Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Қызылқоға ауданы Ойыл ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 29 шілдедегі № 23 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 31 шілдеде № 3269 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Қызылқоға ауданы Ойыл ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 06 қазандағы № 31 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Қызылқоға ауданы Ойыл ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 06 қазандағы № 31 шешімімен (қол қойылған күннен бастап күшіне енеді).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7 тармақшасына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қызылқоға аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2015 жылғы 10-маусымдағы № 127 ұсынысы негізінде әкім ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Жасқайрат ауылында бір иттен құтыру ауруының шығуына байланысты Шүкір Еркінов көшесінде орналасқан № 1, 8, 9, 12, 13 үйлерге шектеу іс-шаралары белгіленсін.
      2. Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Қызылқоға аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Атырау облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Қызылқоға аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды алу ұсынылсын.
      3. Осы шешімнің орындалысын бақылауды өз міндетіме қалдырамын.
      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Ойыл ауылдық
округінің әкімі:
Е. Иғали
      КЕЛІСІЛДІ:
      Атырау облысы Денсаулық сақтау
басқармасының "Қызылқоға
аудандық орталық ауруханасы"
шаруашылық жүргізу құқығындағы
коммуналдық мемлекеттік
кәсіпорнының бас дәрігері
С. Тайшыбай
      "29" шілде 2015 жыл
      "Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Тұтынушылардың құқықтарын
қорғау комитетінің Атырау облысы
тұтынушылардың құқықтарын
қорғау департаментінің Қызылқоға
аудандық тұтынушылардың
құқықтарын қорғау басқармасы"
республикалық мемлекеттік
мекемесінің басшысы
А. Аймұратова
      "29" шілде 2015 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады