"Жылыой ауданы тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Жылыой ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 23 қазандағы № 455 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 26 қарашада № 3356 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Жылыой ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 23 маусымдағы № 245 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Жылыой ауданы әкімдігінің 23.06.2016 № 245 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексінің 42-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37 баптарына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 18 бабына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       "Жылыой ауданы тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қоса берілген Ережесі бекітілсін.
       Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Ә. Шәкіровке жүктелсін.
       Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі М. Ізбасов

  Аудан әкімдігінің 2015 жылғы "23" қазандағы № 455 қаулысына қосымша
  Аудан әкімдігінің 2015 жылғы "23" қазандағы № 455 қаулысымен бекітілген

"Жылыой ауданы тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
1. Жалпы ережелер

       "Жылыой ауданы тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлім) тұрғын үй қоры саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
       Бөлімнің ведомстволары жоқ.
       Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Коституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасымен Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
       Бөлім мемлекеттік мекеменің ұйымдық–құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
       Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
       Бөлім егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
       Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
       Бөлім құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
       Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 060100, Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, Ұ. Абдрахманов көшесі 27 үй.
      .Мемлекеттік органның толық атауы – "Жылыой ауданы тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
       Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
       Бөлімнің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
       Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

       Миссиясы:
      тұрғын үй жағдайын жақсарту.
       Міндеттері:
      тұрғын үй қорын басқару саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру болып табылады.
       Функциялары:
      1) кондоминиум объектісінде және үй маңындағы аумақта үй-жай (пәтер) меншік иесінің ортақ мүлкін қолдану, күтіп ұстау, пайдалану және жөндеу тәртібінің сақталуына;
      2) тұрғын үйлерде (тұрғын ғимараттарда) үйге ортақ жылуды, энергияны, газды және су ресурстарын есептейтін аспаптардың болуына;
      3) кондоминиум объектісіндегі үй-жай меншік иелерінің ортақ мүліктің және оның инженерлік жабдықтарының техникалық жай-күйіне, қолданыстағы нормативтік-техникалық және жобалық құжаттамаларға сәйкес оны күтіп ұстау мен жөндеу бойынша жұмыстарды уақытында орындалуына;
      4) тұрғын үйді (тұрған ғимаратты) маусымдық пайдалануға дайындау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға;
      5) қабылданған шешімдерді және анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі нұсқаманы орындауға;
      6) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлері бойынша орындалған жұмыстың сапасына мемлекеттік бақылау функцияларын жүзеге асырады.
       Құқықтары мен міндеттері:
      1) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін техникалық зерттеуді ұйымдастыру;
      2) кондоминиум объектісінің тізбесін ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізудің, мерзімділігін және кезектілігін айқындау;
      3) кондоминиум объектісін басқару органы ұсынған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуге арналған, тұрғын үй көмегінің қатысуымен қаржыландырылатын шығыстардың сметасын келісу;
      4) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлері бойынша орындалған жұмыстарды қабылдау жөніндегі комиссияларға қатысу;
      5) Бөлім Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, осы Ережеге сәйкес өкілеттіктерді жүзеге асырады.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

       Бөлімге басшылықты Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
       Бөлімнің басшысын қызметке аудан әкімі тағайындайды және қызметтен босатады.
       Бөлім басшысының өкілеттігі:
      1) өз қызметін жүзеге асыру кезінде аудан әкімі мен жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына есеп береді;
      2) орынбасарының және қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіліктерін анықтайды;
      3) қызметкерлерді қызметке тағайындайды және босатады;
      4) заңнамада белгіленген тәртіппен қызметкерлерді ынталандыруды жүзеге асырады;
      5) заңнамада белгіленген тәртіппен қызметкерлерге тәртіптік жаза қолданады;
      6) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік және қаржы құжаттарына қол қояды;
      7) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда сенімхатсыз Бөлімнің мүддесін білдіреді;
      8) сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шараларды қолданады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қолданбағаны үшін дербес жауапкершілікте болады;
      9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттілікті жүзеге асырады.
      Бөлім басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

       Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
       Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
       Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлімнің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

       Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады