Аудан әкімдігінің 2015 жылғы 24 шілдедегі № 211 "Кейбір мемлекеттік мекемелердің ережелерін бекіту туралы" қаулысының күшін жою туралы

Жаңа

Атырау облысы Индер ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 9 тамыздағы № 178 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабының 8 тармағына және "Кұқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудан әкімдігінің 2015 жылғы 24 шілдедегі № 211 "Кейбір мемлекеттік мекемелердің ережелерін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2015 жылғы 24 тамызында № 3282 санымен тіркелген) қаулысының күші жойылсын.
      2. "Атырау облысы Индер ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы Қ. Саргужиевке жүктелсін.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімінің міндетін атқарушы А. Балахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады