Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Жылыой ауданында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін және базалық жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Жылыой аудандық мәслихатының 2015 жылғы 28 қазандағы № 33-3 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 23 қарашада № 3349 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Жылыой аудандық мәслихатының 2016 жылғы 29 ақпандағы № 37-2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Жылыой аудандық мәслихатының 29.02.2016 № 37-2 шешімімен (қол қойылған күннен бастап күшіне енеді).
      Ескерту. Шешімнің "базалық" деген сөздері алынып тасталды - Атырау облысы Жылыой аудандық мәслихатының 24.12.2015 № 35-13 шешімімен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 387 бабының 1-1-тармағына, 444 бабының 1 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Жылыой ауданында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері және жер салығының мөлшерлемелері үш есеге жоғарылатылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың экология, аграрлық заңдылықты сақтау, құқық тәртібі және депутаттық этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (А. Сүлейменов) жүктелсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихаттың кезектен
тыс ХХХІІІ сессиясының төрағасы
А. Сүлейменов
      Аудандық мәслихат хатшысы М. Кенғанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады