Аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақыcының мөлшерлемесін есептеу қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Қызылқоға аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 79 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 13 сәуірде № 3162 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Қызылқоға аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 8 мамырдағы № 111 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Қызылқоға аудандық әкімдігінің 08.05.2015 № 111 қаулысымен (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37-баптарына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 74-бабына, "Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 88 қаулысымен бекітілген мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларының 50-тармағына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. Әжіғалиевке жүктелсін.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі М. Мұқанов

  Қызылқоға ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 79 қаулысымен бекітілген

Аудандық коммуналдык мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу қағидалары

      1. Осы аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу қағидалары (бұдан әрі–Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 88 "Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы" қаулысымен бекітілген қағидаларының 50-тармағына сәйкес әзірленді және аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу тәртібін айқындайды.
      2. Аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың теңгерімінде тұрған мемлекеттік тұрғын емес қордың объектілерін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жылдық жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу осы Қағиданың қосымшасына сәйкес тұрғын емес үй-жайдың салыну үлгісі, түрі, қолайлылық дәрежесі, аумақтық орналасуы, жалдаушының қызмет түрі, жалдаушының ұйымдық-құқықтық нысаны ескерілетін коэффициенттердің қолданылатын базалық мөлшерлемесі мен мөлшерлері негізінде анықталып, мына формула бойынша жүзеге асырылады:
      Ап = Рбс х S х Кт х Кк х Кск х Кр х Квд х Копф, мұнда:
      Ап-жылына аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың теңгерімінде тұрған мемлекеттік тұрғын емес қордың объектілерін жалдау ақысының мөлшерлемесі;
      Рбс- 1 шаршы метрге жалдау ақысының базалық мөлшерлемесі, жылына теңге;
      S – жалға алынатын алаң, шаршы метр;
      Кт - құрылыс үлгісін ескеретін коэффициент;
      Кк - тұрғын емес үй-жайдың түрін ескеретін коэффициент;
      Кск - қолайлылық дәрежесін ескеретін коэффициент;
      Кр - аумақтық орналасуын ескеретін коэффициент;
      Квд - жалдаушының қызмет түрін ескеретін коэффициент;
      Копф-жалдаушының ұйымдастыру-құқықтық нысанын ескеретін коэффициент.
      3. Жабдықтар мен автокөлік құралдарын және басқа да тұтынылмайтын заттарды мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жылдық жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу мына формула бойынша жүзеге асырылады:
      Ап = С х Nam/100 х Кп мұнда:
      Ап-жылына жабдықтар мен көлік құралдары және басқа да тұтынылмайтын мүліктін жалдау ақысының мөлшерлемесі;
      С - бухгалтерлік есеп деректері бойынша жабдықтардың қалдық құны.
      100 пайыз тозуы есептелген жабдықтарды көлік құралдарын және басқа да тұтынылмайтын мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде қалдық құны бастапқы (қалпына келтіру) құнынан 10 пайыз мөлшерінде қабылданады;
      Nam – Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" кодексінің (Салық кодексі) 120-бабына сәйкес амортизацияның шекті нормалары;
      Кп - төмендету коэффициенті (жабдықтар мен көлік құралдары және басқа да тұтынылмайтын мүліктің алпыс пайыздан аса тозу кезінде - 0,8 мөлшерінде, сауда-сатып алу (делдалдық) қызметті қоспағанда, өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызмет көрсету саласын дамыту үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне беру кезінде - 0,5 мөлшерінде) қолданылады.
      4. Аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың теңгеріміндегі мемлекеттік тұрғын емес қордың объектілерін, сондай-ақ жабдықты, автокөлік құралдарын және басқа да тұтынылмайтын заттарды сағат бойынша мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысын есептеу мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:
      Ач=Ап/12/Д/24, мұнда:
      Ач–аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың теңгеріміндегі мемлекеттік тұрғын емес қордың объектілері, жабдық, көлік құралдары және басқа да тұтынылмайтын заттар үшін жалдау ақысының сағатына мөлшерлемесі;
      Ап–аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың теңгеріміндегі мемлекеттік тұрғын емес қордың объектілері, жабдық, көлік құралдары және басқа да тұтынылмайтын заттар үшін жалдау ақысының жылына мөлшерлемесі;
      Д–объектілерді мүліктік жалдауға беру жүзеге асырылатын айдағы күндердің саны.

  Аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу қағидаларына қосымша

Тұрғын емес үй-жайдың салыну үлгісі, түрі, қолайлылық дәрежесі, аумақтық орналасуы, жалдаушының қызмет түрі, жалдаушының ұйымдық-құқықтық нысаны ескерілетін коэффициенттердің қолданылатын базалық мөлшерлемесі мен мөлшерлері


Базалық мөлшерлемесі
 
Әкімшілік-аумақтық бірлік
Базалық мөлшерлеменің мөлшері
 
Қызылқоға ауданы
Тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген 1,5 айлық есептік көрсеткіш

Коэффициенттер түрі
Коэффициент мөлшері
1
Құрылыс үлгісін ескеретін коэффициент (Кт):
 
1.1 кеңселік
1,0
1.2 өндірістік
0,8
1.3 қойма, гараж, қазандық
0,6
1.4 спорттық имараттар (стадиондар, спорттық залдар)
0,7
2
Тұрғын емес үй-жайдың түрін ескеретін коэффициент (Кк):
 
2.1 жеке тұрған құрылыс
1,0
2.2 жапсарлас-жанаса салынған бөлігі
0,9
2.3 астыңғы (жартылай жертөле) бөлігі
0,7
2.4 жертөле бөлігі
0,6
3
Қолайлылық дәрежесін ескеретін коэффициент (Кск):
 
3.1 барлық инженерлік-техникалық құрылғылары бар үй-жайлар үшін (электр энергиясы, кәріз, сумен жабдықтау, жылыту) коммуникациялардың қандай да бір түрлері жоқ болса, әрбір түрге 0,1-ге азаяды
1,0
4
Аумақтық орналасуын ескеретін коэффициент (Кр):
 
4.1 аудан орталығы үшін
1,0
4.2 ауылдық елді мекендер үшін
0,5
5
Жалдаушының қызмет түрін ескеретін коэффициент (Квд):
 
5.1 халыққа қызмет көрсетуге арналған банкттердің, "Казпошта" акционерлік қоғамның есеп айырысу-кассалық орталықтары үшін (қол жетімділігі шектеулі коммуналдық заңды тұлғалардың ғимараттарында 0,5-ке төмендету коэффициенті қолданылады),
2,0
5.2 брокерлік қызметті жүзеге асыру және кеден қызметтерін көрсету, айырбастау пункттері және қызметі бағалы қағаздар нарығымен байланысты ұйымдар, сақтандыру, инвестициялық компаниялар, нотариалдық кеңселер, адвокаттық кеңселер үшін
3,0
5.3 оқу орындарының жатақханаларында сауда қызметтерін ұйымдастыру үшін
1,9
5.4 қоғамдық тамақтандыруды ұйымдастыру үшін
1,5
5.5 мынадай салаларда қызметтерді ұйымдастыру үшін:
 
5.5.1 орта, техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру
0,9
5.5.2 мектепке дейінгі білім беру
0,8
5.6 денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салаларында қызметтерді ұйымдастыру үшін
1,0
5.7 өткізу жүйесі бар (қол жетімділігі шектеулі) коммуналдық заңды тұлғалардың ғимараттарында қызметкерлердің тамақтануын ұйымдастыру, тұрмыстық қызметтерді көрсету, сондай-ақ оқу орындарындағы асхана, буфеттер мен жатақханалар үшін
0,5
5.8 қызмет түрлері үшін, 5.1-5.7-тармақтарда көрсетілген қызмет түрлерін қоспағанда
1,9
6
Жалдаушының ұйымдастырушылық-құқықтық нысанын ескеретін коэффициент (Копф):
 
6.1 сауда-делдалдық қызметті қоспағанда, өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызметтер саласын дамыту үшін шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін
0,9
6.2 акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайыздары немесе акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі және табысының кемінде 90 пайызын бюджеттік бағдарламаларды орындаудан алатын акционерлік қоғамдар (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер) үшін
0,8
6.3 қайырымдылық және қоғамдық бірлестіктер, бейкоммерциялық ұйымдар үшін
0,5
6.4 қалғандары үшін
1,0

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады