Аудан әкімдігінің қаулысының күшін жою туралы

Жаңа

Атырау облысы Қызылқоға аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 8 мамырдағы № 111 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2001жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабын басшылыққа ала отырып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудан әкімдігінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 79 "Аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақыcының мөлшерлемесін есептеу қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3162 тіркелген, аудандық "Қызылқоға" газетінде 2015 жылы 16, 23 сәуірде жарияланған), аудан әкімдігінің қаулысының күші жойылсын.
      2. Осы қаулы аудандық "Қызылқоға" газетіне жариялансын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы М. Абуовке жүктелсін.
      Аудан әкімі М. Мұқанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады