Ойыл ауылдық округі әкімінің 29.07.2015 жылғы № 23 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күшін жою туралы

Жаңа

Атырау облысы Қызылқоға ауданы Ойыл ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 06 қазандағы № 31 шешімі

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қызылқоға аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 6 қазан 2015 жылғы № 201 ұсынысына сәйкес ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ойыл ауылдық округі әкімінің 29 шілде 2015 жылғы № 23 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің (31 шілде 2015 жылы МТН № 3269, аудандық "Қызылқоға" газетіннің 6 тамыз 2015 жылы № 31 (6923) нөмірінде жарияланған) күші жойылсын.
      2. Осы шешім аудандық "Қызылқоға" газетінде жариялансын.
      3. Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
      4. Осы шешімнің орындалысын бақылауды Ойыл ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы А.Ақбалашұлына жүктелсін.
      Округ әкімі: Е. Иғали

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады