Индер ауданы Индербор кентінің кейбір көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Атырау облысы Индер ауданы Индербор кенті әкімінің 2015 жылғы 11 қарашадағы № 121 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 26 қарашада № 3357 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 - бабының 4) тармақшасына, Атырау облыстық ономастика комиссиясының 2015 жылғы 3 қарашадағы қорытындысына сәйкес Индербор кентінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
       Индер ауданы, Индербор кентінің мынадай көшелері:
      1) "Оңдасынов Нұртас" тұйық көшесі – "Жәрдем Кенжетаев" көшесі;
      2) "Николай Некрасов" тұйық көшесі– "Бағыткерей Қабиев" көшесі;
      3) "Подстанция" көшесі– "Сейілхан Ғабдуллин" көшесі;
      4) "Жамбыл Жабаев" тұйық көшесі – "Гавриил Шамин" көшесі;
      5) "Дина Нұрпейсова" тұйық көшесі – "Оқас Нығыметдинов" көшесі деп қайта аталсын.
       Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
       Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Кент әкімі А. Құсайнов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады