"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 2-2-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңының 21-бабы 4) тармақшасына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2014 жылғы 28 наурыздағы № 25/204-V "Оңтүстік Қазақстан облысының қалалары және елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру Қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2666-нөмірмен тіркелген, 2014 жылғы 28 мамырда "Оңтүстік Қазақстан" газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 2-2-тармағына және "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабы 4) тармақшасына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";
көрсетілген шешіммен бекітілген, Оңтүстік Қазақстан облысының қалалары және елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру Қағидасында:
бүкіл мәтін бойынша:
"кәсіпорындарға" деген сөздер "ұйымдарға" деген сөздермен ауыстырылсын;
"кәсіпорындар, ұйымдар", "кәсіпорындар мен ұйымдар" "кәсіпорындар немесе ұйымдар", "ұйымдар мен кәсіпорындар" деген сөздер "ұйымдар" деген сөздермен ауыстырылсын;
"кәсіпорындармен, мекемелермен, ұйымдармен", "ұйымдар мен кәсіпорындар" деген сөздер "ұйымдармен" деген сөздермен ауыстырылсын;
"кәсіпорындармен немесе басқа ұйымдармен" деген сөздер "басқа ұйымдармен" деген сөздермен ауыстырылсын;
"кәсіпорындардан және ұйымдардан" деген сөздер "ұйымдардан" деген сөздермен ауыстырылсын;
"кәсіпорын" деген сөздер "ұйым" деген сөздермен ауыстырылсын;
"кәсіпорынның" деген сөздер "ұйымның" деген сөздермен ауыстырылсын;
"кәсіпорындарымен" деген сөздер "ұйымдарымен" деген сөздермен ауыстырылсын;
"кәсіпорындармен" деген сөздер "ұйымдармен" деген сөздермен ауыстырылсын;
"кәсіпорындары" деген сөздер "ұйымдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
"кәсіпорындарына" деген сөздер "ұйымдарына" деген сөздермен ауыстырылсын;
"кәсіпорындардан" деген сөздер "ұйымдардан" деген сөздермен ауыстырылсын;
"кәсіпорындардың" деген сөздер "ұйымдардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
56-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"56. Қалалық су ағатын желілерінің нөсер суларын қабылдайтын құдықтарға профилактикалық тексеруді және оларды жинауды бекітілген кесте бойынша, айына бір реттен кем емес осы құрылғылар балансында болатын мамандырылған ұйымдар жүргізеді.".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихат | |
сессиясының төрағасы | Қ.Қамбаров |
Облыстық мәслихат хатшысы | Қ.Ержан |