"Махамбет аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Махамбет аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 05 қаңтардағы № 3 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 19 қаңтарда № 3090 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Махамбет ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 8 маусымдағы № 174 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Махамбет ауданы әкімдігінің 08.06.2016 № 174 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексінің 42-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының, 37-баптарына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 18 бабына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарғысына сәйкес, Махамбет аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Махамбет аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Махамбет ауданы әкімінің орынбасары М. Сейтқалиевке жүктелсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Е. Жаңабаев

 
Махамбет аудандық әкімдігінің 2015 жылғы "5" қаңтардағы 3 қаулысына қосымша
 
Махамбет аудандық әкімдігінің 2015 жылғы "5" қаңтардағы 3 қаулысымен бекітілген

"Махамбет аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
1. Жалпы ережелер

      1. "Махамбет аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" (бұдан әрі - Бөлім) Махамбет ауданы бойынша біріңғай мемлекеттік саясатты жүргізу, мәдениет және тілдерді дамыту салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік-құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Бөлім мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      4. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. Бөлім егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 060700, Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Махамбет ауданы, Махамбет ауылы, Ж. Жабаев көшесі 4 үй.
      9. Мемлекеттік органның толық атауы - "Махамбет аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      10. Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. Бөлімінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      12. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. Бөлімінің миссиясы: Махамбет ауданы бойынша біріңғай мемлекеттік саясатты жүргізу, мәдениет және тілдерді дамыту салаларында басшылықты жүзеге асыру.
      15. Бөлімнің міндеттері:
      1) қоғамдық–саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, мемлекеттік егемендікті нығайту, қоғамдық үдерістерді демократияландыру және қоғамды біріктіру;
      2) өңірде мемлекеттік басқару жергілікті органдармен мемлекеттік ішкі саясаттың Қазақстан Республикасы қолданыстағы заңнамасына сәйкес Бөлім құзырына жататын мәселелер бойынша орындалуын жүзеге асыруды қамтамасыз ету;
      3) мәдениет саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
      4) ауданда мемлекеттің тіл саясатын жүзеге асыру.
      16. Бөлімнің функциялары:
      1) қоғамдағы демократиялық институттарды нығайтуға қатысу, Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясының, Ел басының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауының негізгі басымдықтарын түсіндіру мен насихаттау;
      2) ішкі саясат, қоғамдық – саяси саласының мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы заңнамаларын, мемлекеттік ішкі саясатты түсіндіру мен насихаттау жөніндегі бағдарламаларды әзірлеу және жүзеге асыру бойынша жұмысты үйлестіру;
      3) ішкі саясат саласындағы концептуалды негіздер мен тәжірбиелі ұсыныстарды, сондай-ақ азаматтық ұқсастықты қалыптастыру, Қазақстанды дамытудың ұзақ мерзімді басымдықтары негізінде ұсыныстарды өндіру;
      4) өңірде болып жатқан қоғамдық – саяси процестер мен олардың даму барысын жан-жақты және обьективті зерделеу, қорытындылау және талдау;
      5) мемлекеттік ақпараттық саясатты өңірлік деңгейде жүзеге асыру, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары қызметінің мемлекеттік тапсырысты орындау, оны өткізу бойынша үйлестіру, бұқаралық ақпарат баспа және электронды құралдардың мониторингін жүзеге асыру;
      6) өңірде қоғамдық-саяси жағдайды болжауға бағытталған әлеуметтану және саясаттану зерттеулерін жүргізу;
      7) діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
      8) ақпарат құралдары мониторингін жүргізу;
      9) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңның орындалуы жөнінде жұмысты ұйымдастыру;
      10) бос уақыт өткізу бірлестігі, жастар мен балалар ұйымдарының жұмысын үйлестіру және өзара іс-әрекеттерді жүзеге асыру;
