Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 22 қыркүйектегі № 320 "Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Махамбет ауданында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін және базалық жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Махамбет ауданы мәслихатының 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 351 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 11 қаңтарда № 3425 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Махамбет ауданы мәслихатының 2016 жылғы 24 ақпандағы № 367 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Махамбет аудандық мәслихатының 24.02.2016 № 367 шешімімен (қабылданған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына және Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21-бабына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 22 қыркүйектегі № 320 "Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Махамбет ауданында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін және базалық жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3317 санымен тіркелген, 2015 жылғы 29 қазанда аудандық "Жайық шұғыласы" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
      "базалық" деген сөздер алынып тасталсын.
      2. Шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың заңдылықты сақтау, экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрайымына (Ш.Торбаева) жүктелсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихаттың кезекті
37-сессиясының төрағасы
Н. Ерғалиев
      Аудандық мәслихат хатшысы А. Құрманбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады