Ескерту. Шешімнің "базалық" деген сөздері алынып тасталды - Атырау облысы Махамбет аудандық мәслихатының 24.12.2015 № 351 шешімімен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Салық кодексінің 387-бабы 1-1 тармағына, 444-бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына сәйкес, Махамбет аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Махамбет ауданында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері және жер салығының мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын.
Осы шешімнің орындалысына бақылау жасау аудандық мәслихаттың заңдылықты сақтау, экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрайымына (Ш. Торбаева) жүктелсін.
Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың кезекті 35-сессиясының төрағасы |
А. Есқариев |
Аудандық мәслихаттың хатшысы | А. Құрманбаев |