Аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 250-V "Индер ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Индер аудандық мәслихатының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 264-V шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 13 сәуірде № 3166 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Индер аудандық мәслихатының 2015 жылғы 16 қыркүйектегі № 303-V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Индер аудандық мәслихатының 16.09.2015 № 303-V шешімімен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 29 желтоқсандағы Заңының 1-бабының 1 тармағы негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 250-V "Индер ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 3076 санымен тіркелген, "Дендер" газетінде 2015 жылғы 15 қаңтарда жарияланған) шешімімен бекітілген қағидасына келесі өзгерістер енгізілсін:
      1) 1 тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "6) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстар – үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің жалпы жиналыстың шешімімен белгіленген ай сайынғы жарналар арқылы кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін пайдалануға және жөндеуге, жер учаскесін күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуды есептеудің үйге ортақ аспаптарын сатып алуға, орнатуға, пайдалануға және салыстырып тексеруге, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтерді төлеуге, сондай-ақ кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін немесе оның жекелеген түрлерін болашақта жүргізілетін күрделі жөндеуге ақша жинақтауға арналған шығыстарының міндетті сомасы;";
      2) 5 тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) жекешелендiрiлген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарды;".
      2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудандық мәслихаттың әлеуметтік саясат, білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау, жастар ісі, құқық қорғау, депутат этикасы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасына жүктелсін (А. Доспаева).
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың кезекті
      ХХІХ сессиясының төрағасы                  О. Ділмұқашева

      Аудандық мәслихат хатшысы                  Б. Сапаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады