Атырау қаласының коммуналдық меншігіндегі мүліктерін жекешелендіру туралы

Жаңа

Атырау облысы Атырау қалалық әкімдігінің 2015 жылғы 27 қарашадағы № 2115 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 11 желтоқсанда № 3391 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 1-тармағы 2) тармақшасына және 37-бабына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 18-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы "Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, қалалық әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       Атырау қалалық коммуналдық меншігіндегі мүліктер осы қаулының қосымшасына сәйкес жекешелендірілсін.
       Атырау қалалық әкімдігінің келесідей:
      1) 2014 жылғы 28 тамыздағы № 979 "Атырау қаласының коммуналдық меншігіндегі мүліктерін жекешелендіру туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2998 болып тіркеліп, 2014 жылғы 1 қазанда облыстық "Атырау" газетінде жарияланған);
      2) 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 594 "Атырау қалалық әкімдігінің 2014 жылғы 28 тамыздағы № 979 "Атырау қаласының коммуналдық меншігіндегі мүліктерін жекешелендіру туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3196 болып тіркеліп, 2015 жылғы 7 мамырда облыстық "Атырау" газетінде жарияланған) қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
       Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А. Айтбаевқа жүктелсін.
       Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі
      Қала әкімінің міндетін атқарушы Ә. Зайдуллин

  Атырау қалалық әкімдігінің 2015 жылдың "27 " қарашадағы № 2115 қаулысына қосымша

Жекешелендіруге жататын қалалық коммуналдық меншіктегі мүліктердің тізбесі


Мүлік атауы
Мемлекеттік нөмірі
Шығарылған жылы
Теңгерім ұстаушысы
1
Faw Ca6602
автокөлігі
E466BN
2007
"Қалалық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне қарасты "Жалпы білім беретін Бесікті орта мектеп- интернаты" мемлекеттік коммуналдық мекемесі
2
УАЗ 22069-04 автокөлігі
E064BF
2006
"Құрманғазы атындағы мәдениет сарайы" мемлекеттік коммуналды-қазыналық кәсіпорыны
3
Toyota Camry автокөлігі
266AK06
2007
"Атырау қаласы Тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі
4
Toyota Camry
автокөлігі
E176PK
2006
"Атырау қаласы әкімі аппаратының шаруашылық басқармасы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
5
Toyota Land Cruiser 100vx автокөлігі
506AL06
2006
6
Toyota Camry автокөлігі
167AH06
2007
"Атырау қалалық қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі
7
ГАЗ 31105-120 автокөлігі
E165PK
2007
"Қалалық ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі
8
Skoda Octavia A4 автокөлігі
Е101PK
2006
"Қалалық тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі
9
Ваз 212300 Шевроле Нива автокөлігі
858AH06
2007
"Атырау қаласының әкімиятының "Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Атырау Су Арнасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
10
Ваз 21213 автокөлігі
996AH06
2004
11
Ваз 21213 автокөлігі
991AH06
2004
12
Ваз 2123 автокөлігі
919AH06
2008
13
Skoda Octavia A4 автокөлігі
880AH06
2007
14
Lada 21214 автокөлігі
E190PK
2013
"Атырау ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі
15
Ваз 21213 Нива автокөлігі
E086BM
2002
"Атырау қаласының жас натуралистер стансасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын
 

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады