Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданындағы бірқатар елді мекендерді тарату туралы

Жаңа

Бірлескен Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 15 қазандағы № 329 қаулысы және Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 30 қыркүйектегі № 42/342-V шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 25 қарашада № 3440 болып тіркелді

      «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11 бабының 3) тармақшасына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданының әкімдігі мен мәслихатының бірлескен ұсынысы негізінде, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы Жартытөбе ауылдық округінің Таскөмірсай елді мекені, Шу ауылдық округінің Төретоған елді мекені және Таукент кентінің Айгене елді мекені таратылсын.
      2. Осы бірлескен қаулы мен шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                                Б.Атамқұлов

      Облыстық мәслихаттың
      сессиясының төрағасы                       М.Толтебаев

      Облыстық мәслихаттың хатшысы               Қ.Ержан

      Д.Сатыбалды
      Б.Жылқышиев
      Е.Айтаханов
      С.Қаныбеков
      Е.Садыр
      С.Тұяқбаев
      А.Абдуллаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады