"Шымкент қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 479 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 12 мамырда № 3174 болып тіркелді. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Шымкент қаласы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 16 мамырдағы № 808 қаулысымен

      Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Шымкент қаласы әкiмдiгiнiң 16.05.2016 № 808 қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы Жарлығына сәйкес, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Шымкент қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласының жер қатынастары бөлімінің басшысы Қ.П.Сайлауовқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Қала әкімі Д.Сатыбалды

  Шымкент қаласы әкімдігінің
2015 жылғы "16" сәуірдегі
№ 479 қаулысымен бекітілген

"Шымкент қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ереже

      1. "Шымкент қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі қала шекарасының шегінде жер қатынастарын реттеу саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Шымкент қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
      3. "Шымкент қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Шымкент қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық–құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады,мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Шымкент қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Шымкент қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Шымкент қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Шымкент қаласының жер қатынастары бөлімі" басшысының бұйрықтары мен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқада актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Шымкент қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Жангелдин көшесі № 13/5, индексі 160019.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы - "Шымкент қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже "Шымкент қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Шымкент қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. "Шымкент қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Шымкент қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Шымкент қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. "Шымкент қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
      15. Міндеттері:
      1) жердi ұтымды пайдалану мен қорғауды қамтамасыз ету мақсатында жер қатынастарын реттеу;
      2) шаруашылық жүргiзудiң барлық нысандарын тең құқықпен дамыту үшiн жағдайлар жасау;
      3) жеке және заңды тұлғалар мен мемлекеттiң жерге құқықтарын қорғау.
      16. Функциялары:
      1) иесi жоқ жер учаскелерiн анықтау және оларды есепке алу жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру;
      2) қаланың жергілікті атқарушы органының жер учаскелерін беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту жөніндегі ұсыныстар мен шешімдерінің жобаларын дайындау;
      3) жер қойнауын пайдаланудың мемлекеттік геологиялық зерттеуге және барлауға байланысты мақсаттары үшін жер учаскелерін беру жөніндегі қалалық атқарушы органның ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;
      4) мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару жөнінде ұсыныстар дайындау;
      5) жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау:
      6) мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту;
      7) жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;
      8) қаланың жерді аймақтарға бөлу жобаларын, жерді ұтымды пайдалану жөніндегі жобалары мен схемаларын әзірлеуді ұйымдастыру;
      9) елді мекендер аумағының жер-шаруашылық орналастыру жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру;
      10) жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) жүргізуді ұйымдастыру;
      11) жерді пайдалану мен қорғау мәселелерін қозғайтын қалалық жобалар мен схемаларға сараптама жүргізу;
      12) қаланың жер балансын жасау;
      13) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың, сондай-ақ, жер құқығы қатынастарының басқа да субьектілерінің есебін жүргізу;
      14) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің паспорттарын беру;
      15) жер учаскесін сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жерді уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасасу және жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
      16) Қазақстан Республикасының Жер кодекісінің 71 бабына сәйкес, қаланың жергілікті атқарушы органның іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру жөнінде ұсыныстар дайындау;
      17) ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру жөнінде ұсыныстар дайындау;
      18) жерді резервке қалдыру жөніндегі ұсыныстарды дайындау;
      19) жер-кадастрлық жоспарды бекіту.
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1) жиналыстарды өткiзу тәртiбiн ұйымдастырады, қала әкiмдiгiнiң отырыстарына қатысады;
      2) "Шымкент қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттiк мекеме қызметiнiң бұқаралық ақпарат құралдарына жария етiлуiн қамтамасыз етедi;
      3) "Шымкент қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттiк мекемесi Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Үкiметiнiң актiлерiне, осы Ережеге сәйкес өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. "Шымкент қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Шымкент қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      19. "Шымкент қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Шымкент қаласының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. "Шымкент қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
      21. "Шымкент қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттілігі:
      1) мемлекеттiк мекеменiң жұмыс жоспарларын бекiтедi;
      2) мемлекеттiк мекеменiң атынан әрекет етедi;
      3) сенiмхаттар бередi;
      4) заңнамамен белгiленген тәртiпте мемлекеттiк мекеменiң қызметкерлерiн көтермелейдi және оларға тәртiптiк жаза бередi;
      5) өз құзыретi шегiнде бұйрықтар шығарады, қызметтiк құжаттарға қол қояды;
      6) мемлекеттiк мекеменiң iшкi еңбек тәртiбiн бекiтедi;
      7) мемлекеттiк мекемеде Қазақстан Республикасының "Мемлекеттiк қызмет туралы" Заңының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
      8) азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады;
      9) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерде көзделген өкiлеттiктердi жүзеге асырады;
      10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуына дербес жауапты болады.
      "Шымкент қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      22. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      23. "Шымкент қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекеменің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      "Шымкент қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      24. "Шымкент қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемеге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Шымкент қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және қайта тарату

      26. "Шымкент қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады