Тасшағыл ауылдық округі "Тасшағыл" өндірістік кооперативіне қарасты "Өтебай" қыстағына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
ЖаңаАтырау облысы Қызылқоға ауданы Тасшағыл ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 17 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 08 шілдеде № 3245 болып тіркелді
1. Тасшағыл ауылдық округінің "Тасшағыл" өндірістік кооперативіне қарасты "Өтебай" қыстағындағы ұсақ мүйізді малдар арасында бруцеллез ауруының шағуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Қызылқоға аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Атырау облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Қызылқоға аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды алу ұсынылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз