Исатай аудандық мәслихат депутаттығына № 9 сайлау округі бойынша барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын белгілеу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Исатай аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 33 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 02 наурызда № 3115 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Исатай аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 05 мамырдағы № 82 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Исатай аудандық әкімдігінің 05.05.2015 № 82 қаулысымен (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 28-бабы 6-тармағы негізінде және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабын басшылыққа алып, аудандық әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Исатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен (келісім бойынша) бірлесіп, № 9 сайлау округі бойынша Исатай аудандық мәслихат депутаттығына барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау "Исатай ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы Д. Есмұхановқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Т. Сұлтанбеков
      КЕЛІСІЛДІ:
      Исатай аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы
2015 жылғы "20" ақпан
Б. Қарабаев

  Аудан әкімдігінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 33 қаулысына қосымша

Исатай аудандық мәслихат депутаттығына № 9 сайлау округі бойынша барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орыны


Округ атауы

Орналасқан жері

1
Жанбай ауылы
Жанбай ауылы, З. Құрасұлы көшесінің бойында орналасқан тақта

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады