"2015 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" Шымкент қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 103 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Мерзімі біткен

Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 29 сәуірдегі № 621 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 21 мамырда № 3187 болып тіркелді. 2016 жылдың 1 қаңтарына дейiн қолданыста болды

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2-тармағына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 20 бабына және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекiтiлген қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру ережесiнiң 8-тармғына сәйкес, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Шымкент қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 103 "2015 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3017 тіркелген, 2015 жылғы 20 ақпанда "Шымкент келбеті" газетінде жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "2015 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі және олардың қаржыландырудың көздері" қосымшада:

      реттік нөмірі 2 жолы мынадай редакцияда жазылсын:

      "

2

"Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

130

Көріктендіру, көгаландыру, санитарлық-тазалық жұмыстары 120000 шаршы метр, әр түрлі құжаттарды өңдеу бойынша техникалық жұмыстарды жүргізуде көмек көрсету 2500 құжат

Қалалық бюджет


      ";

      реттік нөмірі 3 жолы мынадай редакцияда жазылсын:

      "

3

"Шымкент қаласы Еңбекші ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

100

Көріктендіру, көгалдандыру, санитарлық-тазалық жұмыстары 20660 гектар, әртүрлi құжаттарды өңдеу бойынша техникалық жұмыстарды жүргiзуге көмек көрсету 1500 құжат

Қалалық бюджет


      ";

      реттік нөмірі 4 жолы мынадай редакцияда жазылсын:

      "

4

"Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі

10

Әртүрлi құжаттарды өңдеу бойынша техникалық жұмыстарды жүргiзуге көмек көрсету, курьерлік жұмыстар 12000 құжат

Қалалық бюджет


      ";

      реттік нөмірі 24 жолы мынадай редакцияда жазылсын:

      "

24

"ЖҚТБ-нен балаларды қорғау" қайырымдылық қоғамдық қоры

50

Әртүрлi құжаттарды өңдеу бойынша техникалық жұмыстарды жүргiзуге көмек көрсету 5000 құжат

Қалалық бюджет


      ";

      мынадай мазмұндағы, реттік нөмірлері 37, 38 жолдарымен толықтырылсын:

      "

37

"Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

120

Көріктендіру, көгалдандыру, санитарлық -тазалық жұмыстары 120000 гектар, әртүрлi құжаттарды өңдеу бойынша техникалық жұмыстарды жүргiзуге көмек көрсету 2500 құжат

Қалалық бюджет

38

Оңтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы

15

Әртүрлi құжаттарды өңдеу бойынша техникалық жұмыстарды жүргiзуге көмек көрсету 5000 құжат

Қалалық бюджет


      ".

      2. Осы қаулының орындалуын жүзеге асыру Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне /Ж.Ш.Байғонов/ жүктелсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Г.М.Құрманбековаға жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Д.Сатыбалды

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады