Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Қызылқоға ауданы әкімдігінің 21.01.2025 № 4 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21 бабына сәйкес Қызылқоға аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану Қағидасын бекіту туралы" Қызылқоға аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 9 ақпандағы № 49 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3103 тіркелген, 2015 жылғы 5 наурыздағы "Қызылқоға" газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:көрсетілген қаулымен бекітілген Коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану Қағидасының:
мемлекеттік тілдегі мәтіннің 12 тармағында "сақтаудан" деген сөз "сатудан" деген сөзімен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгертілмейді.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Әжіғалиевқа жүктелсін.3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | М. Мұқанов |