"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27, 37-баптарына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес Атырау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 392 "Атырау облысында коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3458 болып тіркелген, 2016 жылғы 20 ақпанда "Атырау" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары Қ.Ә. Бекеновке жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Атырау облысының әкімі | М. Досмухамбетов |