Оңтүстік Қазақстан облысының қалалары және елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру Қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2014 жылғы 28 наурыздағы № 25/204-V шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 22 мамырда № 2666 болып тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 21 қазандағы № 43/349-V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 21.10.2015 № 43/349-V шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 2-2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңының 21-бабы 4) тармақшасына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 19.03.2015 № 36/293-V шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      1. Қоса беріліп отырған Оңтүстік Қазақстан облысы қалалары және елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру Қағидалары бекітілсін.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихат
      сессияның төрағасы                         С.Сүгірбаев

      Облыстық мәслихат хатшысы                  Қ.Ержан

Оңтүстік Қазақстан облыстық
мәслихатының 2014 жылғы
28 наурыздағы № 25/204-V
шешімімен бекітілген

Оңтүстік Қазақстан облысының қалалары және елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру
Қағидасы

      Ескерту. Барлық мәтін бойынша «кәсіпорындарға» деген сөздер «ұйымдарға»; «кәсіпорындар, ұйымдар», «кәсіпорындар мен ұйымдар» «кәсіпорындар немесе ұйымдар», «ұйымдар мен кәсіпорындар» деген сөздер «ұйымдар»; «кәсіпорындармен, мекемелермен, ұйымдармен», «ұйымдар мен кәсіпорындар» деген сөздер «ұйымдармен»; «кәсіпорындармен немесе басқа ұйымдармен» деген сөздер «басқа ұйымдармен»; «кәсіпорындардан және ұйымдардан» деген сөздер «ұйымдардан»; «кәсіпорын» деген сөздер «ұйым»; «кәсіпорынның» деген сөздер «ұйымның»; «кәсіпорындарымен» деген сөздер «ұйымдарымен»; «кәсіпорындармен» деген сөздер «ұйымдармен»; «кәсіпорындары» деген сөздер «ұйымдары»; «кәсіпорындарына» деген сөздер «ұйымдарына»; «кәсіпорындардан» деген сөздер «ұйымдардан»; «кәсіпорындардың» деген сөздер «ұйымдардың» деген сөздермен ауыстырылды - Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 19.03.2015 № 36/293-V шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1-бөлім. Жалпы Қағидалар      

      1. Осы Оңтүстік Қазақстан облысының қалалары және елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру Қағидасы (бұдан әрі – Қағида«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодекстеріне, Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»«Тұрғын үй қатынастары туралы»«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді.
      Қағида абаттандыру, санитарлық ұстау, аумақтардың тазалығын сақтау және жиналуын ұйымдастыру, облыста инфрақұрылым нысандарын ұстау және қорғау саласындағы қатынастарды реттейді және меншік түрлеріне қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалар үшін міндетті.
      2. Осы Қағидада пайдаланылатын негізгі ұғымдар мен түсініктемелер:
      1) абаттандыру - құрылыс жұмыстарын жүргізуге жарамды, мақсатты, дұрыс пайдалану үшін сол немесе басқа аумақтарда халықтың өмір сүруіне салауатты, қолайлы және мәдени жағдай жасау мақсатында жүзеге асырылатын бірлескен жұмыстар (аумақтарды инженерлік дайындау, жолдар құрылысы, коммуникациялық жүйелерді дамыту және сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, энергиямен жабдықтау ғимараттары бойынша) және іс-шаралар (аумақтарды тазалау, құрғату және көгалдандыру, микроклиматты жақсарту, ауа бассейінін, ашық су айдынын және топырақтарды ластанудан қорғау, санитарлық тазарту, шу деңгейін төмендету бойынша);
      2) көшелердің санаты - жергілікті магистралдардың, көшелердің және өтпе жолдардың, көлік қозғалысының қарқындылығына және ерекшеліктеріне байланысты, олардың пайдалану және күтіп ұстауына қойылатын ерекшеліктердің жіктелуі;
      3) ірі көлемді қоқыс (бұдан әрі - ІКҚ) - өзінің тұтыну қасиеттерін жоғалтқан және өздерінің көлемі бойынша арнаулы қоқыс жинайтын машиналармен тасымалдау мүмкіндігін қоспағанда тұтыну және шаруашылық қызметінің қалдықтары, (тұрмыстық техника, жиһаз);
      4) шағын сәулеттік пішіндер - декоративтік сипаттағы және іске жарамды нысандар-мүсіндер, субұрқақтар, ойма бедерлер, гүл құмыралары, павильондар, сәкілер, орындықтар, урналар, балалардың ойындарына және ересек тұрғындардың демалуына арналған жабдықтар мен конструкциялар;
      5) рұқсатсыз өз еркімен қоқыс тасталған жер (рұқсатсыз тасталғанды орналастыру) немесе жеке және заңды тұлғалардың қызметі кезінде пайда болған ҚТҚ, ІКҚ, өндіріс және құрылыс қалдықтарын, басқа қоқыстарды үю;
      6) бөлінген аумақ - заңнамалық актілерде қарастырылған құқықтарымен жеке және заңды тұлғаларға берілген (бекітілген) қала құрылысы құжаттарында және мемлекеттік жер кадастырында белгіленген қолдағы бар алаңы, шекарасы, тұрған жері, заңдылық мәртебесі және басқа сипаттары көрінетін аумақтың бөлігі;
      7) өтпе жол - тұрғын үйлер және қоғамдық ғимараттарға, мекемелерге, ұйымдарға және басқа да шағын аудандарға, орамдар ішіндегі қалалық құрылыс нысандарына көліктердің кіруін қамтамасыз ететін жол элементі;
      8) бөлiнген белдеу - автомобиль жолдары алып жатқан, автомобиль жолының тиiстi констуркциялық элементтерi мен инженерлiк құрылыстарын, сондай-ақ оларды пайдалану үшiн қажеттi ғимараттар, құрылыстар салуға, қорғаныштық және әшекейлі орман екпелерiн отырғызуға және жол байланысы құрылғыларын орналастыруға арналған көлiк жерлерi;
      9) іргелес аумақ - жер телімінің меншік иесінің немесе жер пайдаланушының шекарасына тікелей жанасқан аумақ, ал жер теліміне құқық белгілеу құжаттары жоқ болған жағдайда, жеке және заңды тұлғалардың меншігінде, пайдаланымында, жалға алынған ғимарат, құрылыс, құрылыс алаңдары шарбақтарының шекарасына шектесіп тұрған сауда нысандарына, жарнама және өзге нысандардың тұтасатын аумаққа, егер ондай жоқ болған кезде, нысанның периметрімен жанасқан аумақ;
      10) автомобиль жолдарын күтіп ұстау - автомобиль жолын тиісті техникалық жай-күйде ұстау, оның техникалық жай-күйін бағалау, сондай-ақ жолда жүру қауіпсіздігін ұйымдастыру және қамтамасыз ету бойынша жұмыстар кешені;
      11) қатты тұрмыстық қалдықтар (бұдан әрі - ҚТҚ) – қатты түріндегі коммуналдық қалдықтар;
      12) тротуар - жаяу жүргіншілердің жүруіне арналған, жолға жалғасып немесе одан көгал алаңымен немесе арық жүйесімен бөлінген жолдың элементі;
      13) өкілетті орган – белгіленген заңнамалық актілермен, тиісті әкімдіктің өкілеттігімен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы функцияларды орындайтын атқарушы орган.
      3. Бекітілген нысандар болып саналады:
      1) бөлінген және маңайдағы аумақ;
      2) инженерлік желілерінің қорғалатын аумақтары.

2 бөлім. Көгалдандыру

1 тарау. Жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау

      4. Облыстың елді мекендері аумағында орналасқан барлық жасыл екпелер, қандай меншік түріне жататынына қарамастан, облыстың елді мекендер аумағының бiртұтас жасыл қорын құрайды және қорғауға жатады.
      5. Ұйымдар және жеке тұлғалар құрылыс, жөндеу және басқа да жұмыстарды жүргізу кезінде:
      1) жасыл екпелерді зақымданудан қоршау, қажеттігіне қарай және екпелерді сынудан немесе зақымдаудан қорғау үшін оларды қораптарға салуды;
      2) жолдарға, жаяу жолдарға, өткелдерге, алаңдарға қатты материал және асфальт төсеген кезде жасыл екпелердің айналасында оңтайлы ашық топырақты кеңістік құру мақсатында, көлемі 1 шаршы метрден кем емес қоршаумен шектелген ағаш түбінен қуыс қалдыруды;
      3) жасыл екпелері орналасқан аумақтарда жолдарды, жаяу жолдарды салу және қайта құру кезінде тiк белгiлердi жоғарылатқанда немесе төмендеткенде 5 сантимертден артық өзгертуге болмайды. Егер тамыр жүйесінің қурап немесе жалаңаштанып қалған жағдайда, жобаларда жасыл екпелердің дұрыс өсу жағдайын сақтауға арналған құрылғылар қарастыруды;
      4) салынып жатқан нысандарға кірме жолдары салынғанда жасыл екпелердің орналасуы және жасыл екпелер бар қоршаулардың сақталуын ескеруді қамтамасыз етеді.
      6. Құрылыс салуға немесе басқа жұмыстар жүргiзуге бөлiнген учаскелерде жасыл екпелерді сақтау мүмкiн болмаған жағдайда, жасыл екпелерді алып тастау немесе қайта отырғызу жүргізіледі.
      7. Жасыл екпелерді сырып тастау:
      1) бекітілген және келісілген қала құрылысы құжаттамасымен қарастырылған құрылыстың сол немесе басқа нысандарын орналастыру үшін жағдай жасауды қамтамасыз ету;
      2) инженерлік абаттандыру нысандарында, жерүсті коммуникацияларына қызмет көрсету;
      3) апатты және төтенше жағдайларды жою, оның ішінде инженерлік абаттандыру нысандарына;
      4) жасыл екпелердің сапалық және түр құрамын жақсарту қажеттілігі болғанда;
      5) адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндірілетін, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың мүлкіне шығын келтіруі мүмкін ескі екпелерді санитарлық отау жағдайларында рұқсат етілуі мүмкін.
      8. Жасыл екпелерді сырып тастау, қайта отырғызу, пішіндеп кесу (жасарту), бөрікбастарды қырқу Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес елді мекендерді абаттандыру мәселелері жөніндегі комиссияның (бұдан әрі - комиссия) оң қорытындысы негізінде Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес тек өкілетті органмен ғана рұқсат етіледі.
      9. Комиссияның құрамы, мүшелер саны және ережесі ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының қаулысымен бекітіледі.
      10. Жасыл екпелерді сырып тастауға, қайта отырғызуға, пішіндеп кесуге (жасартуға), ұшар басын кесуге рұқсат алу үшін жеке немесе заңды тұлға уәкілетті органға келесі құжаттарды ұсынады:
      осы Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес, мекенжайы, жұмыс түрі, ағаштардың саны және түрі, жасыл екпелерде жүргізілуі тиіс жұмыстарды орындау себептері көрсетілген жазбаша өтініші;
      жер теліміне құқық белгілейтін құжаттар:
      жасыл екпелері белгіленген топотүсірілім немесе жасыл екпелерімен жер телімінің суреттері.
      Жобалау ұйымдары қосымша ұсынады:
      бекітілген жобаны;
      коммуналдық қызметтермен келісулерін.
      11. Өтініштерді қарау мерзімі уәкілетті органға тапсырған күнінен бастап заңмен белгіленген мерзімге дейін.
      12. Келіп түскен өтініштерді қарау кезінде комиссия жасыл екпелереге желектерге жүргізілетін жұмыстардың мақсаттылығы мен мүмкіндігін тексеріп, анықтайды, орынға шығу мен жасыл екпелерді тексеру актісін рәсімдейді және жасыл екпелерде санитарлық кесу (таңдап, жаппай), алып тастау, қайта отырғызу, пішіндеп кесу (жасарту), ұшарбасын қырқу және жасыл екпелердегі басқа да жұмыс түрлерін жүргізудің қажеттілігі туралы қорытынды береді.
      13. Жасыл екпелерді алып тастауға комиссияның қорытындысын алғаннан кейін, жеке немесе заңды тұлға соңынан жергілікті бюджетке ақшалай қаржыны (алынып тасталатын жасыл екпелердің құны) аударумен жасыл екпелерге бағалауды жүргізуге лицензиясы бар ұйыммен келісім-шарт жасайды. 1:2 қатынастан кем емес алып тасталынған жасыл екпелерді немесе комиссияның кесіп тастауға арналған қорытындысында көрсетілген ағаштардың кесілетін биомассасынан кем емес мөлшерде сондай ағаш түрлерімен қалпына келтіреді.
      Кесуге жататын ағаштардың нарықтық құны туралы есепті бергеннен кейін және жергілікті бюджетке төлем жасау түбіртегін немесе кескеннен кейін көктемгі-күзгі кезеңде жасыл екпелерді отырғызу және қайта отырғызылған немесе отырғызылған жасыл екпелерге күтім жұмыстарын екі жыл бойы жүргізу туралы кепілдеме хатты ұсынғаннан кейін өтініш беруші уәкілетті органнан жасыл екпелерді алып тастауға рұқсат алады.
      14. Өкілетті органнан рұқсат алған соң жеке немесе заңды тұлға жасыл екпелерді өз күшімен кеседі (қайта отырғызады) немесе жасыл екпелерді кесу, қайта отырғызу, пішіндеп кесу (жасарту), бөрікбастарды кесу және басқа да жұмыстарды жүргізу үшін жұмыстардың осы түрлерін орындайтын ұйымдарға жүгінеді.
      15. Жасыл екпелер аумақтарында:
      1) өнеркәсiптiк және тұрмыстық лай сулармен, коммуналдық қалдықтармен ластауға;
      2) кез келген материалдар және заттарды жинауды өткізу;
      3) қоқысты, лас қар мен мұзды жинауды жасау;
      4) автомашиналармен, мотоциклдермен, велосипедтермен, басқа да көлiк құралдарымен жүруге (арнайы көлiктен басқа);
      5) көгалдар мен қоршаулардың маңында жолаушылар көлігінің аялдамасын орнатуға;
      6) осы мақсаттарға арнайы жабдықталған және бөлінген жерлерден басқа автокөлік құралдарын қоюға және тұрағын орнатуға;
      7) ағаш және бұталы екпелерін өз еркiмен кесуді жүзеге асыру;
      8) кесу қағидасын сақтамай және агрономиялық белгiленген мерзiмдерден тыс ағаштардың бөрікбастарын кесуге;
      9) өз бетiмен шарбақтар орнатуға;
      10) ағаштардың, бұталардың бұтақтарын сындыруға, тілік жасауға, жазба жазуға, шеге қағуға, басқа да механикалық зақым келтіруге, жасыл екпелерді түрлі заттармен және жапсырмалармен бүлдіруге, белгілер мен басқа да суреттер салуға;
      11) екпелерді қоршаулар, сымдарды бекіту үшін (мерекелік ресімдеу үшін екпелерді безендіруден басқа жағдайларда) конструкция ретінде (тірек, бекітуші) пайдалануға, ағаштарға гамакты, әткеншектерді, спорттық снарядтарды, ақпараттық тақталарды, кірді кептіруге арналған жіптерді ілуге, жарнамалық нысандарды, электр сымдарын, тікенді сымды және басқа заттарды бекітуге, жануарларды байлау ретінде қолдануға;
      12) ағаштан шырын, шайыр алуға;
      13) гүлдердi жұлуға, жемiстердi үзуге, мал бағуға, жер, құм өндiруге;
      14) жабайы және мәдени флораның гүлдерін баданаларымен және тамырларымен қазып алуға;
      15) құмырсқаның илеуін қиратуға, құстар мен жануарларды аулауға және атуға;
      16) көгалдарды, гүлзарларды, бағана маңайындағы шұңқырларды ластауға;
      17) жасыл екпелер аумақтарында абаттандыру элементтері мен жабдықтарын (оның ішінде қоршаулар, таңбалау, ақпараттық тақталар және көрсеткіштер, суару құрылғылары, су бұру, жарықтандыру элементтері, қоқыс жәшіктері, контейнерлер, орындықтар, ақырлар) жоюға, зақымдауға және олардың қалыпты жұмыс істеу жағдайын нашарлатуға;
      18) от жағуға, қоқыстар мен жапырақтарды жандыруға;
      19) жануарларды серуендетуге (үй жануарлары, ит, мысық), көгалда ойын ойнауға, осы мақсаттарға бөлінген және жабдықталған орындарды қоспағанда, коньки және шана тебуге;
      20) ағаштарға өрмелеп шығуға, жол-жалғыз аяқ жол желісінен тыс жерлерде жасыл екпелердің арасымен жүруге;
      21) жаяужолдарға және тротуарларға ас тұз немесе жасыл екпелер үшін зиянды басқа да химиялық қоспаларды себуге, мұзды тастауға;
      22) су тоғандарын, бұрқақтарды ластап, толтырып тастауға жол берілмейді.
      16. Жер пайдаланушылар оларға берілген аумақтарда жасыл екпелерді өсіп-өндіруді және қорғауды белгіленген заң шеңберінде қамтамасыз етеді.

3-бөлім. Облысты санитарлық ұстау

1-тарау. Тазалық пен тәртіпті қамтамасыз ету

      17. Жеке және заңды тұлғалар облыстың бүкіл аумағында тазалық пен тәртіпті сақтауға, оның ішінде жеке меншік үйлердің аумақтарында да абаттандыру элементтеріне (жолдарды, тротуарларды, көгалдарды, шағын сәулет түрлерін, жарықтандыруды, субұруларды) зақым келтіруге немесе бұзуға жол бермеуі қажет.
      18. Аумақтарды ағымдағы санитарлық тазалықта ұстау мамандандырылған ұйымдармен жүзеге асырылады және іс-шараларды өткізуді қамтамасыз етеді:
      1) автомагистралдарды, жолдарды, көшелерді, тротуарларды, инженерлік құрылымдарды (көпірлер, бөгеттер, жол өткізгіштер), көшені жарықтандыратын нысандарды, шағын сәулет пішіндерін және басқа да нысандарды күтіп ұстау және абаттандыру;
      2) зираттарды күту;
      3) көгалдандыру және жасыл екпелерді күту;
      4) қала аумағындағы қоқыстарды, қалдықтарды жинау және оларды уақытылы шығаруды ұйымдастыру;
      5) республикалық және облыстық маңызы бар жолдардың бойларындағы санитарлық қорғау аймақтарын тазалықта ұстау;
      6) облыстың, қала, елді мекендерге кіретін теміржол аумағын тазалықта ұстау;
      7) аумақтың тиісті санитарлық жағдайы: тұтынылған қалдықтарды жинауға арналған қалдықтар үшін контейнерлер (оларды тікелей арнайы көліктермен жинау ұйымдастырылған жағдайларды қоспағанда) қоятын, кір кептіретін, үй жануарларын серуендететін алаңдарды абаттандыру, нормативтік талаптарға сәйкес қоқыс жәшіктерін көпшілік пайдаланатын орындарға орнату;
      8) жергілікті аумақты жинау, суару, қоқыстарды жинау, қыс мезгілінде - қарды жинау және шығару, көшенің өтпе жолдарын және жаяу жүретін тротуарларды тайғаққа қарсы қоспалармен өңдеу, белгіленген және көметін орындарға тұтыну қалдықтарын шығару, өзендерді, бұлақтарды, шұңқырларды, лотоктарды, нөсер су канализацияларын және басқа су өткізетін құрылғыларды қоқыстан тазарту;
      9) нормативтік санитарлық қорғалатын аймақтардың шегінде аумақты жүйелі түрде күтіп ұстау жөніндегі жұмыстары;
      10) қалалық көпшілік іс-шаралар өткізу кезінде жекелеген жұмыстарды жүзеге асыру;
      11) жарнамалық құрамалардағы кескіндемелерді (плакаттарды) алмастырғанда автокөлікпен көгал алаңдарға кіруге жол бермеу.
      19. Осы Қағиданың талаптарына сәйкес, жеке және заңды тұлғалар, соның iшiнде барлық ұйымдық-құқықтық түріндегi күрделі және уақытша нысандардың иелерi:
      1) өз қаржысы есебінен өз бетінше немесе мамандандырылған ұйымдармен шартқа отыру жолымен бөлінген және бекітілген аумағын санитарлық ұстау мен абаттандыруды қамтамасыз етеді;
      2) кез келген меншік нысандарына ұқыпты қарау, мемлекеттік меншік нысандарына зиян келтірген жағдайлар туралы тиісті органдарға хабарлайды;
      3) көше аты мен үй нөмірі көрсетілген аншлагтарды техникалық дұрыс жағдайда және тазалықта ұстайды;
      4) қоршауларды (дуалдарды) және шағын сәулет нысандарын қалыпты жағдайда (бояу, қоршаудың (дуалдың) сыртқы жағынан әктеу) ұстайды;
      5) іргелес аумақты абаттандыруды және тазалауды, сондай-ақ, гүлзарларды, көгалдарды, басқа жасыл екпелерді, абаттандыру элементтерін күтіп ұстауды сәулет, санитарлық және экологиялық талаптарына сәйкес қолданыстағы заңнамалар аясында аталған нысандардың меншік иелері және (немесе) пайдаланушылары жүргізеді.
      20. Ұйымдар іргелес аумақтың және ғимараттардың қасбетінің эстетикалық сыртқы түрін қамтамасыз етеді. Кіре берісінде уәкілетті органмен келісілген түрде сыртқы маңдайша жазуын орналастыру қажет, яғни ұйымның бағдары туралы ақпарат, фирмалық аталуы, тауарлық белгісі (тауарлардың және қызметтердің тізімінсіз), тұтынушыны хабардар ететін ұйымның мекен-жайы және оған кіру бағыты. Ондай ақпарат ұйым орналасқан ғимараттың кіреберіс шегінде қасбетке орналасуы мүмкін.
      21. Барлық ұйымдық-құқықтық түрдегі жеке және заңды тұлғалардың құқығы бар:
      1) аумақты абаттандыру және санитарлық күтіп ұстау жөніндегі жұмыстар жүргізу үшін бірігуге;
      2) аумақты күту мәселелері бойынша уәкілетті органдардан ақпарат алуға;
      3) аумақты күтіп ұстау бойынша өтетін байқауларға, конкурстарға, басқа бұқаралық іс-шараларға қатысуға.
      22. Көшелерде, алаңдарда, жаға жайларда, саябақтарда, скверлерде және басқа қоғамдық орындарда жол берілмейді:
      1) тұрмыстық және құрылыс қоқыстарын, өндiрiстiк қалдықтарды, ыдыстарды, ағаш үгiндiлерiн, жапырақтарды, қарды, сұйық қалдықтарды жергiлiктi атқарушы органдармен арнайы белгiленген орындардан басқа жерлерге тастауға;
      2) ұйымдар мен жеке мееншік үй иелерінің ішкі аумақтарын қоса алғанда қоқыстарды, жапырақтарды, ыдыстарды, өндіріс және тұрмыстық қалдықтарды өртеуге, от жағуға;
      3) ҚТҚ жинауға арналған контейнерлер алаңшаларында және контейнерлерде қоқыстарды (ҚТҚ) өртеуге;
      4) үйлердің ішкі орамдарында және жалпы пайдаланатын жерлерде, су бөлетін колонкаларда, су айдындарында, көпшілік демалатын орындарда, тұрғын үйлердің кіре берістерінде көліктерді жууға, тазалауға және жөндеуге;
      5) су айдындарына өндірістік ұйымдардан шыққан тазаланбаған суды жіберуге;
      6) меншік иесінің келісімінсіз және (немесе) осы мақсаттар үшін бөлінген жерлерден тыс орындарға, Қазақстан Республикасы заңнамаларында көзделген белгіленген тәртіп бойынша қажетті рұқсатсыз және келісімсіз хабарландырулар, плакаттар, үндеулер, түрлі ақпараттық материалдарды, жазу-сызулар мен кескіндемелер орналастыруға;
      7) автомобиль жолдарының бөлігіне қозғалысқа қауіп төндіретін қоқыстарды, заттарды лақтыруға;
      8) ғимараттардың, құрылыстың және тұрғын үйлердің терезелерінен қоқыстарды лақтыруға;
      9) тротуарларға, скверлер, саябақтар аумақтарына және басқа қоғамдық орындарға қоқыстарды лақтыруға;
      10) балалар ойын алаңдарында, көшелерде, алаңдарда үй жануарларын серуендетуге және ортақ пайдаланатын орындарда бұл мақсат үшін белгіленбеген орындарда, сондай-ақ адамдар шомылуға арналған орындарда жануарларды шомылдыруға;
      11) кір жуу, сондай-ақ, кірлерді кептіруге.
      23. Ұйым аумақтарынан және инженерлік жүйелерден жер үсті суларын нөсер су канализацияларына жіберілу керек.
      24. Автокөлiк ұйымдары және автокөлiк құралдарының иелерi қала көшелерiне көлiк құралдарын таза қалпында шығаруын қамтамасыз етеді.
      Топырақты, қоқысты, шашылатын құрылыс материалдарды, жеңіл ыдыстарды, жапырақтарды, кесілген ағаштарды жолдарды ластауға жол бермейтін брезентпен немесе басқа материалмен жабылмаған күйінде тасымалдауға жол берілмейді.
      Жол берілмейді:
      1) әртүрлі бағыттағы нысандарды орналастыруға, сондай-ақ көгалдарда, гүлзарларда, балалар ойнайтын, кір жаятын және қоқыс контейнерлері алаңдарында, ғимараттардың қақпаларына автокөліктерді қоюға;
      2) аула аумағының ішіндегі жолдарда арнайы көліктің өтуіне тосқауыл болатын балкаларды, блоктарды және аумақтарды оқшаулайтын өзге қоршауларды тұрғызуға және орнатуға, сондай-ақ олардың орналасуына қарамастан бөлшектенген көлік құралдарын қоюға, арнайы бөлінген тұрақтардан басқа жерлерде тұруға.

2-тарау. Облыс бойынша аумақтарды жинауды ұйымдастыру

      25. Осы Қағиданың негізінде заңды және жеке тұлғаларға бекітіліп берілген аумақтарға сәйкес аумақтарды тазарту шекаралары анықталады:
      1) көше-жол желілері, алаңдар, қоғамдық орындар (ортақ пайдаланымдағы демалыс аймақтары, саябақтар, скверлер, жағалаулар) бойынша - өкілетті орган арқылы;
      2) ішкі орамды және басқа аумақтарды жинаудың шекаралары және аумақтарды күтіп ұстау – тиісті аумақ әкімдері арқылы анықтау.

      3-тарау. Облыс бойынша аумақтарды жинау тәртібі

1. Көшенің өтпе жолдарын жинау

      26. Көшенің көлік жүретін бөлігінің барлық ені бойынша, алаңдардың, жолдардың және өткелдердің, автотұрақ қалташаларын, сондай-ақ жағалаулар, көпірлер, жол желілерін, автобус маршруттарының соңғы аялдамаларындағы тұру-бұрылу алаңдарын тазалау және күту жұмыстарын тиісті мердігер-ұйымдар жүргізеді.
      27. Магистралдардың, көшелердің және өтпе жолдарының жол төсемдерін, осьтік және резервтік жолақтарын, жиектемелерін сыпыру жұмыстары алдын ала жол төсемдері дымқылданғаннан кейін, өкілетті органмен бекітілген кестеге сәйкес жүргізіледі.
      28. Жолдың жүргін бөлігі қандай да болмасын ластану түрлерінен толығымен тазартылуы тиіс. Қозғалыс сызығымен белгіленген, осьтік, резервтік жолақтары тұрақты түрде құм және әр түрлі ұсақ қоқыстардан тазартылуы қажет.
      29. Бөлу жолағының көгал бөлігін, өтпелі бөлігінің қоршауын күтіп ұстауды, тротуарлар, көгалды және сол сияқты абаттандыру элементтерін жинауды олар балансына кіретін ұйымдармен іске асырылады.
      30. Жолдардың жиектері қоқыстардан тазартылуы қажет. Жұмыстарды жүргізу кезінде қоқысты көшелердің жүргін бөлігіне және өтпе жолдарға шығаруға жол берілмейді.

2. Тротуарлар мен ортақ пайдаланымдағы аумақтарды жинау

      31. Көшелер және өтпе жолдар бойында орналасқан немесе жүргінші жолдардан көгалмен бөлінген тротуарларды, сондай-ақ жағалаулар қоршауына іргелес жатқан тротуарларды жинау, аумақтарды тазалау және күтіп ұстау абаттандыру төлқұжатына сәйкес жүргізіледі.
      32. Инженерлік құрылғыларға және баспалдаққа шығатын жерлерге жалғасқан техникалық тротуарларды (кіре беріс жол) жинауды, осы инженерлік құрылғылардың иелері - ұйымдармен жүргізіледі.
      33. Ортақ пайдаланымдағы аумақтарда орналасқан саябақтарды, скверлерді, бульварларды, су айдындарын, жағажайларды, зираттарды, соның ішінде оларда орналасқан тротуарларды, жаяу жүргіншілер аймақтарын, баспалдақтарды жинау аталған нысандарды қызмет ету мен пайдалану аумақтары бекітілген жеке және заңды тұлғалар және субъектілермен, мекемелермен жүргізіледі.
      34. Көшелер мен өтпе жолдардың бойында орналасқан басқа тротуарларды жинау өтпе бөлігін ұстауға жауапты ұйымдармен жүргізіледі.
      35. Тротуарлар толығымен топырақ-құмнан, әр түрлі қоқыстан тазартылуы қажет.
      Тротуарларды және ортақ пайдаланымдағы аумақтарды жинауды жүзеге асыратын субъектілер қоқысты (аула аумағынан сыпырылған қоқысты, қырқылған талдар мен шыбықтарды) шығаруды қамтамасыз етеді.

3. Аялдама және отырғызу алаңшаларын жинау

      36. Жолаушылар көлігінің аялдама алаңшаларын жинауды өтпе жолдарды жинауды жүзеге асыратын ұйымдар жүргізеді. Аялдама алаңшалары толығымен топырақ-құмнан, әр түрлі қоқыстан тазартылуы қажет.
      37. Қоғамдық көліктердің отырғызу алаңшаларын жинауды иелері, сауда-аялдама кешендерін жалға алушылар жүргізеді, ал олар жоқ болса жақын арада орналасқан (бекітілген маңайдағы аймақ шегінде) жалға алушылар, сауда кешендерінің, тұрғын емес жайлардың, ғимараттардың иелері, өтпе жолдарды жинайтын ұйымдар жүргізеді. Отырғызу алаңшаларын жинау жөніндегі жұмыстардың шекаралары сызба карталарында көрсетіледі.
      38. Аялдама кешендерін және қоғамдық жолаушылар көлігінің аялдама алаңшаларындағы оларға іргелес аумақтарын жинау және жууды, олардың иелерімен немесе көшенің өтпелі бөлігін жинауды жүргізетін ұйымдармен жүзеге асырылады.
      Аялдама және отырғызу алаңшаларын жинау жұмыстарын жүзеге асыратын субъектілер қоқысты шығаруды қамтамасыз етеді.
      39. Қандай да бір хабарландыру және басқа ақпараттық хабарларды ғимараттарға, дуалдарға, жалпы жолаушылар көліктері павильондарына, жарықтандыру бағаналарына, ағаштарға жапсыруға және ілуге жол берілмейді.
      Барлық нысандардан (ғимараттар және жайлардың қасбеттері, дүкендер, байланыс жүйелерінің және сыртқы жарықтандыру бағаналары) өз еркімен ілінген жарнамалық және басқа хабарландыруларды, жазуларды және суреттерді жою жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру көрсетілген нысандардың меншік иелерімен немесе жалға алушыларымен жүзеге асырылады.

4. Өзге аумақтарды жинау

      40. Бөлінген аумақтарға орналасқан меншігінде және пайдалануында ғимараттары бар заңды және жеке тұлғалар аумақтарды, оларға көшеден кіретін жолдарды жинау және күтіп ұстауды өз беттерінше немесе мамандандырылған ұйымдарымен шарт бойынша жүргізіледі.
      41. Автокөлік тұрақтарын және қалташаларды жинау мен күтіп ұстауды аумаққа бекітілген субъект жүзеге асырады.
      42. Жеке тұрған жарнама нысандарына іргелес жатқан аумақты, жарнама құрылғысынан радиусы бес метрге дейін жерді жинау жұмыстарын, жарнама құрылғысының иелері немесе жинау жұмыстарын жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдар жарнама құрылғыларының иелерімен шарт бойынша жүргізіледі.
      43. Сыртқы жарықтандыру бағаналарының құрылғысы мен діңгегі аумағын және тротуарларда орнатылған байланыс желілерінің маңайын жинау жұмыстарын тротуарларды жинауға жауапты ұйымдар жүргізеді.
      44. Жаяу жүргіншілердің жер асты және жер үсті жолдарының кіре берісіне іргелес жер үсті жолы бөлігін немесе вестибюльден, баспалдақтың қиылысының және өткелдердің периметрі бойынша бес метрге дейін арақашықтықтың аумақтарын жинауды олар меншігінде немесе пайдалануында болып табылатын ұйымдар жүргізеді.
      45. Жанар-жағар май құю стансасына (бұдан әрі – ЖҚБ), автожуу бекеттеріне, құю кешендеріне және іргелес жатқан аумақтарына (өту жолына дейін) кіретін және шығатын аумақтарды жинау, абаттандыру, тазалықта ұстау жұмыстарын осы нысандардың меншік иелері жүргізеді.
      46. Трансформаторларға немесе бөліп бергіш шағын стансаларға, басқа инженерлік орын-жайларға, автоматты түрде жұмыс істейтін (қызмет көрсететін құрамсыз), сондай-ақ жоғары кернеулі тоқ беру желілерінің бағаналарына іргелес жатқан аумақтарын жинау жұмыстарын осы нысандардың иелері жүргізеді. Жер үсті құбырларының астындағы қорғалатын аумақтарды тазарту мен ұстау жұмыстары желілердің меншік иелері жүргізеді.
      47. Сауда нысандарына (базарлар, сауда павильондары, жылдам салынатын сауда кешендері, шатырлар, дүңгіршектер) іргелес көшедегі уақытша сауда орындарын, аумақтарын сауда нысандарының иелері, жалға алушылары, немесе уақытша пайдаланушылар жинайды. Іргелес жатқан көгалдарға, сауда палаткаларының шатырларына, дүңгіршектерге және басқа сауда нысандарына ыдыстарды үюге жол берілмейді.
      48. Ақылы автотұрақтардың, гараждардың, сондай-ақ кіре беріс жолдардың, іргелес аумақтарын жинауды осы нысандардың иелері мен пайдаланушы ұйымдар жүргізеді.
      49. Көп уақыт бойы пайдаланылмаған және игерілмеген аумақтардағы ғимараттарды бұзғаннан кейінгі аумақтарды жинау мен күту жұмыстарын, осы аумақ бөлініп берілген жер пайдаланушылар немесе жер иелері жүргізеді.
      50. Жапырақ түсетін уақытта бекітіліп берілген аумақтарды жинауға жауапты ұйымдар, көшелер мен магистралдар бойындағы когалдардағы, аула аумақтарындағы түскен жапырақтарды жинап шығару жұмыстарын жүргізеді. Ағаштар мен бұталардың түбіне жапырақтарды жинауға жол берілмейді. ҚТҚ арналған алаңшаларға және контейнерлерге түскен жапырақтарды жинауға жол берілмейді.
      51. Тастанды сулар (шұңқырлардан су сору, инженерлік желілердегі апат жағдайлары) салдарынан пайда болған су басу жағдайлары болғанда, ал қыста қатып қалған қарлар мен мұздар пайда болғанда оларды жоюдың жауапкершілігі осы су басуға жол берген ұйымдарға жүктеледі.
      52. Жол жөндеу жұмыстарын жүргізген кездегі қоқыстарды, осы жұмыстарды жүргізуші ұйымдар: қаланың бас магистралдарынан - тез арада, басқа көшелер мен аулалардан - тәулік мерзімінде шығарады.
      53. Алаңдардағы, магистралдардағы, көшелердегі және өтпе жолдардағы қарды және ернеудегі сметаларды (ал қыс мезгілінде қар мен мұз үйінділерінің қалыптасуы) механикалық жинаудан кейін қолмен тазалау жұмыстарын жақын жерде орналасқан (бекітілген маңайдағы аймақ шегінде) ұйымдар, сауда кешендері мен павильондардың, тұрғын емес жайлардың, ғимараттардың иелері, ал мұндай ұйымдар болмаған жағдайда механикалық жинау жасаған ұйым жүргізеді.
      54. Механикалық тәсілмен жинауға қолайсыз (енінің тарлығына немесе қиын құрылымына байланысты) нысандарды, аумақтарды жинау қолмен жүргізілуі қажет.

5. Жер үсті және жер асты инженерлік коммуникацияларын күтіп ұстау

      55. Су ағатын желілердегі қоқыспен бітеліп қалуын болдырмау үшін су ағатын коллекторларға сыпырындыны және тұрмыстық қоқыстарды тастауға жол берілмейді.
      56. Қалалық су ағатын желілерінің нөсер суларын қабылдайтын құдықтарға профилактикалық тексеруді және оларды жинауды бекітілген кесте бойынша, айына бір реттен кем емес осы құрылғылар балансында болатын мамандырылған ұйымдар жүргізеді.
      Ескерту. 56-тармақ жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 19.03.2015 № 36/293-V шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      57. Жер асты инженерлік коммуникацияларының иелері:
      1) жер асты коммуникацияларын жөндеуді және күтіп ұстауды жүзеге асырады, сондай-ақ құдықтар мен коллекторларды уақытылы тазалауды жүргізеді;
      2) жолдардың төсемдерімен, тротуарлармен, көгалдармен және құдықтардың люктарымен бір деңгейде, қалыпты жағдайда ұстауды, сонымен қатар коммуникациялардың қанағаттанарлықсыз жағдайынан пайда болған жолдарды бұзылған шегінде төсемдерін қалпына келтіріп жөндеуді қамтамасыз етеді (өз күшімен немесе мамандандырылған мекемелермен келісім шартқа отыру негізінде);
      3) құдықтардың қалыпты жағдайда және люктарының болуын бақылауды және оларды уақытында ауыстыруды және жоғалған кезде орнына қоюды жүзеге асырады;
      4) коммуникацияның (қар үйінділері, мұз, лай, сұйықтықтар) жұмысын реттеумен байланысты апатты тез арада жоюды қамтамасыз етеді.
      58. Жер үстi құрылғыларының иелерi мен пайдаланушы ұйымдары инженерлiк қорғалатын желiлер шекарасына іргелес аумақтарың санитарлық ұстауында қамтамасыз етеді.
      59. Жол асты инженерлік коммуникацияларды, кабелдерді, құбырларды жүргізу мақсатында жол төсемінің, жасыл екпелердің, аумақтың абаттандырылуының бұзылуы шамаланған жағдайда, осы аталған жұмыстарды жүргізілетін органмен жобаны ұсына отырып келісім шарт жасалғанда уәкілетті органның келісімі болуы қажет.

4-тарау. Қыс кездегі аумақтардың жинау ерекшеліктері

1. Жалпы қағидалар

      60. Аумақтарды жинайтын ұйымдар (тапсырыс берушілер қызметі және мердігерлік ұйымдар) ағымдағы жылдың 1 қазанға дейінгі мерзімде тайғаққа қарсы материалдарды қажетті мөлшерде дайындап жинайды және жеткізуді жүргізеді.
      61. Көшенің жүргін бөлігінің шетіндегі қарды жинауды және тасып шығаруды осы көшенің жүргін бөлігін немесе өтпе жолдарды тазалайтын ұйымның күшімен жүргізеді.
      62. Саябақтардағы, орман саябақтарындағы, бақтардағы, скверлердегі, бульварлардағы жолдарды және басқа жасыл аймақтарды жинау кезінде, жасыл екпелерді сақтау және еріген суды қайтаруды қамтамасыз ету шартымен, арнайы дайындалған алаңдарға, химиялық реагенттері жоқ қарды уақытша жинауға жол беріледі.
      63. Қыс кезіндегі жолдар, бақ орындықтары, қоқыс салатын жәшіктер, басқа да элементтер және кіші сәулет пішіндері, сондай-ақ олардың алдындағы және бүйірлеріндегі жерлер, оларға баратын жолдар қар мен мұздақтардан тазартылуы керек.
      64. Тротуарларда және жолдың жүргін бөлігіндегі инженерлік желілерде апаттан пайда болған мұздақтар желі иелері-ұйымдармен уатылып жиналады. Уатылған мұздар белгіленген орындарға шығарылады.
      65. Көшелердің көлік жүретін бөлігі және өтпе жолдарда, тротуарларда және аула аумақтарында жүргізілетін тазалау жұмыстарының технологиясы және режимі ауа райы жағдайына қарамастан көлік құралдарының және жүргіншілердің қозғалысына бөгет болмауын қамтамасыз ету керек.
      66. Жол берілмейді:
      1) магистралдардың жүргін бөлігіне, көшелерге және өтпе жолдарға, тротуарларға және көгалдарға, ішкі орамдардың өтпе жолдарынан, аула аумақтарынан, ұйымдар, құрылыс алаңдарынан, сауда нысандарынан жиналған қарды жылжытуға немесе орнын ауыстыруға;
      2) тротуарларда, қалалық жолаушылар тасымалдайтын көліктердің отырғызу аялдама алаңдарында, саябақтарда, скверлерде, аулаларда және басқа жаяу жүргіншілер жолымен көгалдандырылған аумақтарында көк мұзға қарсы реагенті ретінде техникалық тұзды және сұйық хлорлы кальциды пайдалануға;
      3) көгалдарға, гүлзарларда, бұталар және басқа да жасыл екпелерге лас және тұз араласқан қарды, сонымен қатар мұз үйінділерін роторлық лақтыруға және орнын ауыстыруға.

2. Көшелер мен магистральдарды қысқы жинау

      67. Қысқы жинаудың бірінші кезектегі операцияларына жатады:
      1) жолдардың жүргін бөлігін тайғаққа қарсы материалдармен өңдеу;
      2) қардан тазалау;
      3) шығару үшін үйінді қарды жинастыру;
      4) жол қиылыстарында, жергілікті жолаушылар көлік аялдамаларында, әкімшілік және қоғамдық ғимараттарға кірме жолдарында, аулалардан шығарда қар үйінділерін тазалау.
      68. Екінші кезектегі операцияларға жататындар:
      1) қарды жою (тасып шығару);
      2) қар шығарылғаннан кейін жол арықтарын тазарту;
      3) мұзды уату және қар-мұздан құралған үйіндіні жою.
      69. Жолдардың жүргiн бөлiгiн тайғаққа қарсы материалдармен өңдеу қар жауған сәттен бастап тұрақты түрде жүргізіледі.
      70. Метеорологиялық қызметтерден күні бұрын жаппай тайғақ болу қауіпі туралы ескерту алған жағдайда, эстакадалардың, көпір құрылыстарының жүргін бөлігінде өңдеу жұмыстары қар жауғанға дейін жүргізіледі.
      71. Қысқы мезгілде қатты реагенттерді шашуымен айналысатын және соқа-щеткалы қар тазалағыш машиналардың тәулік бойы кезекшілігі қарастырылады.
      72. Барлық тайғаққа қарсы материалдарды шашуға арналған машиналар тәулік бойы кезекшілікте белгіленген көшелер мен өтпе жолдарда (жұмыс кестесінің бағытымен) жұмыс істеуге уәкілетті органмен бекітіледі, маршрут кестесінің көшірмесі жолдама қағазбен бірге жүргізушіге береді.
      73. Қар жауғаннан бастап бірінші кезекте көлік қозғалысы үшін ең қауіпті магистральдар және көше учаскелері - тік түсетін және көтерілетін жолдарды, көпірлерді, эстакадаларды, тоннельдерді, жол тораптарын және қоғамдық көлік аялдамаларын, сондай-ақ басқа шұғыл тежеу қажет болуы мүмкін жерлерде тайғаққа қарсы материалдармен өңделеді.
      74. Көлік қозғалысы үшін ең қауіпті орындарды өңдеуді аяқтағаннан кейін көлік жүретін бөлікті тайғаққа қарсы материалдармен жаппай өңдеу қажет. Бұл операция алдымен жолаушылар көлігі маршруттары қозғалысы өтетінен жағалаудағы тастан бастап көлік қозғалысы жолағынан басталады.
      Жол жинау ұйымдарына бекітілген барлық аумақты тайғаққа қарсы материалдармен жаппай өңдеуге қажет уақыт, қар түсе бастаған сәттен бастап, төрт сағаттан аспау керек.
      75. Жолдың жүргін бөлігі механикаландырылған сыпыру аяқталғаннан кейін оның көлденең бойы қар және мұз қалдықтарынан тазалануы тиіс.
      76. Көшелердің және өтпе жолдардың жүргін бөлігінен, сондай-ақ тротуарлардан тазаланған қар, қар массасын уақытша үю үшін, көшелердің жүргін бөлігінің және өтпе жолдың жиегіне уақытша жиналады.
      77. Қар үйінділерін жинауға жол берілмейді:
      1) барлық бір деңгейдегі жолдардың және көшелердің және өтпе жолдардың қиылысында және теміржол өтетін аймақтың көрінетін үшбұрыш жерлердің маңына;
      2) жаяу жүргіншілердің өтпе жолдарынан 5 метрге жақын жерде;
      3) қоғамдық көлік аялдамаларынан 20 метрге жақын жерде;
      4) көліктік қоршаулармен немесе биік бордюрлармен қоршалған жолдардың учаскелерінде;
      5) тротуарларда.
      78. Жол жиегіне қар үйіндісін жинау кезінде қарды тротуарларға және көгалдарға қарды шығаруға жол берілмейді.
      79. Бір жақты көлік қозғалатын көшелері және өтпе жолдары, оның ішінде магистральдарда бөлетін жолақ түрінде скверлер, көгалдар және бетонды блоктар жолдың жүргін бөлігі жағынан сыпыруды басталатын аумақтар, барлық қыс мермізінде тұрақты қар және мұз қалдықтарынан жағалаудағы тастарға дейін тазалануы тиіс.
      80. Жағалаудағы тастың жол бойында қар үйіндісін уақытша жинау кезінде жылымықта еріген сулардың ағуы үшін жолдың жиек тастарындағы еріген су ағатын шұңқырлар тазаланып, көлденеңі 0,5 метр кем емес ара қашықтық болуы керек.
      Нөсер суларын қабылдаушыларға қар үйінділерін жинауға жол берілмейді.
      81. Жергілікті жолаушылар көлігі аялдамаларында және жер үсті жаяу өтпе жолдары қар үйінділерінен қашықтықта болуы тиіс:
      1) аялдамаларда 30 метрден 50 метрге дейін;
      2) жаяу өтпе жолдары белгісі бар жолдарда, белгінің еніне қарай, ал белгісі жоқ жерде 5 метрден кем емес.
      Аулаларға, ішкі орамдарға кіріп, шығатын өтпе жолдары қардан механикалық тазалаудан кейін бірінші кезекте тазалануы тиіс.
      82. Көшелерден және өтпе жолдардан қарды шығару екі кезеңде жүзеге асырылады:
      1) жергілікті жолаушылар тасымалдайтын көлік аялдамаларындағы, жер үсті жаяу өтпе жолдарындағы, көпірлердегі және жол өткелдеріндегі, халықтың көпшілік баратын орындарындағы (ірі әмбебап дүкендер, базарлар, қонақүйлер, вокзалдар, театрлар және тағы басқалар), ауруханалардың аумағындағы және басқа әлеуметтік маңызды нысандарға кіретін жолдардағы қарды бірінші кезектегі (іріктеп) шығару қар жауа бастаған сәттен бастап жүзеге асырылады;
      2) қарды тиянақты (жаппай) шығару, тапсырысшының белгілеген кезегіне сәйкес, бірінші кезектегі шығару аяқталған соң жүргізіледі.
      83. Қар тасушының әрбір өтуінен кейін жол жиегіндегі және жағалаудағы тастың жол төсемдеріндегі қар қалдығынан және мұздан тазарту операциясы жүргізіледі.
      Көшелердегі және өтпе жолдардағы қарларды шығару арнайы дайындалған қар тастайтын алаңшаларда жүзеге асырылуы қажет. Белгіленген тәртіп бойынша келісілмеген орынға қарды шығаруға жол берілмейді.
      Қар тастайтын жердің орнын табиғатты қорғау органдарының келісімі бойынша өкілетті орган анықтайды.
      84. Қар ерігеннен кейін қарды уақытша жинайтын орындар қоқыстан тазаланып, абаттандырылуы тиіс.

3. Тротуарларды, жер үстіндегі жолаушылар көлігі аялдамаларындағы отырғызу алаңдарын, жаяу жүргіншілер жолдарын жинау жұмыстары

      85. Қар жауған кезде және тайғақта:
      1) тротуарлар, аялдамалардағы отырғызу алаңдары және басқа жаяу жүретін аймақтар тайғаққа қарсы материалдармен (құм, ұсақ қиыршық тас) бүкіл ені бойынша өңделуі және жаңа жауған және тапталған қардан тазартылуы тиіс;
      2) тротуарларда, жаяу жүргіншілер жолдарын және жолаушыларды отырғызатын алаңдарда қардан тазалау жұмыстары (механикалық сыпыру және қолмен тазарту) қар жауа бастаған сәттен бастап бірден жүргізіледі және тайғаққа қарсы материалдармен (құм, ұсақ қиыршық тас) өңдеу тұрақты түрде қайталануы тиіс.

4. Үйлердің аулаларын қысқы жинау жұмыстары

      86. Тротуарлар, үйлердің аулалары және өтпе жолдар асфальтқа дейін қардан және мұздан тазартылуы тиіс. Мұз қалыптасқан жағдайда (тайғақ) құм немесе қиыршық ұсақ тастармен өңдеу жүргізіледі.
      87. Үйлердің аулаларынан және орам аралығындағы жолдардан тазаланған қарды автокөліктің және жаяу жүргіншілердің еркін қозғалысына кедергі келтірмейтін орындардағы аулалар аумағына үюге рұқсат етіледі.
      88. Қар жинау кезінде жасыл екпелерге зақым келтіруге жол берілмейді.
      89. Ішкі үй аулаларында қарды жинағанда еріген қар суының ағатыны алдын ала ескерілу керек.
      90. Қыс мезгiлiнде ғимарат, құрылыс пен имараттар иелерi шатырлардағы мұз және сүңгiлерден уақтылы тазарту жұмыстары ұйымдастыруы керек.
      91. Ғимараттың жаяу жүргіншілер жағындағы шатырын тазарту жұмыстары алдын ала жедел түрде қатерлі учаскеге қоршау орнату арқылы жүргізілуі керек.
      92. Ғимарат шатырларын сүңгілерден және мұздақтардан тротуарларға түсіріп, тазарту жұмыстарына, тек тәуліктің күндізгі уақытында ғана жол беріледі. Сүңгілер және мұздақтар шатыр құламасынан, сондай-ақ жазық шатырлардан сырғанатып ауланың ішкі аумағына түсірілуі керек. Қарды түсірер алдында жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын жасау қажет. Ғимараттардың (құрылыстардың және имараттардың) шатырларынан түскен мұздар және сүңгілер тез арада жиналып, көшенің жүру бөлігін жинайтын ұйымдар соңынан шығаруы үшін өтпе бөлігінің жиегіне орналастырылады.
      93. Қар, мұз және қоқыстарды сарқынды су құбырларының аузына, сондай-ақ ҚТҚ үшін арналған контейнерлер мен контейнер алаңшаларына тастауға жол берілмейді.

5-тарау. Жаз мезгілінде аумақтарды жинау

1. Жалпы Қағидалар

      94. Жолдық төсемдер, (сонымен қатар осьтік және резервті жолақты) магистралдар, қатты қарқындағы көлік қозғалысы бар магистралдар, көшелер және өтпе жолдар алдын ала дымқылданып, сыпырылып таңғы жұмыс уақытына дейін дайын болуы тиіс.
      95. Алаңдардың, магистралдардың, көшелердің және өтпе жолдардың жүргін бөліктерінің жолдық төсемдерін жуу түнгі (сағат 23-тен сағат 7-ге дейін) және қажетіне қарай күндізгі уақытта да жүргізіледі.
      96. Жолдың жүргін бөлігін жуу кезінде сумен сыпырындыны және қоқысты тротуарларға, көгалдарға, қалалық жолаушылар тасымалдайтын көлік аялдамаларының павильондарына, отырғызатын алаңдарына, жақын жерде орналасқан ғимараттардың, сауда нысандарының қасбеттеріне және тағы басқа орындарға шапшытып шашыратуға жол берілмейді.
      97. Ыстық күндері (ауа температурасы +25 С градустан жоғары болса) жолдардың төсемдерін сулау сағат 12-ден сағат 16-ға дейінгі мезгілде жүргізіледі (аралығы екі сағат сайын).

2. Жаз мезгілінде жолдарды жинаудың талаптары

      98. Жолдың жүргін бөлігі барлық ластану түрлерінен жаппай тазаланып және жуылуы тиіс. Реттеуші сызық болып табылатын осьтік, резервтік жолақтар құмнан және әртүрлі ұсақ қоқыстан тұрақты тазаланып тұруы тиіс.
      99. Екі метрлік жол шетіндегі аймақтар және жиектер, сондай-ақ тротуарлар мен жолаушылар тасымалдайтын көлік аялдамаларының отырғызу алаңдары топырақ-құмды қоқымдардан және әртүрлі қоқыстардан толық тазалануы және жуылуы тиіс.
      100. Жолдың жағасы ірі көлемдегі және басқа да қоқыстардан тазалануы тиіс.
      101. Темір-бетоннан құралған бөлу жолақтарының үсті құмнан, батпақтан және ұсақ қоқыстардан тұрақты тазаланып тұруы тиіс. Шудан қорғайтын қабырғалар, металл қоршаулар, жол белгілері және жол көрсеткіштері тазалықта ұсталуы тиіс.
      102. Көгал ретінде орналастырылған бөлу жолағында, қалалық жолдардың жағалау бөлігінде шөп төсемдерінің биіктігі 15 сантиметрден аспау керек. Әртүрлі қоқыстармен жолақтың ластануына жол берілмейді.

3. Жаз мезгілінде үйлердің аулаларын жинау

      103. Көпқабатты үйлердің аулаларын, аула ішіндегі өтпе жолдарды және тротуарларды қоқымдардан, шаңнан және ұсақ тұрмыстық қалдықтардан тазалауды, сондай-ақ күні бойы тазалықты қолдауды заң талаптары аясында коммуналдық шаруашылық ұйымдар қамтамасыз етеді.
      104. Көпқабатты үйлердің ауласын жуу үшін суару шүмектер және шланга арқылы суғару әрбір үй маңында жабдықталған және пайдалануға жарамды күйде болу тиіс.
      105. Нысандардың иелері іргелес аумақты (автотұрақтар, көлік жөндейтін орындар, ангарлар, қойма түріндегі құрылымдар, ғимараттар, сауда және қызмет көрсету нысандары) санитарлық тазалықта ұстауды және аумақтарды тазартуды заң талаптары аясында коммуналдық шаруашылық ұйымдар арқылы қамтамасыз етеді немесе өз күшімен жүргізеді.

6-тарау. Аумақтарда қалдықтарды жинау, уақытша сақтау және шығару

      106. Жеке және заңды тұлғалар ҚТҚ арнайы ҚТҚ арналған контейнерлерге жинақтайды.
      ҚТҚ жинақтайтын контейнерлер қақпақтармен жабдықталады. Контейнерлер мен алаңшаның шетіне дейінгі ара қашықтық 1 метрден кем болмауы қарастырылады. Алаңшаларды тұрғын және қоғамдық ғимараттардан, барлық саладағы ұйымдардан, спорт алаңдарынан және тұрғындардың демалатын орындарынан 25 метрден кем емес арақашықтықта орналастырады. Осындай контейнерлер үшін алаңшалар үш жағынан биіктігі 1,5 метр болатын қоршаумен қоршалуы тиіс.
      107. ҚТҚ шығару қоқыс шығарушы ұйымдармен уәкілетті органдар бекіткен кестеге сәйкес белгіленген мерзімінде жүзеге асырылуы және бекітілген кесте ҚТҚ жинақтайтын алаңшаларда ілінуі тиіс. Қоқыс шығару ұйымдары шығарылған қоқыстарды, ҚТҚ-ын сұрыптайтын, залалсыздандыратын, қайта өңдейтін және ҚТҚ-ды одан әрі кәдеге асыру бойынша қызмет көрсететін мамандандырылған ұйымдарына уақтылы жеткізеді.
      108. ІКҚ, аулалық сыпырымдар, металдық қалдықтарды, құрылыс қоқыстары, қырқылған талдардың шыбықтары мен талдарды (қалдықтарды) шығару жұмыстары ұйымдардың және жеке тұлғалардың өздері арқылы немесе қоқыс шығарушы ұйымдармен заң талаптары аясында тиісті қоқысты шығару туралы жасалған шарттары негізінде жүргізіледі.
      109. Құрылыс салушы және (немесе) жылжымайтын нысандарды жөндеу жұмыстарымен айналысушы жеке және заңды тұлғалар қоқыстарды жою үшін, оны белгіленген орындарға өздігінен шығаруы немесе оны шығаруды қоқыс шығарушы ұйымдармен заң талаптары аясында жасалған келісім шарттары арқылы жасауы қажет.
      110. Үй-жайлардың аумағында көліктің кіруіне ыңғайлы жолдары бар контейнер орнататын арнайы алаңшалар бөлінуі қажет. ҚТҚ-ны жинау үшін 0,75 текше метр мөлшерлі стандарттық металлдан жасалған контейнерлерді қолдану керек.
      111. Аумақтарында (бөлініп берілген, бекітілген, аула ішілік) контейнерлік алаңшалары бар ұйымдар, өзге де шаруашылық субъектілер уақтылы ҚТҚ және ІКҚ шығару бойынша шарт жасасуы және тұрмыстық қалдықтарды контейнерлерде жағуға жол бермеуі қажет.
      112. Контейнерлік алаңшаларды және контейнерлерді пайдаланатын және күтіп ұстаумен шұғылданатын ұйымдар мыналарды орындауы қажет:
      1) контейнерлік алаңдар және оған іргелес аумақтарды 20 метрден кем емес радиуста санитарлықты тазалауды қамтамасыз ету;
      2) контейнерлерді уақытында жөндеуі және одан әрі пайдалануға жарамсыздарды ауыстыруы;
      3) қоқыс қабылдағыш камералардың, алаңшалардың сондай-ақ, қалдық салғыштардың тұрақты жуылуын, залалсыздандырылуын, дезинсекция және шыбындарға, егеуқұйрықтарға қарсы дератизация жасауды қамтамасыз ету жөнінде шаралар қолдану.
      113. Контейнерлік алаңшаларды орналастыруды сәулет, жер қатынастары, мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарымен келісу қажет.
      114. Контейнерлерден қоқыс шығару машинасына тиеу кезінде шашылып қалған қоқыстарды жинау жұмыстарын ҚТҚ, ІКҚ шығаратын ұйымның қызметкерлері жүзеге асырады.
      115. Қоқыс қабылдағыш камера құлыпқа жабылуы қажет, бөгде адамдардың қоқыс қабылдағыш камераға кіруіне жол берілмейді.
      116. Пайдаланушы ұйымның иелігіндегі орналасқан тұрғын үй, қоқыс шығару құбырын пайдалануды жүзеге асырады.
      117. Пайдаланушы ұйымдарға мыналарды қамтамасыз ету ұсынылады:
      1) қоқыс шығару құбырының және қоқыс қабылдағыш камерасының дұрыс жұмыс істеуін;
      2) қоқыс шығару құбырының шусыз жұмыс істеуін, ол үшін баспалдақ алаңындағы қоқыс шығару құбырына салатын қақпақтарының саңылаусыз, тығыз жабылатын резеңке төсемдерімен жабдықталған болуын;
      3) қоқыс қабылдағыш камераның және бағаналарын профилактикалық дезинфекциялық шараларды (дезинфекция, дезинсекция және дератизация) ай сайын жүргізуін.
      118. Жөнсіз үйінділерге жауапты тұлғаларды анықтауға мүмкіндік болмаған жағдайда, қалдықтарды шығару және жөнсіз үйінділер сонымен қатар, іргелес аумақтардың орнын қалпына келтіру өкілетті органдар белгілеген мерзімде аумақ иесі немес жер пайдаланушының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
      119. Вокзалдар, базарлар, әуежайларда, демалыс бақтары мен аймақтарда, алаңдарда, білім беру, денсаулық сақтау мекемелерінде және басқа да халық көп шоғырланатын жерлерде, көшелерде, қоғамдық жолаушылар көлiк аялдамаларында, сауда нысандарының кіре берістерінде қоқыс үшiн урналар орнатылуы керек. Урналардың ара қашықтығы адамдар көп шоғырланатын жерлерде бір бірінен кемiнде 50 метр қашықтықта; аулаларда, бақтарда, алаңдарда және басқа да аумақтарда 10 метрден 100 метрге дейінгі аралықта орнатылады.
      Жолаушылар көлiк аялдамаларында және сауда нысандарының кіре берістерінде екi урнадан орнатылады.
      120. Урналарды қою, тазарту және жуу мердігер мекемелермен, аумақты пайдаланушылар немесе аумақты иеленетін немесе пайдаланатын, шаруашылық ететін субъектілермен жүргізіледі. Урналарды тазарту толу шамасына қарай жүргізіледі.
      121. Урналар ластану деңгейіне қарай жуылады, бiрақ аптасына бір реттен кем емес.

7-тарау. Ұсақ бөлшек сауда үшін уақытша құрылғыларды орнату және күтіп ұстау, сондай-ақ ортақ пайдаланымдағы демалыс аймағын күтіп ұстау

      122. Ұсақ бөлшек уақытша сауда нүктелерінің нысандарын (павильондар) орнату қолданыстағы нормаларға және заң актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.
      123. Ұсақ бөлшек сауда нысандарын сәулеттік және декоративті-түсті безендірілуі сәулет және қала құрылысы саласындағы қалалық, аудандық уәкілетті органмен келісіледі. Ұсақ бөлшек сауда нысандарын жөндеу және сырлауда сыртқы түрі мен түсінің сақталуын ескере отырып, олардың иелерінің қаражаты есебінен жүргізілуі тиіс, сәулет және қала құрылысы саласындағы қалалық, аудандық уәкілетті органмен келісіліп орындалады.
      124. Ұсақ бөлшек сауда нысандары мен кешендеріне көліктік қызмет көрсету, іргелес магистралдар мен жаяу жүргіншілер бағыттарындағы, көлік қозғалысы мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігіне кедергі келтірмеуі қажет. Тауар жеткізуді жүзеге асыратын автокөліктің тұрағы, сауда нүктелеріне тауар артуды тек осылар үшін арнайы орындарда жүзеге асырылады. Осы мақсаттарда тротуарларда, жаяу жүргіншілер жолдарында және көгалдарда тауарларды жинақтауға, жарнамалауға жол берілмейді.
      125. Сауда нүктелерінің иелері іргелес аумақтардың абаттандырылуының сақталуын қадағалауы керек. Абаттандыру нысандарына, жасыл екпелерге, көгалдарға зиян келтірген сауда нүктелерінің иелері, нысандары абаттандыруды өз қаражаты есебінен алғашқы қалпына келтіреді.
      126. Көкөніс, жеміс-жидек және бақша дақылдарын нысаннан тыс жерде сатуға жергілікті атқарушы органмен бекітілген орындарда рұқсат беріледі.
      127. Ұсақ бөлшек сауда нысандарында жуынатын орын, қоқыс және қалдықтарды жинайтын қақпағы бар ыдыс, сатушының жеке мүлігін сақтайтын орын орнатылады.
      128. Ұсақ бөлшек сауда нысанының сатушысы нысанды, іргелес аумақты тазалықта ұстайды, өнімдерді ластанудан сақтайды, таза арнайы киімдерін киеді (халат, қолғаптар, қалпақ).
      129. Нысан аумағы тазалықта ұсталады. Күн сайын жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін негізгі жинау, тәулік бойы - ағымдағы тазалау жүргізіледі. Қысқы кезеңде аумақ, кіре беріс жолдар және павильон алдындағы алаңшалар қар және мұздан тазартылып, тайғақ кезінде құм себіледі, жаз мезгілінде су себіледі.
      Сауда нысанына іргелес аумақта ыдыстар мен тауарлардың қорын текшелеуге жол берілмейді.
      130. Базар аумағында келушілер мен персонал үшін әжетханалар, 50 сауда орнына біреуден кем емес шүмектер саны есептелген қол жуатын, жеміс-жидектер мен көкөністерді жуатын қондырғылар мен құрал-жабдықтары орнатылады.
      131. Базарларда санитарлық желілер мен жуынатын орындар қалыпты, тазалықта ұсталып және күн сайын залалсыздандырылады.
      Санитарлық желілерге қызмет көрсететін персонал нысандағы басқа жұмыс түрлеріне жіберілмейді.
      132. Ортақ пайдаланымдағы демалу аймақтары - саябақтар, скверлер, бульварлар, жаға жайлар осы нысандар бекітілген өкілетті органдармен күтіледі.
      Ортақ пайдаланымдағы демалу аймақтарын жинау және ағымдағы күту жұмыстарын бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен отырған келісім шарт негізінде мамандандырылған ұйымдар жүргізеді.
      133. Саябақтарда және жаға жайларда орнатылған қоқыс жәшіктерінен басқа арнайы контейнерлер қоятын алаңшалар болуы тиіс.
      134. Саябақтардың және жаға жайлардың аумақтарында нормалар мен қағидалар талаптарына сәйкес қоғамдық әжетханалар болуы тиіс.
      135. Ортақ пайдаланымдағы демалыс аймақтары аумағында қолданыстағы нормативтік талаптарға сай қоғамдық тамақтану нысандары және ұсақ бөлшек сауда нүктелері орналасуына рұқсат етіледі. Бұл нысандардың иелері бөлінген және қосымша аумаққа санитарлық тазалау мен жинау үшін арнайы ұйымдармен келісім шартқа отыру керек немесе заң актілеріне сәйкес өздері жүргізеді.
      136. Ортақ пайдаланымдағы демалыс аймағы аумағында жол берілмейді:
      1) қоқыстарды, жапырақтарды өртеуге, от жағуға, транспорт құралдарын жууға және тазалауға;
      2) көгалдарға, гүлзарларға, тротуарларға нысандарды орналастыруға;
      3) мангалды қолдануға, ашық отта кәуап және басқа тағамдарды дайындауға;
      4) 2300 сағаттан кейін музыканы қатты қоюға.
      137. Жерге және ғимаратқа құқық растайтын құжатсыз орналасқан бутиктер, уақытша жеңіл құрылымнан орнатылған ұсақ бөлшекті сауда және басқа да павильондар, сәулет және қала құрылысы саласындағы қалалық, аудандық уәкілетті органдардың хабарламасымен 7 тәулік ішінде меншік иесімен демонтаждалуы (бұзылуы) тиіс.

4 бөлім. Абаттандырудың өзге элементтерін күтіп ұстау және тәртібі

1-тарау. Шағын сәулеттік пішіндерді (қоршауларды) күтіп ұстау

      138. Тұрғын үй құрылыс аумағы, қоғамдық аймақтар, скверлер, көшелер, саябақтар, алаңдар демалу үшін шағын сәулеттік пішіндермен жабдықталады.
      139. Қоршаулар мен дуалдарды салу және орнату белгіленген тәртіппен тек сәулет және қала құрылысы саласындағы қалалық, аудандық уәкілетті органдармен келісілгеннен кейін рұқсат етіледі.
      140. Шағын сәулет пішіндері стационарлық және мобильдік болуы мүмкін; олардың саны және орналасуы аумақтарды көріктендіру жобаларында белгіленеді.
      141. Қоғамдық ғимараттардағы, алаңдардағы, көшелердегі, скверлердегі және саябақтардағы, жағалаулардағы шағын сәулеттік пішіндер ерекше және типтік жобалар бойынша әзірленеді және олардың орнатылуы уәкілетті органмен келісіледі.
      142. Жаңа құрылыс салынып жатқан учаске шекарасында шағын сәулеттік пішіндерді әзірлеу және орнату бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес ұйымдармен жүзеге асырады.
      143. Шағын сәулеттік пішіндердің сәулеттік-жобалау және құрылымдық шешімдері олардың тұрақтылығын, пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс.
      144. Шағын сәулеттік нысандардың иелері, жеке және заңды тұлғалар, өз қаржылары есебінен оларды ауыстырады, жөндейді және бояйды.

2-тарау. Құрылыс алаңдары мен учаскелерді күтіп ұстау

      145. Бөлінген учаскеде құрылыс қызметі басталғанға дейін (жаңа құрылыс, қайта жаңарту, жөндеу, құрылыстарды бұзу) құрылыс салушы (нысанды жөндеу, қайта жаңарту кезінде меншік иесі), құрылысты ұйымдастыру жобасына, нысанның бас жоспарына сәйкес құрылыс алаңын, жұмыс учаскелерін жайғастыруды жүргізеді.
      Нысандарды кейіннен кәдеге жарату (бұзу) бойынша жұмыстарын өткізу кезінде, бұзу жөніндегі қажетті техникалық шешімдерге сәйкес құрылыс немесе ғимараттарды бұзу жобасына сәйкес жүргізеді.
      146. Құрылыс салушы, нысанның иесі құрылыс алаңын (бұзуға жататын учаскеде) абаттандыру үшін мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органына дайындық жұмыстарын жүргізуге хабарлама жібереді.
      Құрылыс алаңын (бұзуға жататын учаскеде) келесі міндетті талаптарды сақтай отырып, тиісті нормалар мен ережелердің талаптарына сәйкес орналастырылуы қажет:
      1) құрылыс алаңы барлық периметрі бойынша бөгде тұлғалардың кіруіне жол бермейтін және іргелес жатқан аумақтарға қоқысты шығаруды болдырмайтын қоршаумен қоршалынады;
      2) адамдардың көптеп өтетін жерлерінде қоршауға жаппай қорғау қалқанын орнатуды қамтамасыз етуі қажет;
      3) сәулет және қала құрылысы саласындағы қалалық, аудандық уәкілетті органмен келісілген қоршау темірбетоннан, темірден немесе басқа темір материалдардан жасалуы қажет;
      4) қоршаудың құрылымдары көлденең және тік бағыттарда қатты түрде бекітіліп, реттелуі, сырлануы және мұнтаздай ешбір ойықсыз, зақымдалған учаскесіз, бөтен хабарландыру мен жазуларсыз болуы керек;
      5) қоршаудың биіктігі жер бедерінен екі метрден кем болмауы, төменгі бөлімінде саңылаулары болмауы тиіс;
      6) шағын қосымша құрылыс салу кезінде, қолданыстағы құрылымдарға немесе жеке шыға беріске, биіктігі екі метр қоршау құрылғысын орналастыру рұқсат етіледі;
      7) қақпа немесе шлагбаумды орнатумен құрылыс алаңынан қосалқы көшелерге шығатын шығатын жолдардың саны минималды қарастырылады;
      8) шығатын жолдарда ақпараттық қалқандар орнатылады;
      9) жарық бүкіл қоршау периметрі бойынша болуы керек, адамдар көптеп өтетін жерде жарық бүкіл қоршау периметрі бойынша екі жақтан түсуі қажет;
      10) құрылыс алаңдарына ішкі алаң жолдары және кіреберіс жолдарын нысанның бас жоспарына сәйкес орналастыру және төсем салу керек, олардың асфальтталған өту жолдарына қосылуы қамтамасыз етілуі қажет;
      11) шығатын жолдарда көлік құралдарының дөңгелектерді жуу (тазалау) пункттері жабдықталады және автокөлік дөңгелектерін жуу жүзеге асырылады;
      12) құрылыс алаңдарындағы аумақты тазалық пен тәртіпте ұстау бойынша, жер үсті және жер асты сулардың бұрылуын ұйымдастыру, абаттандыруға және іргелес жатқан құрылыстарға теріс ықпал болдырмау шаралары қарастырылады;
      13) құрылыс және тұрмыстық қоқысты жинау үшін контейнерлер және жинаушы-бункерлер орнатуды, қоқысты уақтылы шығаруды ұйымдастыру қажет;
      14) құрылыс алаңына (бұзуға жататын учаскеде) іргелес жатқан аумақты сондай-ақ ұқыпты түрде күтіп ұстау және кезеңімен жинау қажет;
      15) құрылыс алаңы ішінен құрылыс материалдарын, қоқысты (синтетикалық қабыршықтар, төсекжапқыш, жаңқалар, үгінділер, буып-түйетін материалдар және басқалар) шығаруды болдырмайтын шараларды қарастыру қажет;
      16) жабық лотоктар мен жинаушы-бункерлерді қолдануынсыз нысандардың қабаттарынан қоқыстар мен қалдықтарды тастауға жол берілмейді;
      17) ғимараттардың, құрылыстардың қасбеттерінде жұмыс істеу кезінде, арнайы осындай мақсаттарға қарастырылған және өз сапасы бойынша сәндік, беріктік және өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келетін торлардан жасалған тор көзді қоршау қарастыру керек;
      18) торлардан жасалған қоршау осындай мақсаттар үшін жасалған ғимараттың қасбеттерінің бекіткіштеріне немесе орнатылған мінбесатылардың үстіне жабылады;
      19) торлар тұрақты тұру үшін созылады және барлық үстіңгі беті бойынша бекітіледі және торлардың қисайып және созылып кетуіне жол берілмейді;
      20) қажеттілік кезінде тротуарлардың, жаяу жүргіншілер галереяларының, төсемдердің, шарбақтардың, айналма және уақытша жолдардың орналастырылуы және олардың ұқыпты түрде ұсталуы қамтамасыз етіледі;
      21) бұзуға жататын учаскелерде алаңды дайындау шараларын іске асырған соң ғана құрылыстарды бұзуды бастауға болады;
      22) құрылысты бұзу жұмыстарын, ғимарат элементтерінің қирауын болдырмау мақсатында, жоғарғы құрылымдардан бастау қажет.
      147. Барлық материалдар және топырақ тек қоршалған аумақ шеңберінде ғана орналастырылады.
      Шығарылған топырақ (құнарлыдан басқасы), бұзылған қалдықтар мен қоқыс, тез арада қатты тұрмыстық қалдықтар полигонына шығарылуы тиіс, қоршалған аумақтан тыс материалдарды, қоқыстарды үюге, құрылыс техникаларды және механизмдерді орнатуға, көліктің тұрақтануына және тиелуіне жол берілмейді.
      148. Тұрмыстық және құрылыстық қоқыстарды, қар және мұзды уақытында тиісті полигондарға шығаруды ұйымдастыру үшін, құрылыс салушы немесе мердігер, құрылыс алаңын жайғастыруға рұқсаттама алған кезде мамандандырылған ұйымдармен келісім шарт түзеді.
      149. Тұрмыстық және құрылыстық қоқысты уақытылы шығару құрылыс салушымен қамтамасыз етіледі.
      150. Құрылыс салушы немесе мердігер құрылыс қалдықтарынан басқа қалдықтарды құрылыс алаңында немесе арнайы орында міндетті түрде бөлуін ұйымдастырады. Қоқыс тастайтын жерлерде және полигондарда құрылыс қоқыстарымен басқа қалдықтарды араластыруға жол берілмейді.
      151. Құрылыс (бұзу) аяқталғаннан кейін, құрылыс салушы құрылыс алаңына іргелес жатқан аумақтың бұзылған абаттандыруын, сондай-ақ уақытша жүруге, жолаушылардың өту жолына, уақытша ғимаратқа, материалдарды жинау үшін, инженерлік желілерді төсеу және тағы да басқа мұқтаждыққа пайдаланған аймақтарды қалпына келтіруі қажет.

3-тарау. Көшелерді, тұрғын үйлер орамдарын шағын аудандарды абаттандыру

      152. Шағын аудандардың және орамдардың тұрғын аймақтары қоқыс контейнерлерін қоятын, кір кептіретін, демалатын, балалардың ойнайтын, спортпен айналысатын, үй жануарларын серуендететін, автотұрақ, аялдату, жасыл екпе үшін алаңшалармен жабдықталады.
      153. Алаңшалардың саны, орналасуы және жабдықталуы құрылыс және санитарлық нормаларға сәйкес болуы тиіс және облыстық сәулет және қала құрылысы, мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарымен және қоқыс шығаратын мекемелермен келісілуі керек.
      154. Көшелер, тұрғын үй орамдарында, шағын аудандар аумақтарында, сондай-ақ аула маңы аумақтарында мына тәртіптер сақталуы тиіс:
      1) көтермелердің, тротуарлардың, жүргіншілер жолдарының, ішкі орамдағы кіреберістері мен жолдарының төсемдерін қалыпты жағдайда ұстау;
      2) аулаларға өздігінен түрлі шаруашылық немесе қосалқы құрылыстарды (гараждар) салуға жол бермеу;
      3) ауланың ішкі аумақтарына құрылыс материалдарын үюге жол бермеу;
      4) баланста тұрған (шаруашылық жүргізуші немесе жедел басқару) инженерлік желілерді қалыпты жағдайда ұстау, құдықтарды уақытында қарау және тазалау жүргізу;
      5) шағын сәулет пішіндерін, спорттық, ойын, балалар мен шаруашылық алаңшаларының жабдықтарын, қоршаулар мен шарбақтарды қалыпты жағдайда ұстау, олардың сыртқы түрінің ұқыптылығын сақтау;
      6) заңнамаға сәйкес, өкілетті органның және сәулет және қала құрылысы саласындағы қалалық, аудандық уәкілетті органның рұқсатынсыз әр түрлі жер үсті құрылғыларын (құбыр, құдық, есептеуіш құрылғылардың жәшіктері) орнатуға жол берілмейді.
      155. Тұрғын үй орамдары, шағын аудандар көше аумақтарында, сондай-ақ ауланың ішкі аумағында жол берілмейді:
      1) аумақты тазарту немесе апатты жағдайларды жою жұмыстарынан басқа, сағат 2300-тен сағат 700-ге дейін тыныштық пен тәртіпті бұзатын іс-әрекет жасауға;
      2) ауланың жасыл аймағына және ішкіорам аумақтарына, балалар алаңшасына, жүргіншілер жолдарына қызметтік және жеке меншік автокөлікпен кіруге, қоюға;
      3) арнайы бөлінбеген және белгімен (немесе) белгіленген орындардан тыс жерлерге көліктерді қоюға және аялдатуға;
      4) құрылыс материалдарын жинауға, автокөліктерді жөндеуге, жылжымалы және жылжымайтын нысандарды орналастыруға;
      5) құрылыс қоқыстарды, аулалық сыпырылымдарды, ағаштармен бұтақтардың шыбықтарын контейнерлерге ІКҚ және ҚТҚ үшін арналған контейнерлер алаңшаларында жинау;
      6) сәулет және қала құрылысы саласындағы қалалық, аудандық уәкілетті органдармен берілген сәулет-жоспарлау тапсырмасында қойылған талаптарды сақтамай нысандарды пайдалану, құрылыс және қайта құрылымдау.

4-тарау. Ғимараттар мен құрылғылардың қасбеттерді күтіп ұстау

      156. Меншігінде ғимараттар мен құрылыстар бар ұйымдардың басшылары ғимараттар мен құрылыстардың қасбеттерін күтіп ұстауға, аталған нысандарды және олардың жекелеген элементтерін (балкондар, лоджиялар, су ағатын құбырлар) қалпына келтіру, жөндеу және сырлау жұмыстарын уақытында жүргізуді, сондай-ақ қасбеттерде орнатылған ақпараттық, ескерткіш тақтайшалардың тазалығын және дұрыс жағдайда болуын қамтамасыз етеді. Дүкендер мен офистердің қала көшелері жағына шығатын витриналары жарықпен безендірілген болуы тиіс.
      157. Өз еркімен ғимараттардың қасбеттерін және олардың үйлесімдік элементтерін қайтадан жабдықтауға жол берілмейді.
      Нысандардың құрылымын және функционалдық мақсатын өзгертпей, жер учаскесінің қазіргі шекарасында жүзеге асырылатын қолданыстағы тұрғын ғимараттардағы үй-жайларды (тұрғын үйлердің балкондары мен лоджияларын) қайта жаңарту, қайта жобалау, қайта жабдықтау қолданыстағы заңнама негізінде жүзеге асырылады.
      158. Шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе жедел басқаруындағы ғимараттарды, құрылыстарды және құрылғыларды бар жеке меншік иелері мен заңды тұлғалар, қала құрылысы және жобалау құжаттарына, қала құрылысы нормативтері мен ережелері, экологиялық, санитарлық, өртке қарсы және басқа арнайы нормаларға сәйкес, ғимараттарды, құрылыстарды, құрылғыларды және басқа жылжымайтын нысандарды қалыпты жағдайда сақтау, соның ішінде олардың қарамағындағы ғимараттар мен құрылғылардың тозығы шамасына қарай қасбеттерін жөндеу мен жаңғырту жұмыстарын өз есебінен немесе тартылған қаражат есебінен жүргізеді.
      159. Егер де, бірнеше жеке немесе заңды тұлғалардың меншігінде, заңды тұлғалардың шаруашылық жүргізу немесе жедел басқаруында тұрғын емес немесе тұрғын ғиимараттарда бөлек тұрғын емес бөлмелер болса, осы тұлғалар аталған ғимараттардың жөндеу және жаңғыртуда, алынған аудандарға мөлшерлес үлестік қатысуды қабылдау керек. Ғимараттардың қасбеттеріне толық жөндеу және жаңғырту жұмыстарын жүргізу кезінде тұлғалар, үлестік қатысуды қабылдағандар, алынған аудандарға мөлшерлес көлемдерінде, осы мақсаттарға жұмсалатын қаражатты біріктіріп, жұмсай алады.
      160. Сәулеттік, тарихи немесе мәдени ескерткіштері болып табылатын ғимараттар мен құрылғылар қасбеттерін жөндеу, қайта қалпына келтіру және жаңғырту жұмыстары Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері негізінде жүзеге асырылады.
      161. Жол берілмейді:
      1) алдын ала сәулеттік бөліктерді қалпына келтірмей ғимараттар мен құрылғыларды сырлау жұмыстарын жүргізуге;
      2) табиғи немесе жасанды тастармен қапталған қасбеттерді сырлауға.

5-тарау. Сыртқы жарықтандыруды және субұрқақтарды күтіп ұстау

      162. Уәкілетті орган бекіткен кестеге сәйкес көшелердің, жолдардың, алаңдардың, жағалаулардың және басқа жарықтандырылатын нысандардың сыртқы жарығын қосу табиғи жарықтың көлемінің азаюы кезінде кешкі ымырт кезінде 20 люкске дейін, ал сөнуі - таңғы күңгіртте 10 люкске дейін беріледі.
      163. Алаңдарда, магистралдарда және көшелерде, аула аумақтарында шамдардың жанбау пайызы 3 пайыздан аспауы керек. Металл бағаналары, кронштейндер және басқа сыртқы жарық құрылғылары мен қыстырма желілерінің элементтері тазалықта ұсталып, тот басу ошағы болмай, сырлануы қажет. Жанып кеткен шамдарды ауыстыру тиісті қызметтермен жүзеге асырылады.
      164. Пайдаланудан шыққан газоразрядты шамдар, құрамында сынап бар, доқалы сынапты шам (ДСШ), қоспаларды шашатын сыныпты доғалы (ҚСД), докалды натрийлі шам (ДНАТ), люминесценттілер осы мақсаттарда арнайы орындарда сақталуы керек және жою үшін арнайы ұйымдарға жеткізілуі қажет. Аталған шамдар түрлерін полигон аумағына шығаруға жол берілмейді.
      165. Негізгі магистралдарда жарық және электрлі көліктердің байланыс желілерінің құлап қалған бағаналарын бағана иесімен кешіктірілмей шығару іске асырылады; басқа аумақтарда, сондай-ақ демонтаждалатын бағаналар - 12 сағаттың ішінде шығарылады.
      166. Коммуналдық меншіктегі су бұрқақтардың тиісті жағдайын және пайдаланымын өкілетті органдар қамтамасыз етеді.
      167. Су бұрқақтарды қосу мерзімін, олардың жұмыс істеу тәртібін, тостағандарын шаю және тазарту кестесін, технологиялық үзілістерін және жұмыс істеуінің аяқталуын өкілетті органдар белгілейді.
      168. Су бұрқақтар жұмыс істеп тұрған мезгілде күн сайын су беті қоқыстан тазартылады. Пайдаланушы ұйымдар субұрқақтардың тазалығын олар жұмысын тоқтатқан мерзімінде де қамтамасыз етуі керек.

6-тарау. Жол жабуларын, тратуарларды, көгалдарды және басқа да нысандарды, коммуналдық шаруашылық элементтерін бұзу кезінде жұмыстарды рәсімдеу және жүргізу тәртібі

      169. Ізінше рәсімдеуге төленетіндігі туралы келісім-шарт түзілген жағдайда, аумақтарда жол жабуларын, тратуарларды, көгалдар мен басқа нысандарда коммуналдық шаруашылық элементтерін бұзуға байланысты, жеке және заңды тұлғалар жер қазу жұмыстарын, немесе басқа жұмыстарды тек уәкілетті органның жазбаша рұқсаты болғанда жүргізе алады.
      170. Инженерлік жүйелерде апат болған кезде, жол жабуларын ашуды, көшелер, алаңдарды және басқа да ортақ пайдаланудағы орындарды қазуға келісім беретін, қалпына келтіру жұмыстарын кідіріссіз жүргізуді талап ететін ұйымдар өкілдерін сол орынға шақыру қажет. Жұмыстар жүргізуге сол орында рұқсат (ордер) алғаннан кейін ғана жұмыстар жүргізуге рұқсат етіледі. Апаттық жұмыстарды жүргізу орнында қандай да бір үйілген материал немесе қандай да бір мүлкі бар меншік түріне қарамастан, жеке және заңды тұлғалар осы учаскені босатуы ұсынылады.
      Ерекше жағдайда, тез арада апатты жоюды қажет ететін, өміршеңдікті қамтамасыз ететін маңызды нысандары үшін (ЖЭО, ауруханалар және тағы басқалар) келісім беретін ұйымдар өкілдерінің қатысуымен рұқсат беруді (ордер) рәсімдеусіз апатты жоюға кірісуге жол беріледі және ізінше 24 сағат ішінде жұмыстарды жүргізуге рұқсат беруді ресімдейді.
      171. Инженерлік желілердің, жолдардың, тратуарлардың құрылысын немесе қайта құру бойынша жұмыстарды жоспарлаған барлық жеке және заңды тұлғалар, жоспарланған жылдың алдында келетін 15 қарашасына дейін және қайталап жоспарланған жылдың 1 наурызына дейін қажетті сызбалар қосымшасымен жұмыстарды орындауға белгіленген мерзімдерін көрсетіп өкілетті органға тапсырыс беруі қажет. Жермен қазба жұмыстар жүргізуге өтініштер түскен жағдайда, ордерде көрсетілген мерзімде, салдарын жою шартымен рұқсат беру мүмкін. Тапсырыс бермеген ұйымдарға жер қазу жұмыстарын жүргізуге жол берілмейді. Жер жұмыстарын өзбетінше жүргізген жағдайда осы Қағиданы бұзған болып танылады.
      172. Жер асты инженерлік жүйелерін салу, қайта құру жұмыстары кезінде бұзылған жолдар, алаңдар және ортақ пайдаланымдағы орындар және тағы басқа жұмыстар осы жұмыстарды атқарған мекемелермен тиісті жағдайға келтіреді.
      Пайдалану кезеңінде орын алған ақаулар осы жұмыстарды атқарған мекемемен кепілдік беру мерзімі ішінде жойылады.
      173. Көшелерде жұмыстар жүргізу кезінде, көлік қозғалыстарын шектеуге немесе жабуға байланысты жағдайда, тапсырыс берушінің өтініші бойынша автокөлік қозғалысын жабуға атқарушы органмен тиісті рұқсат рәсімделеді, ал қоғамдық көлік қозғалыстарының бағытын өзгертуге қажет болған жағдайда - бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тұрғындарды хабардар етеді.
      174. Жергілікті шаруашылық элементтері, нысандары ордерде көрсетілген жұмыс мерзімінің соңына тиісті жағдайға келтірілуі керек. Мерзімі өтіп кеткен ордер бойынша жұмыстар жасау өз еркімен қазу болып саналады. Ордерді ұзарту осы Қағиданы бұзушы кінәлілер жауапқа тартылғаннан кейін жүзеге асырылады.
      175. Инженерлік жүйелер мен құрылғылардың зақымдануын ескерту және байқауға қажетті шаралар қабылдау үшін жұмыс жасаушы бір тәуліктен кешіктірмей, жұмысты бастағанға дейін сол орынға мүдделі ұйымдардың өкілдерін шақырады, солармен бірлесе отырып, қолда бар жүйелер мен құрылғылардың нақты орналасқан жерін анықтайды және олардың толық сақталуына шаралар қабылдайды.
      176. Жұмысты бастағанға дейін жұмыстарды жүргізушілер мыналарды орындауы қажет:
      1) құрылыс алаңдары барлық периметрі бойынша ескертетін белгілермен бекітілген үлгімен қатты қоршаулармен қоршалуы керек, шыққан көліктің көшені ластамауы үшін қолайлы абаттандырылуы керек;
      2) өтетін жолдар қосымша көшелерге шығып және шлагбауммен жабдықталуы керек. Қоршауларда өтетін жолдар аз мөлшерде болу керек;
      3) құрылыс немесе күрделі жөндеу кезіне күнделікті ластан тазалау үшін салынып жатқан нысанның осы және басқа жағына ұзындығы 600 метр негізгі магистраль жолдың учаскесі құрылыс ұйымдары үшін бекітіліп беріледі;
      4) жүргіншілер жүретін орындарда бір бірінен 200 метрден аспайтын қашықтықта жүргіншілер көпірі орнатылады және түнгі уақытта құрылыс немесе күрделі жөндеу учаскесі жарықпен қамтамасыз етіледі;
      5) нөсер су канализацияларының тоқтаусыз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге шаралар қолданады;
      6) механимздердің жұмыс аймағында жасыл екпелер бар болғанда, оларды қалқандармен қоршап, олардың сақталуына кепілдік беріледі;
      7) өткелдерді немесе жаяу қозғалыс жолдарды жабу қажет болғанда айналып өту (айналып жүру) жолдарын дайындап және анық тиісті белгілермен айналып өтуді белгілейді.
      177. Жұмыстарды жүргізу қолданыстағы нормалар мен қағидаларға, сондай-ақ ордерде көрсетілген шарттарға сай жүргізіледі.
      178. Жолдың жабуынан алынған асфальт пен топырақ, қайта салуға жарамсыз болғандықтан, жұмыс барысында арнайы бөлінген жерлерге шығарылады. Жиектер мен тротуарлар тастары бөлшектелінеді, үйіледі және қайта пайдалану және сақтау үшін актімен өткізіледі. Жасыл екпелерді, көшелерді су ағатын торларды, науаларды, тротуарларды және басқа қоғамдық пайдалану орындарын топырақ және құрылыс материалдарымен толтырып тастауға жол берілмейді. Аталған құрылыс элементтерін қорғау үшін люктер мен құдықтарға баруды қамтамасыз ететін ағаш қалқандар мен қораптар қолданылуы керек.
      179. Жергілікті бюджет есебінен бұзылған және зақымданған шаруашылық нысандарын қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізілген жағдайда барлық шығындар ордер алушы - ұйым немесе жеке тұлғалар есебінен өтеледі.
      180. Жұмыстың өндірістік уақыты құрылыстың жалғасуымен күнтізбелік кестеге сәйкес қолданыстағы нормалары негізінде белгіленеді. Жер асты коммуникацияларының құрылысы немесе жөндеуі кезінде жұмыс ұзақтығы екі айдан астам кезінде олардың барлық жұмыс кешенінің аяқталу шарасы бойынша ордер беріледі.
      181. Жолдар, тратуарлар мен алаңдар жол төсемдерінің бұзылуына байланысты жұмыстарды жүргізу күрделі жөндеуден немесе қайта құрудан кейін үш жыл ішінде ерекше жағдайларда облыстық маңызы бар қала, аудан әкімінің рұқсаты бойынша болмаса жол берілмейді. Басқа жағдайларда асфальтбетонды төсемдердің бұзылуына жол берілмейді.
      Инженерлік коммуникацияны жүргізу қажеттілігі кезінде асфальтбетон төсемдерін бұзбастан, төсемнің жоғарғы қабатынан 80 сантиметрден кем емес тереңдікте горизантальды методпен жүргізу рұқсат етіледі.
      182. Өкілетті органмен жұмыстарды қабылдап алғаннан кейін ғана қазылған жерлерді жабуды қалпына келтіруге рұқсат беріледі. Қалпына келтіру жұмыстарының сапасына жауаптылықты, жабулардың шөгуіне және сынының бұзылуына қазуды жүргізген ұйым немесе жеке тұлға жауапы болады.
      183. Жұмыс жүргізілу шарты бұзылған жағдайда, сапасыз қалпына келтіруілуі немесе қалпына келтіру жұмыстарының мерзімдері бұзылғанда, уәкілетті орган басталған жұмыстарды тоқтатуға, жіберілген бұзушылықтарды жоюды талап етуге, келтірілген зиян шығынын өндіртіп алуға, кінәлі адамдарды әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартуға шаралар қолдануға құқылы.
      184. Қалпына келтіру жұмыстарының орындалу сапасы тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы қалалық, аудандық уәкілетті органымен қабылданады.
      185. Жол жабуларын қопару және көшелер, алаңдар және басқа ортақ пайдаланымдағы орындарды қазу бойынша жұмыстарды орындайтын ұйымдар жұмыс жүргізетін орындарға ақпарат қалқандарын орнатуы керек.

7-тарау. Аялдама пункттеріне қойылатын талаптар

      186. Аялдама пункттерінің құрылысын, онда тұрғындарға қызмет көрсететін нысандар орналастырылмаған тек жеңіл құрамалар түрінде салынуына жол беріледі (таксофондар, сауда автоматтарынан басқа).
      Осы тармақтың күші бұрын аялдама пункттерінде орналастырылған тұрғындарға қызмет көрсететін нысандардың меншік иелеріне, аялдама пункттері үшін бөлінген жер учаскесіне жер пайдаланудың құқығының берілген мерзімі өткеннен кейін және жол саласындағы атқарушы органға қарасты уәкілетті мекемемен келісім шарт мерзімі өткеннен кейін қолданылады.
      187. Анықтамалық ақпарат (аялдама пунктінің атауы, өтетін бағыттардың нөмірлері, бағыттар бойынша қозғалыс интервалы) аялдамада пунктерінде орнатылған электрондық таблода орналастырылуы тиіс.

8-тарау. Таксофондар

      188. Таксофондарды дұрыс жағдайда ұстау және уақтылы бұзушылықтарды жою (сынған әйнектерін ауыстыру, бөгде жазуларды жою, әйнектерді тазалау, телефон қалқандарын бояу немесе жуу) қызмет көрсететін ұйыммен қамтамасыз етіледі.
      189. Таксофондарға 5 метр радиустағы іргелік аумақтардың қалыпты жағдайын тапсырыс беруші, ұйымдар, ведомстволар және сол сияқты шаруашылық субъектілерімен таксофондар орналасқан аумақтарда қамтамасыз етіледі.

9-тарау Қағиданы бұзғаны үшін жауапкершілік

      190. Осы Қағиданы бұзғаны үшін жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес жауапкершілікке тартылады. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес әкімшілік шаралар қолдану жауапкершілігі құқық бұзушыларды, олардың келтірген материалдық шығындарын өтеу міндетінен және құқық бұзушылықтарды ретке келтіруден босатпайды.

Туынды нормативтік құқықтық
актіге 1 қосымша

      «__________________________________________________
                 (облыстың қалалары, аудандары)

      тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі
      және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

№ ____ РҰҚСАТ

___________________________________________________________________
(жұмыстардың түрін көрсету (жасыл екпелерді сырып тастау, қайта отырғызу, бөрікбастарын кесу тағы басқа)
      Тапсырыс берушіге______________________________________________
                         заңды тұлғаның атауы, жеке тұлғаның А.Ж.Т.)
рұқсат беріледі______________________________________________________
                        (орындалатын жұмыстардың сипаттамасы)
мекенжай (нысан) бойынша: ___________________________________________
рұқсатқа негіздеме:__________________________________________________
жұмыстардың басталуы және аяқталуы 20__ ж. «___» _______-дан 20__ ж. «___» _______ дейін.
      Жұмыстар осы рұқсатта көрсетілген мерзімдерде басталуы және аяқталуы тиіс.
      Сонымен қатар, бірінші басшыға жасыл екпелерді қорғау, ұстау және сақтау жөніндегі толық кешенді іс-шараларды жүргізу жүктеледі.
      Мен, __________________________________________________________
                 (заңды тұлғаның өкілінің, жеке тұлғаның ТАӘ)
жоғарыдағы барлық талаптарды және жұмысты рұқсатта көрсетілген мерзімде орындауға міндеттенемін.

      ___________________________
             (қала, аудан)
      Тұрғын ұй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі
      және автомобиль жолдары бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы

      _____________ _____________________________
      (қолы) (тегі,     аты, әкесінің аты)

      Мөр орны

Туынды нормативтік құқықтық
актіге 2 қосымша

_________________________________ абаттандыру
(қала, аудан)
мәселелері жөніндегі комиссия отырысының
хаттамалық шешімінен үзінді

Қорытынды
_______________________________________________________________
(қала, аудан)

абаттандыру мәселелері бойынша Комиссиясының 20____ ж. «___» ____________ хаттамалық шешімінінің негізінде _____________________
_______________________________________________ өтінішіне сәйкес мына
(заңды тұлғаның өкілінің, жеке тұлғаның Т.А.Ә.)
мекенжай (нысан) бойынша ___________________________________________
_________________________________________________________ байланысты
      (себебі көрсетілсін)

1. Орынға шығып тексеру барысында анықтаған:

_______________ ағаштары, саны _________ және________________________
     (түрі)                                    (ағаштардың жағдайы)
_______________ ағаштары, саны _________ және________________________
     (түрі)                                    (ағаштардың жағдайы)
_______________ ағаштары, саны _________ және________________________
     (түрі)                                    (ағаштардың жағдайы)
      2. ____________________________________________________________
(жұмыстардың түрін көрсету (жасыл екпелерді және сол сияқтыларды жою, қайта отырғызу, мүсіндеп кесу, бөрікбастарын кесу)
осы көрсетілген аумақта мамандандырылған ұйым күшімен, тапсырыс берушінің қаржысына, өткізу мүмкін (мүмкін емес) деп санайды.
      3. ____________________________________________________________
               (жасыл екпелердегі жұмыстардың түрін көрсету)
рұқсат алу үшін өкілетті органға осы қорытындыны ұсынуды ұсынады.
      4. Орнын толықтыру үшін ______________ аумағында ___________
                               (елді мекен)               (саны) данадан кем емес _______________________ ағаштарды уәкілетті органмен
                          (түрі)
келісілген жерде отырғызуды ұсынады, және оларға 2 жыл бойы тиісті күтімді қамтамасыз етеді.
      Ағаштарды отырғызу схемалық көрсетілімін ұсыну қажет.
      Отырғызу жұмыстарын жүргізу кезінде коммуналдық қызметтерден келісім алу қажет.
      5. Тапсырыс берушіні жасыл екпелерде тиісті жұмыстарды Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына толық сәйкес жүргізуге және тек қана уәкілетті органнан жұмыстар жүргізуге рұқсат алғаннан кейін және рұқсатта көрсетілген түрлерге белгіленген мерзімдерде орындауға міндеттейді.
      Комиссия төрағасы ____________ _____________________________
                            (қолы)             (Т.А.Ә.)

Туынды нормативтiк құқықтық
актіге 3 қосымша

«_________________________________
(қала, аудан)
тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық,
жолаушылар көлігі және автомобиль
жолдары бөлімі» ММ
__________________________________
__________________________________
мекенжайы ________________________
телефоны _________________________

Өтініш

      ____________________________________________________ байланысты
       (жұмыстарды жүргізудің мақсаты мен себептерін көрсету)
__________________________________________ мекенжайы (нысан) бойынша
___________ дана ____________________ түріндегі ағаштарын (бұталарын)
_________________________________________ рұқсат беруіңізді сұраймын.
(жоспарланатын жұмыстардың түрін көрсету)

      Қосымша:
      Жеке және заңды тұлғалар үшін:
      жер теліміне құқық белгілейтін құжаттар;
      жасыл екпелер белгіленген топотүсірілімдер немесе жасыл екпелермен жер телімінің суреттері.

      Жобалау ұйымдары үшін:
      бекітілген жоба;
      коммуналдық қызметтермен келісулер.

      (Сенімхатпен өтініш білдірген кезде - өтінішке сенімхаттың және жеке куәліктің көшірмесін қоса беру)

      _________________ ______________________
           (күні)               (қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады