Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмділігiн және өнiм сапасын арттыруға субсидиялар көлемдерін бекіту туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 13 ақпандағы № 33 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 18 ақпанда № 3030 болып тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2016 жылғы 5 сәуірдегі № 101 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 05.04.2016 № 101 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 3-1/600 бұйрығымен бекітілген Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларының 5-тармағына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Субсидиялар көлемдері:
      1) асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес;
      2) мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыруға осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      2. "Оңтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
      1) осы қаулының Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
      2) осы қаулының Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Қ.Тұяқбаевқа жүктелсін.
      Облыс әкімі А.Мырзахметов
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрі
      _______________А.С. Мамытбеков
      "16" 02 2015 жыл
      Б. Оспанов
      Б. Жылқышиев
      Е. Айтаханов
      С. Қаныбеков
      Е. Садыр
      С. Тұяқбаев
      А. Абдуллаев
      Р. Исаева

  Облыс әкімдігінің 2015 жылғы
13 ақпандағы № 33 қаулысына
1-қосымша

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялар көлемі

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 30.10.2015 № 345 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).


Субсидиялау бағыты

Өлшем бірлігі

Субсидияланатын көлем

Ірі қара мал шаруашылығы

1.
Шаруа (фермерлік), жеке қосалқы шаруашылықтарда және өндірістік кооперативтерде ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру
бас
100 000

Етті бағыттағы ірі қара мал шаруашылығы

2.
Асыл тұқымдық және селекциялық жұмыс жүргізу
1)
тұқымдық түрлендірумен қамтылған ірі қара малдың аналық мал басы
бас
35 211
2)
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты есебінен тұқымдық түрлендірумен қамтылған ірі қара малдың аналық мал басы
бас
26 134
3)
асыл тұқымды ірі қара малдың аналық мал басы
бас
2 000
4)
жалпы табындарда етті бағыттағы тұқымдық бұқаларды күтіп-бағу
бас
168
3.
Асыл тұқымды және селекциялық ірі қара малды сатып алу
1)
отандық асыл тұқымды ірі қара мал
бас
2 014

Сүтті бағыттағы мал шаруашылығы

4.
Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу
1)
асыл тұқымды ірі қара малдың аналық мал басы
бас
1 600
Етті бағыттағы құс шаруашылығы
5.
Отандық және шетелдік асыл тұқымды репродукторлардан ата-енелік/ата-тектік нысандағы етті бағыттағы асыл тұқымды тәуліктік балапан сатып алу
бас
36 000

Жұмыртқа бағыттағы құс шаруашылығы

6.
Отандық және шетелдік асыл тұқымды репродукторлардан ата-енелік /ата-тектік нысандағы етті бағыттағы асыл тұқымды инкубациялық жұмыртқа сатып алу
дана
68 704

Қой шаруашылығы (ешкі шаруашылығы)

7.
Шаруа (фермерлік), жеке қосалқы шаруашылықтарда және өндірістік кооперативтерде қойлардың аналық басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру
бас
80 000
8.
Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу
1)
тұқымдық түрлендірумен қамтылған қойлардың аналық басы
бас
149 900
2)
Асыл тұқымды еркек тоқтылар мен тұсақтарды сатып алу
бас
14 000
 

Жылқы шаруашылығы

9.
Асыл тұқымды жылқыларды сатып алу
бас
300
 
Түйе шаруашылығы
10.
Асыл тұқымды түйелер сатып алу
бас
165
 
Бал ара шаруашылығы
11.
Бал ара ұясымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу
бал ара ұясы
2 520

  Облыс әкімдігінің 2015 жылғы
13 ақпандағы № 33 қаулысына
2-қосымша

Мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға субсидиялар көлемдері

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 30.10.2015 № 345 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).


Субсидиялау бағыты

Өлшем бірлігі

Субсидияланатын көлем

 

Етті бағыттағы ірі қара мал шаруашылығы

1.
Бұқашықтарды бірінші өндіріс деңгейіндегі бордақылау алаңдарына өткізу
бас
500
2.

Сиыр еті өндірісінің құнын арзандату

1)
1-деңгей
тонна
638,470
2)
2-деңгей
тонна
688,875
3)
3-деңгей
тонна
3 394,5
3.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты есебінен жемшөп құнын арзандату
тонна
660
 

Сүтті бағыттағы ірі қара мал шаруашылығы

4.
Сүт өндірісінің құнын арзандату
1)
3-деңгей
тонна
9 000
 

Етті бағыттағы құс шаруашылығы

5.

Құс еті өндірісінің құнын арзандату

1)
3-деңгей
тонна
1 550
 
3-деңгей субсидиялау
нормативін 50%-ға арттыру есебімен
тонна
821
2)
күрке тауық еті
тонна
6 633
 
күрке тауық еті субсидиялау
нормативін 100 %-ға арттыру есебімен
тонна
3 253,1
6.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты есебінен жемшөп құнын арзандату
тонна
6 430
 

Жұмыртқа бағыттағы құс шаруашылығы

7.
Тағамдық жұмыртқа өндірісінің құнын арзандату
1)
2-деңгей
дана
114 000
 
2-деңгей субсидиялау
нормативін 50%-ға арттыру есебімен
дана
42 596
 
8.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты есебінен жемшөп құнын арзандату
тонна
4 828
 

Шошқа шаруашылығы

9.
Шошқа еті өндірісінің құнын арзандату
тонна
853
 
Шошқа еті өндірісінің құнын арзандатуға субсидиялау
нормативін 50%-ға арттыру есебімен
тонна
484
10.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты есебінен жемшөп құнын арзандату
тонна
4 320
 

Қой шаруашылығы

11.
Қой еті (қозы еті) өндірісінің құнын арзандату
1)
2-деңгей
тонна
900
12.
Биязы жүн өндірісінің құнын арзандату
тонна
95
 

Жылқы шаруашылығы

13.
Жылқы еті өндірісінің құнын арзандату
тонна
825
14.
Қымыз өндірісінің құнын арзандату
тонна
600
 

Түйе шаруашылығы

15.
Түйе еті өндірісінің құнын арзандату
тонна
211,111
16.
Шұбат (биошұбат және жақсартылған шұбат) өндірісінің құнын арзандату
тонна
1000

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады