Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Махамбет аудандық мәслихатының 28.06.2022 № 149 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21 және 39 баптарына сәйкес және Махамбет аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 186 қаулысын қарай келіп, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 10 желтоқсандағы № 138 "Алушылардың жекелеген санаттары үшін әлеуметтік көмек көрсету еселігін және әлеуметтік көмек мөлшерін, атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесін белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 2801 санымен тіркелген, "Жайық шұғыласы" газетінің 2013 жылғы 19 желтоқсанда жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:1-жолдағы "100 000" деген сандар "200 000" деген сандармен ауыстырылсын;
5-жолдағы "5 000" деген сандар "25 000" деген сандармен ауыстырылсын.
2. Шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың заңдылықты сақтау, экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (Ш. Торбаева) жүктелсін.3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4. Осы шешім 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2015 жылдың 31 желтоқсанына дейін күшін сақтайды.
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс 31-сессиясының төрағасы |
А. Ерманов |
Аудандық мәслихат хатшысы | А. Құрманбаев |