      11) ауданда жастар саясатының жүзеге асырылуына бақылауды іске асыру;
      12) саяси партиялар, ұлттық мәдени бірлестіктермен, діни және басқа да қоғамдық ұйымдармен байланыстарды жүзеге асыру;
      13) театр, музыка және кино өнері, кітапхана және мұражай ісі, мәдени-демалыс қызмет саласында ауданның мемлекеттік мәдениет ұйымдарын құрады, сондай-ақ олардың қызметін қолдауды және үйлестіруді жүзеге асырады;
      14) жергілікті маңызы бар тарих, материалдық және рухани мәдениет ескерткіштерін есепке алу, қорғау және пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
      15) ауданның сауықтық мәдени-бұқаралық іс-шараларын, сондай-ақ әуесқой шығармашылық бірлестіктер арасында байқаулар, фестивальдер және конкурстар өткізуді жүзеге асырады;
      16) ауданның мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттаудан өткізеді;
      17) өз құзыреті шегінде мәдениет саласындағы коммуналдық меншікті басқаруды жүзеге асырады;
      18) ауданның мәдени мақсаттағы объектілерінің құрылысы, реконструкциясы және жөнделуі бойынша тапсырысшы болады;
      19) мемлекеттік мәдениет ұйымдарын қолдайды және материалдық-техникалық қамтамасыз етуде жәрдем көрсетеді;
      20) мемлекеттiк тiлдi және басқа тiлдердi дамытуға бағытталған аудандық деңгейдегi iс-шараларды жүргiзедi;
      21) облыстардың атқарушы органдарына ауылдардың, кенттердiң, ауылдық округтердiң атауы және олардың атауларын өзгерту, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын өзгерту туралы ұсыныстар енгiзедi
      22) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1) ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту жүйесін дамыту мәселесі бойынша жоба әзірлеп, оны белгіленген тәртіппен жоғарғы органдарға ұсынуға;
      2) мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан және азаматтардан өз құзыреті шеңберінде қажетті ақпараттар сұрауға және алуға;
      3) Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтауға;
      4) жалпымемлекеттік ішкі және сыртқы саясатқа, оның ішінде қаржылық және инвестициялық саясатқа сай келмейтін шешімдердің қабылдануына жол бермеуге;
      5) бірыңғай еңбек нарығын, капиталды қалыптастыруға, тауарлар мен қызметтерді еркін алмасуға, Қазақстан Республикасының бірыңғай мәдени және ақпараттық кеңістігінің қалыптасуы мен дамуына кедергі келтіретін шешімдердің қабылдануына жол бермеуге;
      6) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасының мүдделерін сақтауға;
      7) қызметтің қоғамдық маңызы бар салаларында белгіленген жалпымемлекеттік стандарттарды сақтауға;
      8) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық актілеріне сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыруға.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. Бөлімге басшылықты Бөлімге жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      19. Бөлімнің бірінші басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. Бөлімнің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
      21. Бөлімнің бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) Бөлiмнiң жұмысын ұйымдастырады және басқарады, Бөлімге жүктелген мiндеттердi атқару және өзiнiң функцияларының жүзеге асырылуына дербес жауапкершiлікті алады;
      2) Бөлім қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;
      3) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды қабылдамағаны үшін жауапкершілікті алады;
      4) Заңмен белгіленген тәртіп бойынша Бөлім қызметкерлерін ынталандыруды жүзеге асырады;
      5) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс жүргізеді;
      6) Заңмен белгіленген тәртіппен Бөлім қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;
      7) Өз құзырының шегінде бұйрық шығарады, нұсқау береді, қызметтік құжаттарға қол қояды;
      8) Өз құзыретінің шегінде қолдағы заңнамаға сәйкес басқа да қызметтерді орындайды;
      Бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      22. Бірінші басшы өз орынбасарының өкiлеттiгін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгiлейдi.

4. Мемлекеттік органның мүлкi

      23. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкін.
      Бөлімнің мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      24. Бөлімге бекiтiлген мүлiкаудандық коммуналдық меншiкке жатады.
      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлімнің өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      26. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады