Қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүру құқығы келесі санаттағы адамдарға берілсін:
1) оқу мекемесінің білім алушыларына бірінші сыныптан он бірінші сыныпқа дейінгіні қоса алғанда, мектепке дейінгі және интернаттық ұйымдардағы тәрбиеленушілер мен білім алушыларға тегін жол жүру;
2) жоғары оқу орындарының және колледждердің білім алушыларына қолданыстағы тарифтің 50% төлеу;
Атырау қалалық мәслихатының 2013 жылғы 26 сәуірдегі № 114 "Білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысанында оқитын білім алушыларына қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруді белгілеу туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2732 рет санымен тіркелген, 2013 жылғы 1 маусымдағы "Атырау" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Осы шешімнің орындалуын бақылау тұрғындарды әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, жастар және спорт ісі, әйелдер істері және отбасылық–демографиялық саясат мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (Б. Шеркешбаева).
Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға таралады.
ХХХІІ сессия төрағасы | А. Тасимов |
Қалалық мәслихат хатшысы | Б. Қазиманов |