Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Құрманғазы ауданында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін және жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Құрманғазы ауданы мәслихатының 2015 жылғы 15 қыркүйектегі № 446-V шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 06 қазанда № 3308 болып тіркелді

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Құрманғазы аудандық мәслихатының 02.03.2015 № 516-V шешімімен.
      Ескерту. Шешімнің "базалық" деген сөздері алынып тасталды - Атырау облысы Құрманғазы аудандық мәслихатының 23.12.2015 № 474-V шешімімен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Салық кодексінің 387-бабының 1-1-тармағына, 444-бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына сәйкес және аудан әкімдігінің ұсынысы негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Құрманғазы ауданында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері және жер салығының мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың экономика, салық және бюджет саясаты жөніндегі тұрақты комиссиясына (төрағасы Б.Жүгінісов) жүктелсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихаттың
ХХХХ сессиясының төрағасы
Р. Габдушова
      Аудандық мәслихат хатшысы Р. Сұлтанияев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады