Кейбір мемлекеттік мекемелердің ережелерін бекіту туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Индер ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 24 шілдедегі № 211 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 24 тамызда № 3282 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Индер ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 9 тамыздағы № 178 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Индер ауданы әкімдігінің 09.08.2016 № 178 қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37 баптарына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы Жарлығына сәйкес, Индер ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       Қоса беріліп отырған:
      1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес "Индер аудандық кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже;
      2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес "Индер аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
       Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Д.Д. Шамұратовқа жүктелсін.
       Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі С. Арыстан

  Аудан әкімдігінің 2015 жылғы "24" шілдедегі № 211 қаулысына 1 қосымша
  Аудан әкімдігінің 2015 жылғы "24" шілдедегі № 211 қаулысымен бекітілген

"Индер аудандық кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер

      1. "Индер аудандық кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) кәсіпкерлік, өнеркәсіп, сауда, сыртқы экономикалық байланыс және туризм салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
       Бөлімнің ведомстволары жоқ.
       Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Коституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасымен Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
       Бөлім мемлекеттік мекеменің ұйымдық – құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі банкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
       Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
       Бөлім егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
       Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
       Бөлім құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
       Заңды тұлғаның орналасқан жері:
      Қазақстан Республикасы, 060200, Атырау облысы, Индер ауданы, Индербор кенті, Меңдіғалиев көшесі, 30/26 үй.
       Мемлекеттік органның толық атауы – "Индер аудандық кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
       Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
       Бөлімнің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
       Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік мекеменің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

       Бөлімнің миссиясы:
      кәсіпкерлік, өнеркәсіп, сауда, сыртқы экономикалық байланыс және туризм салаларындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
       Міндеттері:
      1) жеке кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдайлар жасау;
      2) сауда саясатын жүргізуді қамтамасыз ету;
      3) туристік саладағы қызметті үйлестіру.
       Функциялары:
      4) жеке кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың мемлекеттiк саясатының iске асырылуын жүзеге асыру;
      5) жеке кәсiпкерлiктi дамыту үшiн жағдайлар жасау;
      6) өңiрде шағын және орта кәсiпкерлiктi және инновациялық қызметтi қолдау инфрақұрылымының объектiлерiн құру мен дамытуды қамтамасыз ету;
      7) жергiлiктi атқарушы органдардың жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiмен, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсiпкерлер палатасымен және нарықтық инфрақұрылым объектiлерiмен өзара қарым-қатынастарын дамыту стратегиясын айқындау;
      8) сарапшылық кеңестердiң қызметiн ұйымдастыру;
      9) жергiлiктi деңгейде жеке кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдауды қамтамасыз ету;
      10) ауданда бағдарламаларын жүзеге асыру мақсатында, шет ел әріптестерімен қарым-қатынастарды дамыту, экономиканың нақты секторына және әлеуметтік салаға инвестиция тарту жұмыстарын ұйымдастыру;
      11) Қазақстан Республикасының шет ел елшіліктері арқылы шет ел инвесторларын қаланың өндірістік әлеуетімен таныстыру мақсатында, халықаралық форумдар мен көрмелерге жергілікті тауар өндірушілерінің қатысуын қамтамасыз ету;
      12) сыртқы экономикалық байланыстарды дамыту жұмыстарын жүргізу;
      13) сауда саясатын жүргiзудi қамтамасыз ету;
      14) өз құзыретi шегiнде сауда қызметi субъектiлерiнiң қызметiн реттеудi жүзеге асыру;
      15) аудан аумағында сауда қызметiне қолайлы жағдайлар жасау жөнiнде шаралар әзiрлеу;
      16) халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудiң ең төменгi нормативтерi бойынша ұсыныстар әзiрлеу;
      17) халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудiң ең төменгi нормативiне қол жеткiзу жөнiнде шаралар әзiрлеу және iске асыру;
      18) көрмелер мен жәрмеңкелер ұйымдастыруды жүзеге асыру;
      19) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуына өз құзыреті шегінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
      20) аудан аумағында туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру және үйлестіруді жүзеге асыру;
      21) аудандық туристік ресурстарды қорғау жөніндегі шараларды әзірлеу және енгізу;
      22) жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүдделерiнде Қазақстан Республикасының заңнамасында жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру.
       Құқықтары мен міндеттері:
      23) жиналыстарды өткізу тәртібін ұйымдастырады, аудан әкімдігінің отырыстарына қатысады;
      24) Бөлім қызметінің бұқаралық ақпарат құралдарына жария етілуін қамтамасыз етеді;
      25) Бөлім Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, осы Ережеге сәйкес өкілеттіктерді жүзеге асырады.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

       Бөлімге басшылықты Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
       Бөлімнің басшысын қызметке аудан әкімі тағайындайды және қызметтен босатады.
       Бөлім басшысының өкілеттігі:
      26) өз қызметін жүзеге асыру кезінде аудан әкімі мен жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына есеп береді;
      27) орынбасарының және қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіліктерін анықтайды;
      28) қызметкерлерді қызметке тағайындайды және босатады;
      29) заңнамада белгіленген тәртіппен қызметкерлерді ынталандыруды жүзеге асырады;
      30) заңнамада белгіленген тәртіппен қызметкерлерге тәртіптік жаза қолданады;
      31) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік және қаржы құжаттарына қол қояды;
      32) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда сенімхатсыз Бөлімнің мүддесін білдіреді;
      33) сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шараларды қолданады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қолданбағаны үшін дербес жауапкершілікте болады;
      34) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттілікті жүзеге асырады.
      Бөлім басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

       Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
       Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
       Егер заңнамады өзгеше көзделмесе, Бөлім, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

       Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

  Аудан әкімдігінің 2015 жылғы "24" шілдедегі № 211 қаулысына 2 қосымша
  Аудан әкімдігінің 2015 жылғы "24" шілдедегі № 211 қаулысымен бекітілген

"Индер аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер

      2. "Индер аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) өз құзыреті шегінде ауылшаруашылығы саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган болып табылады.
       Бөлімнің ведомстволары жоқ.
       Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Коституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасымен Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
       Бөлім мемлекеттік мекеменің ұйымдық – құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі банкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
       Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
       Бөлім егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
       Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
       Бөлім құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
       Заңды тұлғаның орналасқан жері:
      Қазақстан Республикасы 060200, Атырау облысы, Индер ауданы, Индербор кенті, Меңдіғалиев көшесі, 30/9 үй.
       Мемлекеттік органның толық атауы – "Индер аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
       Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
       Бөлімнің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
       Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік мекеменің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

       Бөлімнің миссиясы:
      аграрлық сектордың даму концепцияларын, жобалау тенденцияларын талдауын жүзеге асыру және оның келешегін анықтау және нарықтық қарым-қатынас шарттарында ауданда аграрлы саясатты жүргізу.
       Міндеттері:
      35) бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрудің экономикалық жағдайларын жасау;
      36) азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
      37) заңнамамен жүктелген басқа да міндеттерді жүзеге асыру.
       Функциялары:
      38) агроөнеркәсіптiк кешен мен ауылдық аумақтар саласында жедел ақпарат жинауды жүргiзу және оны аудан әкімдігіне беру;
      39) тракторларға және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерге, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелеріне, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерге, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарға ауыртпалықтың жоқ (бар) екендігі туралы ақпарат ұсыну;
      40) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілерден асыл тұқымды мал туралы деректер жинауды жүзеге асыру;
      41) көрмелер мен жәрмеңкелер ұйымдастыруды жүзеге асыру;
      42) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
      43) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
       Құқықтары мен міндеттері:
      44) өз функцияларын орындау мақсатында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан және басқа да ұйымдардан қажетті құжаттарды, ақпараттарды сұрау және алу;
      45) өз құзырына жататын мәселелерді шешуді қарау жөнінде аудан әкіміне және әкімдігіне ұсыныстар енгізу;
      46) шаруа (фермер) қожалықтары және басқа да ауыл шаруашылық құрылымдарына қажетті жағдайда әдістемелік, ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық көмек көрсетуге;
      47) міндетіне кіретін мәселелер бойынша бекітілген тәртіпке сәйкес семинарлар, кеңестер, жиналыстар өткізуге;
      48) жиналыстарды өткізу тәртібін ұйымдастырады, аудан әкімдігінің отырыстарына қатысады;
      49) Бөлім қызметінің бұқаралық ақпарат құралдарына жария етілуін қамтамасыз етеді;
      50) Бөлім Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, осы Ережеге сәйкес өкілеттіктерді жүзеге асырады.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

       Бөлімге басшылықты Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
       Бөлімнің басшысын қызметке аудан әкімі тағайындайды және қызметтен босатады.
       Бөлім басшысының өкілеттігі:
      51) өз қызметін жүзеге асыру кезінде аудан әкімі мен жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына есеп береді;
      52) орынбасарының және қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіліктерін анықтайды;
      53) қызметкерлерді қызметке тағайындайды және босатады;
      54) заңнамада белгіленген тәртіппен қызметкерлерді ынталандыруды жүзеге асырады;
      55) заңнамада белгіленген тәртіппен қызметкерлерге тәртіптік жаза қолданады;
      56) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік және қаржы құжаттарына қол қояды;
      57) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда сенімхатсыз Бөлімнің мүддесін білдіреді;
      58) сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шараларды қолданады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қолданбағаны үшін дербес жауапкершілікте болады;
      59) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттілікті жүзеге асырады.
      Бөлім басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

       Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
       Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
       Егер заңнамады өзгеше көзделмесе, Бөлім, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

       Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады