдықтау бойынша - жыл бойы тәулiктiк қолданыстағы стандарттар бойынша электр энергиясының параметрлерiне;
3) суық және ыстық сумен жабдықтау бойынша жыл бойы тәулiктiк берiлетiн судың құрамы, қасиетi мен ысытылу температурасы жөнiнде гигиеналық талаптарға, сондай-ақ тарату нүктесiндегi судың есептелген шығынына;
4) кәріз бойынша - жыл бойы тәуліктік ақаба ағынды суларды толық бұруды қамтамасыз етуге;
5) лифтiлермен қызмет көрсету бойынша - жыл бойы тәуліктiк немесе шарттың негізiнде лифтілерді қауiпсiз пайдалануға;
6) қоқыс шығару бойынша - санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға жауап беретiндей қоқыстың толықтай шығарылуына сәйкес келуi тиiс.
5. Коммуналдық мақсаттағы негізгі қорлардың қуатын, құрамын және тозуын, климаттық және басқа да жергілікті жағдайларын ескере отырып, қызметтерді ұсыну режимі мен тұтынудың кепілді деңгейі Шартпен белгіленеді.
3. Коммуналдық көрсетілетін қызметтерді пайдалану тәртібі мен шарттары
6. Жалпы үйлiк энергия желiлерiнiң, сондай-ақ есепке алу құралдарын техникалық жағдайда ұстау және қауiпсiздiгін қамтамасыз ету энергиямен жабдықтаушы ұйымның мiндетi болып табылады және басқару органымен немесе тұтынушының өкiлеттi тұлғасымен не тұтынушымен жасалған жекелеген шарт негізiнде жүзеге асырылады.
Энергиямен жабдықтаушы ұйым қызмет көрсетудi өз алдына жеке (тиісті рұқсаты бар болған жағдайда) және (немесе) энергия берушi немесе осындай қызмет түрiне лицензиясы (рұқсаты) бар мамандандырылған ұйыммен жасалған шарт бойынша жүргiзе алады. Мамандандырылған ұйымдарды тарту тендерлiк негiзде жүргiзiледi.
Телімдердегі құбырлардың, электрлік сым өткiзгіштердiң, электрлік жабдықтардың техникалық жағдайы мен пайдаланылуы үшiн, сондай-ақ энергияны пайдалану кезiндегi қауiпсiздiк техникасы үшiн жауапкершiлiк тұтынушыға жүктеледi.
7. Тұтынушыға жеке есепке алу құралдарын өз бетінше немесе энергия беруші ұйымдар арқылы сатып алуға және қондыруға жол беріледі.
8. Есепке алу құралдарын басқыш алаңдарға, дәліздер мен жекеленген пәтерлерге орнатуға болады.
Есепке алу құралдарына өту ашық түрде болуы тиіс.
9. Тұтынушылардың (пәтер иелерiнiң) басқыш алаңдарда орнатылған есепке алу құралдарын белгiсiз бiреулер ұрлап немесе сындырып кеткен жағдайда тұтынушы немесе кондоминиум объектісі кiретін басқару органы бiр ай мерзiмінде, егер де тараптардың келiсiмiнде өзге көзделмесе, қалпына келтiреді. Есепке алу құралы қалпына келтiрiлгенге дейiн тұтынушы (пәтер иесi) оны энергия желiсiне қосуды талап етуіне болады. Мұндай уақытша қосу үшiн ақы алынбайды.
10. Тараптардың пайдалану жауапкершiлiгiн бөлу шекарасы желiлердiң тиiстi түрi үшiн былайша айқындалады:
1) жылу - басқару торабының соңғы ысырмасының бөлу ернемегі бойынша;
2) ыстық сумен жабдықтау - ыстық сумен жабдықтау жүйесiнiң соңғы ысырмасының бөлу ернемегі бойынша;
3) суық сумен жабдықтау - басқару торабының соңғы ысырмасының бөлу ернемегі бойынша;
4) кәріз - тұтынушы қосылатын жердегi құдық көшедегi кәріз желісінің шекарасы болып табылады, ал ауладағы кәріз шекарасы - ғимараттан желiге қосылатын құдық;
5) электр энергиясы - ғимаратқа кiретiн қолданым кәбілінің сым ұштамасында.
11. Шарт бойынша міндеттемелерді орындамаған немесе тиісті деңгейде орындамаған жағдайда, табиғи монополия субъектісі мен тұтынушы қолданыстағы заңнамаға сәйкес залалдың орнын толтыруды талап етуіне болады.
4. Ақы төлеу тәртiбi
12. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес реттеуге жататын қызметтерге ақы төлеу белгiленген тәртiппен уәкiлеттi мемлекеттік орган бекiткен тарифтер бойынша жүргізiледi.
13. Тұтынушы төлемдi есептiк айдан кейінгі айдың 25 жұлдызынан кешiктiрмей немесе тұтынушы мен табиғи монополия субъектісі арасындағы келiсiм бойынша Шартта ескерiлген мерзiмде жасайды.
14. Төлем мерзiмiн өткiзiп алған жағдайда тұтынушы Шартпен белгiленген айыпақыны төлейдi.
15. Егер тұтынушы пайдаланылған энергияға төлем жасамағаны үшiн белгiленген тәртiппен ағытылған болса, онда оны қайта қосу борыш өтелгеннен жүргiзiледi. Бiрнеше рет (бір реттен аса) ағыту кезiнде оны қосу борышты өтегеннен және қосылу үшiн төлем жасағаннан кейiн жүргiзiледi, қызмет көрсетудiң осы түрi бойынша тариф белгiленген тәртiппен аумақтық монополияға қарсы органмен келiсiледi.
16. Тұтынылған энергия үшiн есеп айырысу есеп жүргiзу құралдарының көрсеткiшi негiзiнде энергиямен жабдықтау ұйымының жазып берген есебі бойынша жүргiзiледi.
17. Есепке алу құралдарының көрсеткіштерін алу мен энергия үшін есептеулерді жазуды энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың өкілдері жүргізеді, олар бару кезінде қызметтік куәліктерін көрсетеді.
Екі есептік кезең ішінде тұтынушының кінәсінен есептеу құралдарының көрсеткіштерін алу мүмкін болмаған кезде, тұтынушының өзі энергиямен жабдықтаушы ұйымға өзінің жұмсаған энергиясының саны туралы мәлімет бермесе, энергиямен жабдықтаушы ұйым белгіленген тәртіппен оның берілуін тоқтау мүмкін.
18. Тараптардың келiсуi бойынша есепке алу құралдарынан көрсеткiштi алу мен төлем құжаттарын толтыру кезiнде тұтынушыға өзiне өзi қызмет көрсетуiне жол берiледi. Бұл кезде төлем құжатын жазуды және төлеудi тұтынушының өзi жүргiзедi. Төлем құжаттарын жазу және төлеу кезiнде тұтынушының жiберген қателерi талаптардың ескiру мерзiмi шегiнде олардың анықталу шамасына қарай энергиямен жабдықтаушы ұйыммен есепке алынады.
19. Тұтынушы кiнәсi бойынша болмаған есептiң уақытша бұзылуы кезiнде электр энергиясы үшiн есеп айырысу, егер шартта электр энергиясының аз саны көрсетiлмесе, алдыңғы есептiк кезеңнiң орташа тәулiктiк шығысы бойынша жүргiзiледi.
Электр энергиясының орташа тәулiктiк есептi кезеңi бiр айдан аспауы тиiс, бұл кезде есеп айырысу есебi толық көлемде қалпына келтiрiлуі тиіс.
Егер есеп айырысу есебiн көрсетiлген мерзiмде қалпына келтiру мүмкiн болмаса, тұтынушыға жіберілген электр энергиясына есеп айырысу және қалпына келтiру есепке алу мерзімінің тәртiбi тұтынушының және энергиямен жабдықтаушы ұйымның келiсiмiмен белгiленеді.
20. Тұтынушының есепке алу құралы схемасының өзгеруі, оның бүлiнгенi, пломбасының жұлынуы, дискiнiң жасанды тоқтатылуы және басқа бұзылушылықтар ашылған кезде немесе егер тұтынушы энергияны қымқыру мақсатында жасырын сым өткiзгенiн немесе есепке алу құралының көрсеткiшiн бұрмалайтын тетiк орнатқанын энергиямен жабдықтаушы ұйымның өкiлдерi бұрынғы тексерулерінде табуға мүмкiн болмаған жағдайда, тұтынушыға энергиямен жабдықтау ұйымы белгiленген тәртiппен соңғы тексеру өткiзiлген сәттен бастап, алайда энергияны пайдаланғаны үшiн талаптың ескiру мерзiмiнен аспайтын қайта есептеудi жүргiзедi.
Қайта есептеу:
1) жарықтандырғыш ток қабылдағыштардың қуаты және олардың пайдалану сағаттарының саны бойынша;
2) тұтынушыда штепсельдi розеткалар болған жағдайда (олардың санына қарамастан) - бiр розетканың 600 Вт қуаттың тәулiгiне 24 сағат пайдалануы есебiнен, ал 600 Вт қуаттан артық жылыту құралдары немесе басқа электр жабдықтары табылған жағдайда - тұтынушының пайдалануындағы жабдықтың оның нақты қуатының тәулiгiне 24 сағат пайдалануы есебiнен жүргiзiледi.
21. Өтінiш берiлген және растайтын құжатты (емдеу мекемесiнен, жұмыс орнынан анықтама, шипажай жолдамасының түбiршегi, уақытша тұрған жерi бойынша тiркелуі туралы анықтама, қонақ үйде тұрғаны үшiн төлемi туралы түбiршек және тағы басқа) ұсынған кезде пәтерде тұратын адамдардың (бiреуiнiң немесе бiрнешеуiнiң) уақытша кетуi, есепке алу құралдары жоқ жағдайда бiр адамға есептелiнген қызмет көрсетулер үшiн ақы төлеу олардың болмаған уақытына жүргізiлмейдi.
Төлемдi қайта есептеуге әкелiп соққан барлық өзгерiстер тұтынушының энергиямен жабдықтаушы ұйымға өтiнiш берген сәтiнен бастап жүзеге асырылады.
22. Есепке алу құралдары уақытша болмаған жағдайда, бiр адамға есептелiнетiн қызмет көрсетулер үшiн төлемдер тұрушылардың нақты саны бойынша алынады.
23. Пәтер иелерінің кооперативтері энергиямен жабдықтаушы ұйымдармен жалпы үйлері мұқтаждарына жұмсалатын энергия үшiн белгіленген тәртiппен пайдалану жауапкершiлiгі шегінде орнатылған есепке алу құралдары арқылы бекітілген тариф бойынша есеп айырысады.
24. Есепке алу құралдарын тараптардың пайдалану жауапкершiлiгiнiң бөлiну шекарасынан тыс жерде орнатылуы кезiнде, бөлiну шекарасынан бастап есепке алу құралдарын орнату орындарына дейiн желi учаскесiндегі шығындар көрсетiлген желi учаскесi балансында тұрған иесiне шарт негiзiнде жатқызылады.
25. Лифтiнi пайдаланғаны үшiн төлем 1-шi және 2-шi қабаттағы тұрғындардан басқаларының бәрiнен алынады.
26. Жылумен жабдықтау үшiн төлем табиғи монополия субъектісінің тұтынушымен келiсімі бойынша жыл iшiнде бiрқалыпты не осы қызмет түрiн ұсыну кезеңiнде жүргiзiледi және Шартпен анықталады.
5. Қорытынды ережелер
27. Осы Қағидамен реттелмеген қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі.