Аудандық мәслихаттың кейбір шешімдерінің күшін жою туралы

Жаңа

Атырау облысы Құрманғазы аудандық мәслихатының 2016 жылғы 02 наурыздағы № 516-V шешімі

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1-бабын басшылыққа алып аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Аудандық мәслихаттың келесі шешімдерінің күші жойылсын:
      1) 2015 жылғы 15 қыркүйектегі № 446-V "Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Құрманғазы ауданында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін және базалық жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3308 санымен тіркелген, 2015 жылғы 22 қазанда аудандық "Серпер" газетінде жарияланған);
      2) 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 474-V "Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 15 қыркүйектегі № 446-V "Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Құрманғазы ауданында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін және базалық жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3418 санымен тіркелген, 2016 жылғы 23 қаңтарда аудандық "Серпер" газетінде жарияланған) шешімдерінің күші жойылсын.
      2. Осы шешім аудандық "Серпер" үнжариясына жариялансын.
      Аудандық мәслихаттың кеезектен
тыс ХХХХVІІ сессиясының төрағасы
Н. Хұсайнов
      Аудандық мәслихат хатшысы Р. Сұлтанияев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады